Шетелдегі ғылыми тағылымдама

0
2172

2019 жылдың 24 науырыздан 4 сәуір аралығында Түркия Республикасы Стамбул қаласындағы Стамбул Университетінде ғылыми іс-тәжірибеден өтіп, Стамбул университетінің Тарих факультеті, Тарих бөлімінің меңгерушісі, профессор Абдоллах Қызылшиктің дәріс-семинарларына қатысып, диссертация жұмысымызға байланысты таныстыру жұмыстары жүргізілді.

Ғылыми тағылымнама барысында Стамбул Университетінің Орталық кітапханасына барып, ондағы ғылыми кітап қорымен танысып, өзімнің диссертация жұмысыма байланысты библиографиялық тізім жасадым. Стамбулдың Атиф Эфенди кітапханасына барып, электронды каталогпен жұмыс жасадым.

Тағылымнама барысында магистрлік диссертациямызға байланысты университеттің материалдық-техникалық базасы таныстырылды. Магистрлік диссертация тақырыбым бойынша профессор Ахмет Ташалының енбегі «Бумын қаған», «Көк түріктер» маңызды деректер алдым. Сонымен қатар, кафедраның ұйымдастыруымен, арнайы ғылыми семинарға қатысып, оқытушы-профессорлардың баяндамаларын тындадым. Стамбул қаласындағы ірі тарихи орындарға арнайы мұражай карточкаларын сатып алып, Айя-София мешітіне, Сұлтан-Ахмет мешітіне, Топқапы сарайына, Долмабахче сарайына, Стамбул қаласындағы Археология мұражайы мен Мозайкалар мұражайына экскурсия жасадық.

Стамбул университеті тарапынан ғылыми тағыпымнамадан өткенімізді растайтын сертификат табыс етілді. Ғылыми тағылымнама нәтижесінде жаңа материалдармен танысып, диссертацияға қатысты мәліметтер қоры толықтырылды.

 

Нұржан АУЫЛБАЙ

Ғылыми жетекшісі: Т.ғ.к., профессор Т. Омарбеков

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  1-курс магистранты

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ