Нақыл сөздер жиынтығы

0
23550

Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!
Н.Ә.Назарбаев
Әрбір шаңырақ ұрпақты болсын, ырысты болсын, ырысы жұртқа жұғысты болсын!
Н.Ә.Назарбаев
Әйел өзін сенімді сезінген жерде отбасы да берік, балаларының болашағы да жарқын.
Н.Ә.Назарбаев
Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды.
Н.Ә.Назарбаев
Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік.
Абай
Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек өзіңіздің ата-аналық қуанышыңыз үшін ғана тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келеді.
А.С.Макаренко
Жақсы семьяда жазалау деген атымен болмайды. Ал бұл – семья тәрбиесінің ең дұрыс жолы.
А.С.Макаренко

Ана үшін аянба – ант ұрады,
Бала үшін аянба – бетің күйеді.
Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,
Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.
Б. Момышұлы

Инабатты болса — әйел көрікті,
Ақ сақал жарасса – шал көрікті,
Сүйікті болса – ағайын көрікті,
Үлкен шаңырақтың жанында отау көрікті,
Жібек шатырдың жібі көрікті,
Өнегелі болса – бала көрікті.
Қорқыт баба

Әйел-Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы.
М. Жұмабаев

Ата-ананы ұмытқан жас — опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы.
Ғ.Мұстафин.

Ата-бабасын сыйламау – азғындықтың белгісі.
А.С.Пушкин

Баланың жақсысы — әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы; жаманы – қайғысы, азап-соры.
В.А.Сухомлинский

Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата-анасын сыйламаған бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды.
Ы.Алтынсарин
Ұлым, саған  айтам…
Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе. Жүріп келе жатқан адам отырған адамға, атты адам жаяуға, аз адам көпке сәлем беруге тиіс.
Үлкендер мен ғалым адамдар алдында көп сөйлемеуге тырыс.
Үйге кісі келсе орныңнан тұрып жайдары қарсы ал, киімін іл, төрге шығар. Үлкендерден бұрын тамаққа қолыңды салма.
С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына»

Адамның қалыптасуы бала кезден басталады. Жақсылық та адам бойына нақ сол бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе, өніп шығады. Жақсылық ұрығының өніп шыққаны немесе оны жамандықтың арамшөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады.
С.В.Михалков

…Ана жүрегін сезе біл, оның жанарындағы шапағат пен тыныштықты, бақыт пен қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты, абыржу мен ренішті көре біл. Егер сен бала кезіңнен анаңның көзінен оның жан дүниесін көре білуді үйренбесең, адамгершілік жағынан өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың.
В.А.Сухомлинский

Баққан ұлдан сәл талса назарың –
Түбі соның тарттым дей бер азабын.

Тәрбиесіз бала білім ұғар ма? –
Олай болса уысыңнан шығарма.

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.

Соңыра күн қалмау үшін табаға,
Жөнге салып, ие болған балаға.

Ұл ұдайы ізетті боп тұрса егер –
Әке-шеше жүзі жайнап нұр себер.

Жас кезінде білім берсең қалай да –
Өсе келе қолы жетер талайға.

Ақылсыз адам өкінішпен қартаяр,
Есті адам қайғырмай-ақ қартаяр.

Мың жасауға да болады,
Он сегіз жасауға да болады.

Қатал ұста, бос жүрмесін сандалып,
Тәртіп болса, өсер бала сомдалып.

Ұл, қыздан да жаман мінез шығады,
Қырсық қылық тек әкеден жұғады.
Жүсіп Баласағұн

Үлкен алдында жас қарызы,
Ата алдында бала қарызы — әдеп пен сый.
Мұхтар Әуезов

Ата-ананың қадірін, балалы болғанда білерсің,
Ағайынның қадірін, жалалы болғанда білерсің.
Шал ақын


ПІКІР ҚАЛДЫРУ