Музыкалық әуенді тап атты балабақша ертеңгілігі

0
2206
Дене шынықтыру

Музыкалық әуенді тап

Ширма артынан Ойынпаз көрінеді.

-Сәлем,сәлем,балалар!

Мен әдемі қуыршақ,

Атым менің Ойынпаз!

Балалар! Ал,сендер ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме?Мен де ойнағанды ұнатамын,сондықтан бүгін жалғыз келген жоқпын,өзімнің досым әнші қыз Айгөлекті ертіп келдім.Сондықтан бүгінгі ойынымыз музыкалы болмақ.Қане,оны ду қол шапалақпен қарсы алайық.

Балалар қол соғып,ортаға Айгөлек келеді.

Айгөлек:Сәлеметсіңдер ме,балалар!Сендерді көргеніме қуаныштымын.Бірақ менің басыма бір іс түсті.Мен өзімнің әндерімді жоғалтып алдым.Гүлдер алаңқайында жүгіріп жүргенде жоғалған болар.Себебі мен жүгіргенді ұнатамын. Әнсіз өмір сүре алмаймын,енді не істесем екен?

Ойынпаз: Қамықпа, мен саған көмектесемін.Ол үшін мен саған жұмбақ жасырамын, ал сен шешуін тап. Егер дұрыс тапсаң әуен ойнайды.

Айгөлек:Ал мен таба алмасам ше?

Ойынпаз:Онда балалардан көмек сұра,мүмкін көмектесер.

Айгөлек:Балалар,маған Ойынпаздың жұмбақтарын табуға көмектесесіңдер ме? (иә).Рахмет!Ал Ойынпаз,баста!

Ойынпаз: Ендеше,бірінші жұмбағымды тыңда.

Тырс-тырс тамады,

Жерге су боп ағады.

Айгөлек: Балалар,маған көмектесіңдер,бұл не? Жаңбыр!

Ойынпаз:Ал сендер жаңбыр туралы ән білесіңдер ме?

«Жаңбыр»

Айгөлек: Тамаша,рахмет,балалар!Сендер жаз туралы ән білесіңдер ме?Мен жазды сондай жақсы көрем.

Жүрг:Әрине,Айгөлек,қазір саған «Гүлдер» биін билеп береміз.Себебі жазда гүлдер жайқалып өседі емес пе?

Ойынпаз: Менің тағы жұмбағым бар.Тыңдаңдар:

Тағы да жұмбақ…

Таңмен көзін шашады,

Әлемге нұрын шашады.

Айгөлек:Тоқта,тоқта,Ойынпаз,мен де жұмбақ білемін.

Аспанда алып доп,

Жарқырайды жарық боп.

Жүрг: Біз күн туралы ән білеміз.

«Күн».

Ойынпаз: Әндеріңді тыңдап күннің тамаш екенін білдім.Ал сендер күн туралы тағы не білесіңдер?

Жүрг: Әрине,Ойынпаз!Біздің балалар күн туралы көп нәрсе біледі.Ал,енді, «Күн шуағымен»  ойнайық.

«Күннің шуағы»

Керегеге айнамен күн шуағын түсіріп мына өлең жолдары оқылады.

Күннің шуағы керегеде ойнайды,

Ұста,ұста тезірек!

Міне,кішкентай дөңгелек,

Әне кетті,міне кетті,

Қашып кетті төбеге.

Балалар күннің шуағын ұстауға тырысады.

Жүрг: Біз көп нәрсені білеміз.Қазір мен жұмбақ жасырамын,егер жауабын тапсаңдар балалар ән салады.

Алмастан тыным,

Шабады ….   (құлын)

Ойынпаз: Бұл не болуы мүмкін?

Айгөлек:Ал,мен,білемін.Ол туралы жұмбақ та білемін.Тыңда,Ойынпаз!

Ойынпаз: Балалар,жауабын табуға көмектесіңдерші.Әрине,құлыншақ екен ғой.

Жүрг:Ендеше,құлыншақ туралы ән тыңдайық.

«Құлыншақ»

Ойынпаз: Ал,қазір мен жұмбақ қоямын,жауабын таба алмайсыңдар.

Айгөлек: Ол не дегенің,Ойынпаз!Балалар сондай ақылды әрі зейінді.Олар кез-келген жұмбақтың шешуін табады.

Ойынпаз: Ендеше,тыңдаңдар…

Секең-секең етесің,

Секірмеген жоқ күнің.

Сүзісуді қойсаңшы

Тектен текке тіресіп.

Айгөлек: Көрдің бе,Ойынпаз,балалар бұл жұмбақтың да шешуін тапты.Ән тыңдайық.

«Шұбар лақ».

Айгөлек: Рахмет,балалар!Маған тамаша әндерді есіме салдыңдар.Бірақ мен бір қымбат адам туралы әнді есіме түсіре алмай тұрмын.

Ойынпаз: Тоқта,Айгөлек.Мен сенің кім туралы айтып тұрғаныңда түсіндім. Жұмбақты тыңдаңдар:

Маған да,саған да,

Ең жақын адам.

Дұрыс,ол біздің қымбатты анамыз.

Жүрг: Ендеше,балалар ән салады.

«Мама»

Жүрг: Ал,енді көңілді биді есіңе салайық.Қане,балалар,ортаға шығыңдар!

«Үйректер» биі.

Ойынпаз бен Айгөлек: Рахмет,келесі кездескенше сау болыңдар!

Жүрг:Ендеше,біз де өзіміздің көңілді пойызымызға отырып тобымызға қайтайық.

«Паравоз» ойыны.

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ