Нәтижеге бағытталған басқосу өтті

0
1520

Жуырда № 249 мектеп-лицейде «Таланттар Академиясы » дарындарды қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Қабілеті жоғары балаларды  қолдап, жетілдірудегі мектеп-лицей әкімшілігінің ролі»  тақырыбында жаңа форматта  семинар өткізілді.\r\n\r\nСеминарға қатысушылар «Адам мүмкіндігі шексіз» атты педагогикалық галереямен танысты және олардың назарына «Таланттар Академиясы» туралы электрондық презентация ұсынылды. Қатысушыларға «Таланттар Академиясы» президенті К.Б.Мергенбай семинар мақсаты, міндеттерін және тақырыптың «Мың қосшыдан бір басшы», «Ханда 40 адамның ақылы болады », « Басшының міндеті  ұжымын табысқа жетелеу» деген халық даналығын ескере отырып таңдалғанын әдемі салмақтап жеткізді.\r\n\r\nСеминар барысында педагог-ұйымдастырушы К.Б.Мергенбай «Қабілетті балаларды қолдаудың бүгіні мен болашағы», мектеп-лицей директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары «Олимпиадашылар» мектебінің жетекшісі А.Сансызбай « Дарынды балаларды анықтап дамытудағы басшының ролі»,  мектеп-лицей директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары,«Зерде» ғылыми қоғамынын жетекшісі  Ж.Жиеналиева  «Дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын жақсарту жолдары»,  қосымша білім беру маманы, «Өнер және спорт» орталығының жетекшісі М.Тикеева «Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізудегі ізденістер» атты баяндамалар жасады.  Мектеп-лицей психологтары Ж.Маханова, Ш.Байзақова жүргізген «Кім кінәлі» психологиялық-педагогикалық тренингі өте сәтті шықты. Семинар бағдарламасына сәйкес  пікірлесу алаңына қатысушылар «Дарынды балаға білім, тәрбие беру жүйесі, оларды қолдау, таланттылар әлемі т.б туралы  ашық-жарқын пікірлесті. Мектеп басшыларымен Күләш Бердікенқызы интеллектуалдық ойын откізді. Басқосу барысында кофе-брейг ұйымдастырылып,ыстық бауырсақпен кофе ішіп өз үйімізде отырғандай сезініп,  әңгіме-дүкен құрдық.\r\n\r\nҚорытынды сөзді мектеп-лицей директоры,  Қазақстан  Республикасының білім беру ісінің үздігі, математиктердің тұңгыш съезінің делегаты К.Б.Нақан сөйледі. Ол өз сөзінде  «Қабілет бәрімізге бірдей берілмеген . Олай болса қабілеті жоғары балаларды  қолдап, жетілдіру біздің міндетіміз. Бүгінге дейін мектебіміздегі қабілеті жоғары балалар білім, ғылым, өнер,спорт саласында Сыр өңірін республикамызға , алыс-жақын шетелдерге таныстырды. Алдымызда осындай балалармен арнайы жұмыстар ұйымдастыру,олардың қатарын көбейту міндеті тұр. Елбасының сөзімен айтсақ «Талантты тұлға – қоғам байлығы» қоғам байлығын молайту біздің Отан алдындағы борышымыз» деді.\r\n\r\n (Қатысушылар семинар-кеңес соңында ескерткішке суретке түсті). \r\n\r\n Семинардың ерекшелігі Таланттар Академиясы мүшелері педагогтерге арналған көгілдір түсті атластан тігілген  мантия ,  бастарына арнайы бас киім киіп отырды.Қатысушылардың сырт бейнесі көпшілікке жағымды әсер етті. Шара барысында көрме де болды, тренинг те өткізілді, қажетті құжаттармен де таныстық, пікірлестік те, әріптестеріміздің  тындырып жатқан игі істерін білдік,  өзара тәжірибемізбен бөлістік.   Интеллектуалдық деңгейімізді байқадық, үш тілде сойлеп  көрдік, жаңа термин және ұғымдармен  таныстық. Білім саласындағы    озық технологиялар жәйлі  ой қозғап, өз кәдемізге жарату жолдарын қарастырдық.\r\n\r\n \r\n\r\nҚызылорда облысы,\r\n\r\nҚазалы ауданы\r\n\r\n№249 мектеп — лицейінің жаңалықтары 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ