Наурыз – жыл басы! (ұйымдастырылған оқу қызметі)

0
2886
Дене шынықтыру

Тақырыбы: Наурыз – жыл басы!

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі.

Барысы: Кіріспе.

Тәрбиеші: Жер әлемді жайнатып,

Әнші құстарды сайратып,

Наурыз тойын тойлатып,

Ұлыстың Ұлы күні келді, ағайын!

Той құтты болсын!

Ақ мол болсын!

Құрметті ата-аналар, балалар бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз жыл басы!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Тәрбиеші: Ұлыс күні кәрі-жас,

Құшақтасып көріскен,

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өріскен.

Ұлыс күні қар еріп,

Сай-салалар гүрілдеп,

Көк шөбі шығып желкілдеп

Дүние біткен күлімдеп.

Ұлыс күні кәрі жас
Құшақтасып көріскен

Ортаға екі бала шығады.
1-бала: Ассалаумағалейкум
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын!
2-бала: Уағалейкумссалам
Ұлыс оң болсын
Пәле – жала жерге енсін!
Екі бала төс қағыстырып аман – саулық сұрасады.
Тәрбиеші: Уа, халайық, халайық

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық! (бір ата-ана шашу шашады)

Тәрбиеші: Наурыз бен құттықтап,

Алыс жақын қауышты

Көктемдегі жарқын сәт,

Көңілдерге ауысты,- дей келе балаларымыздың тақпақтарын тыңдайық.

Жантөре: Наурыз тойы салтымыз,

Аман болсын халқымыз.

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын

Наурыз құтты болсын!

Аяла: Наурызым — тойлы нұрлы күн,

Мерейің асып тұр бүгін.

Жерімнің жүзін жылыттың,

Елімнің сақта бірлігін!

Ерасыл: Наурыз тойы – береке,

Наурыз тойы – жыр – аңыз.

Қызық думан — мереке,

Қызық думан құрамыз.

Аяжан: Сәнді көктем нұрымен,

Наурыз тойы жырымен.

Көңіл гүлдей жайнасын,

Наурыз тойы тойлансын.

Алима: Күн менен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді,

Қуанышты ел енді.

Наурыз келді салтымыз.

Дана: Көгерсін деп халқымыз

Көшеге тал егеміз.

Жарқырап күніміз,

Жайқалып жас гүліміз.

Алуа: Жыл басы-Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды.

Мұхамедали: Жылдың басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналған

Бүгінгі жыр-әніміз.

Темирлан: Күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге жырлашы.

Дастарханға елімнің,

Береке – ырыс сыйлашы.

Абылай: Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме.

Байлық, бақыт тілеймін,

Бүкіл қазақ еліне.

Тәрбиеші: Күлімде. Наурыз, күлімде!

Күн менен түн теңеледі бұл күнде.

Күн мен Түнді шақырайық ортаға

Қуанышың сыйласың бүкіл елге!

Көрініс «Күн мен түн»

Күн – Дильназ: Сәулесі көп күнмін

Түн – Бексұлтан: Жұлдызы көп түнмін

Екеуі: Бірдей болып біздер,

Теңелеміз бүгін.

Түн – Бексұлтан: Ал ертең күн ұзақ.

Күн – Дильназ: Түн қысқарар бірақ.

Екеуі: Ұйқы қанбай қалып

Жүрменедр тек жылап,

Күн мен Түн теңеледі

Жер шуаққа кеңеледі

Соны тойлар ел енді.

Әңгімелесу:

— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

— Көктем айларын атап шығайық. (Наурыз, сәуір, мамыр)

— Көктемде қандай өзгерістерді байқауға болады?

— Ауа -райы қандай болады?

— Көктемде қандай мейрамдар тойланады?

— Иә, балалар, көктемде табиғат ерекше күйге енеді. Көктем- жыл мезгілінің әдемі бір кезеңі. Наурыз айында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жыралардан су аға бастайды. Көктем -өте көңілді мезгіл. Күн біртіндеп ұзарады, күн жылиды. Қар, жыраларға су толады. Жылы жақта қыстайтын құстар ұшып келеді. Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жер бетіне қылтиып, бой көтеріп гүлдер өседі. Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері деп аталады. Бұл бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ. Көктемде ұлы мейрамымыз- Наурыз тойланады. Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы депт саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау»- жаңа, «рыз»- күн деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жаяды. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады.

Наурыз- бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.

Тәрбиеші: Тақпақ айтып, жыл басы.

Құлағынды сал, тыңдашы.

Бар бөбекке өзіңдей

Бейбіт өмір сыйлашы.

Аяулым: Наурыз тойы – тамаша,

Наурыз тойы – жаңаша.

Табиғатта тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

Заманбек: Наурыз тойым, Наурыз тойым.

Құтты болсың халайық!

Қане, достар, қане, достар,

Шырқап әнге салайық.

Бекзат: Бата беріп атамыз,

Бата беріп әжеміз.

Тәтті болып жасаған,

Көжеден дәм татамыз.

Мөлдір: Бәйшешек гүл ашады,

Мұздар сайға қашады.

Суға толып өзен-көл,

Кемерінен асады.

Әсия: Қыс өтіп, қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп.

Шаруаның кеңелген

Мейрамы ежелден –

Құтты болсын, Наурыз!

Нурали: Наурыз көктем, наурыз жыр,

Ана мейірім, шуақ нұр.

Жан иесін жаңартқан,

Аққан бұлақ, нәзік сыр.

Үміт: Наурыз келді – жыл келді,

Тірілтуге гүлдерді.

Сәнденеді аналар,

Сәбилермен бірге енді.

Расул: Көз тігіп Күнге барлығы,

Бүршігін жарса әр гүлі.

Халыққа бақыт тілеген.

Бұл Наурыздың жарлығы.

Тәрбиеші: Жарқыраған жас нұрлы,

Жаса наурыз дәстүрлі!

Осындай байлық елімде,

Айтылады жыр әні.

Балалардың орындауында «Көктем келді» әні.

Көктем келді, көктем келді сағына

Бүршік атты алма ағаштар бағымда.
Біздің үйге ұя салды, алақай,

Былтыр кеткен қарлығаштар тағы да.

Қайырмасы:

Дала гүлге оранады,

Түрлі түске боянады.

Нурлы көктем келген кезде,

Табиғат та оянады.

Көктем келді, көктем келді далама,

Қуанып жүр ата-ана да бала да.

Қар-мұз еріп, жылғалардан су ағып,

Үйрек- қаздар жайылып жүр жағада.

Тәрбиеші:

— Ал енді балалар!  Мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын.Жұмбақтың шешуін табыңдар.

Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды.

                                   (дастархан)

 

—  Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың   ұлттық тағамдары қойылады?

Қазақтың ұлттық тағамдары,

Жасымнан жақын маған бәрі.

Теңермес ем оларға мен,

Ешбір асты ғаламдағы.

Ата-аналардың орындауында «Қазақы дастарханым»  атты әнін ұсынамыз.

Тәрбиеші:         Арпа, бидай, тары бар,

Қатық, малта, ағы бар,

Ішілетін, жейтінін,

Бұл көжеде бәрі бар.

            — Армысыз, Ару Ана! Ақ мол болсын! Әже,  мына Наурыз көжені неше түрлі тағам қосып әзірлейсіз? Соны балаларға айтып берсеңіз.

Тәрбиеші:         Бауырласқа тәнтіміз,

Бұзылмаған салтымыз.

Кең даламның ежелгі,

Қазақ деген халқымыз

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз.

       — Құрметті ата-аналар, «тәрбие – отбасынан басталады» демекші  тұрмыстық салт-дәстүрлерге байланысты сіздерге бірнеше сұрақтар ұсынамыз. (қоржындағы нөмерленген асықтарды ұсыну)

1. «Ерулік» беру дегенді қалай түсінесіз?

Ерулік-басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерден бұрыннан тұратындар ерулік береді, қонаққа шақырады?

2. «Құдайы қонақ» дегеніміз не?

Құдайы қонақ дегеніміз -бейтаныс, шалғай ел, алыс жерден жолаушылап жүрген тосын қонақ. Олар нағыз сауабы тиетін қонақ.

3.Мәйек дегеніміз не?

Мәйек дегеніміз- жас қозының ұлтабары. Оны ірімшікті ұйыту үшін пайдаланады.

4. Қымыз мұрындық дегеніміз не?

Қымызмұрындық дегеніміз – бұл жаз тойы, мамыр айынан басталып, маусым айына дейін созылатын үлкен той. Осы күні биелер желіге байланып ағайын жекжат бірігіп қымызға шақырады.

5. Тоқымқағар дегеніміз не?

Тоқымқағар дегеніміз-жас жігіт алғашқы сапарға шыққанда оның ата-анасы тоқымқығар жасап, мал сойылып,үлкен-кіші шақырып қонақ етеді.

6. Ең көп сақталған ұлттық тығам?

Ең көп сақталатын ұлттық тағам-құрт.

7. Бастаңғы дегеніміз не?

Бастаңғы дегеніміз- үлкендер жоқ кезде үйде қалған жастар жиналып достарыңа тамақ береді.

8. Соғым сойғанда алсытағы үлкендерге беріп жіберетін ұлттық кәде?

Соғым сойғанда алсытағы үлкендерге беріп жіберетін ұлттық кәде – ол сыбаға.

9. Арнайы қонақ дегеніміз не?

Арнайы қонақ дегеніміз- алыстан әдейі іздеп келген тума –туыстар, жолдастар. Бұлар нағыз сыйлы, сағына күткен қонақтар.

10. Беташар дегеніміз не?

Беташар дегеніміз – жаңа түскен келіннің бетін ашу.

Рахмет сіздергі.Ата-аналарды қошеметтеп қояйық.

Тәрбиеші: Ертеде қазақ халқы Наурызға арықтарын тазартып, алдын ала дайындалған. Үлкенді-кішілі той ғұрыптарын Наурызда атап өтуге тырысқан.

 

— Қаз басып жүрген баланың тұсау кесу ырымына көңіл аударайық. Бала  он  екі  ай шамасында қаз тұрып, бір-екі  аттап  үстел  жағалап  жүреді. Осы кезде  балаға  арналған  қазақ  халқында  «Тұсау кесер» тойы өткізіледі. Осы тұсау кесер тойынын кішкене көріністі тамашалаңыздар.

Жолың болсын деселік,

Жолыңа нұр төселік.

Жарылқасын алдыңнан,

Тұсауынды кеселік.

Тәрбиеші:

Ал, балалар, балалар

Енді маған қараңдар

Наурызды тойлайық,

Қызық ойын ойнайық.

Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», «Арқан тарту» т.б ойындар. Ал, балалар, ендеше  «Арқан тарту» ойынын ойнап күшімізді сынап көрелік!

Рахмет! Отырамыз!

Тәрбиеші:

Ұлыс күні қазан толса,

Сол жолы ақ мол болар.

Ұлы кісіден бата алса

Сонда олжалы жол болар.

Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», — деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Олай болса, атамыздан бата сұрйық.

Қызыр ата бата береді:

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Бәле-жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерін көк болсын!

Қайғы-уайым жоқ болсын!

Қуаныштарын көп болсын!

Әумин!  (бетін сипап бата береді)

Тәрбиеші: Ардақты жиналған қауым

Жаны жай жүзі жылы жақсылар

Жаңа жыл жаңашылдыққа жақсылыққа жетелесін

Жаратқанымыз жарылқап

жер жаһанды жақсылық жауласын

Жүрегімізде жылулық жоғалмай

жаманшылдық, жоқшылық жоламасын

Жанұямызға жылулықтың жаңбыры жауғай

Жаңа — жыл жемісін жегізсін

Жұлдызымыз жарқырап ,

жақсылықты жағалап жүрейік.

Жанымыздағы жүзі жылы жандардан

жабығып жабырқамайық, жалғыздық жоғалсын

Жақсылыққа жеткізер жүрісімізден жаңылмайық

ардақты ағайын

Мерекелеріңіз тағыда құтты болсын!!!

Тәрбиеші: Келер Наурызғада уайым қайғысыз, тоқшылықпен жетейік — деген игі тілекпен мерекелік бағдарламаны аяқтаймыз.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ