Елдос Тоқтарбай: Отандық телебағдарламаларға көңіліңіз тола ма? «Көк жәшіктен» не көріп жүрсіз?

0
2642

Отандық  телебағдарламаларға  көңіліңіз тола ма?\r\n\r\n«Көк жәшіктен» не көріп  жүрсіз?\r\n\r\nҚұрметті  әлеумет, Сізде  теледидар көресіз ғой… Мен  де көк жәшікке  телміретін  жандардың  бірімін. Қозғайын  деп  отырған мәселем отандық  телеарналардың  сиқы болмақ. Теледидар – тәрбие құралы. Осы  жағынан  келгенде, жасөспірімдер  мен жастардың  тәрбиесіне  көлеңке түсіп жатқандай  көрінеді. Неге десеңіз, ұлттық  тележурналистиканың  өнімдері  сын көтермейді. Мысалы,  «КТК»  арнасындағы «Бешбармак шоу», «Тойбестар»   секілді  бағдарламалар  қазір көптің  көңілінен  шығып жатпағанын білеміз. «7» арнаның  «Жеңіп көр», «Супер әжелер»  деген  бағдарламалары  тіпті  керексіз дүниелер. Жүргізушісінен  бастап  келуші қонақтарының  сөздері  шұбарланған, тілдік  мәдениет төмен. Орыс  тілді қазақ әйелдері сан ғасырдан  бері  «қазақ  әйелі» деген атқа  кір келтірмей  келген  аналардың  имиджін  түсіріп, қорлап жатыр. Бұны – ұлттық  тележурналистиканың  даму  перспективасындағы  кемшіліктер деп қарауымыз қажет.\r\n\r\nӘрине, біз ұлттық  тележурналистиканың  барлық  бағдарламаларына  күл шашып, тегіс жоққа  шығармаймыз. Мысалға,  ұлттық  арнадағы  «Жарқын бейне», «Келбет», «Телқоңыр», «Сыр сұхбат», «Айтуға оңай», «Сіз не дейсіз?», «Алаң», «Өзекжарды»,  «КТК» -дағы  «Жүрек жарды», «КТК  да Қабатов»,  «Хабар»-дағы  «Сол бір кез есімде…», «Біз», «Көзкөрген», «7» -дегі  «Нысана»  секілді  бағдарламалары  –  ұлттық тележурналистиканың  даму  тенденциясындағы  ірі жобалар. Біз, осындай танымдық, қоғамдық-саяси бағыттағы  бағдарламалардың  санының  артқанын  қалаймыз. Осы  аталған  бағдарламаларды  отбасымыздың  әрбір  мүшесі жас талғамай, асыға  күтеді десек  арттық  айтқанымыз емес. Міне, халықтың (көременнің) қалауы осы!\r\n\r\nСонау  2000  жылдары  біздің  буынды  «Ақжүніс», «Ауылдың  алтыауызы», «Қолтаңба»,  «Діңгек», «Ұят болмасын…» , «Азамат»  секілді  қазақы  иісі бар телебағдарламалар  арқылы  тәрбиеленіп, қазақы танымызды қалыптастырған   едік …\r\n\r\nБіздің  де  тілек  сол – өкшемізді  басып келе жатқан  жас буынның   санасы  ұлттық  рухпен  қалыптасса  деген  үміттің  бары. Әйтпесе, іні –қарындастарымызды  күн шығыс  елінің  кинолары  мен  батыстық  телеарналардан   айна-қатесіз  көшіріп алған, ұлттық  менталитетке  сай емес, сапасыз  дүниелер тәрбиелеп  жатқан  секілді көрінеді…\r\n\r\nНе десек те, көк жәшіктен  берілетін  тележобалардың  жақсаруын  күтейік…                                                                   Елдос  ТОҚТАРБАЙ


ПІКІР ҚАЛДЫРУ