«Не? қайда? қашан?» атты викториналық ойын

0
4307
«Мен осындай баламын» тәрбие сағаты

Білім беру саласы: Қатынас. Таным. Әлеумет. Шығармашылық.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту. ҚМҰҚ. Қоршаған орта. Драма.

Викториналық ойынның мақсаты:

Балалардың жыл бойы алған білімдерін бекіту, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту.Білім алуға  деген қызығушылықтарын арттыру.

Жүргізуші:
Құрметті  қонақтар, бүгінгі біздің «Не? қайда? қашан?» атты викториналық ойынымызға хош келдіңіздер!

Ойынымыз екі топтан құралады: «Көрермендер»тобы және «Білгірлер» тобы.
Білгірлер тобында бүгін «Айналайын» тобының бүлдіршіндері, ендеше  қошеметпен ортаға  «Айналайын» тобын ортаға шақырайық.
Әуен ойналып балалар ортаға шығады.

Ал сұрақ жолдап отырған  «Көрермендер» тобымен таныстырып өтейік:

Енді  ойынның шартымен таныс болыңыздар:

«Көрермендер»  білгірлер тобына сұрақ қояды, ал  «Білгірлер» тобы қойылған сұраққа жауап  1 минут  ішінде жауап беру» керек.

Дұрыс берілген жауапқа ұпай беріледі, ал егер берілген сұраққа жауап дұрыс  болмаса, ұпай көрермендерге беріледі.
Ойын ережесі түсінікті болса, ойынымызды бастайық!

Әуен ойналып, зырылдауық басылады.
Қойылатын сұрақтар:

1. «Әріптер әлемі»
Сұрақ қоюшы Битаева Мадина Бақытбековна.
Балалардың назарын интерактивті тақтаға аудару.
«Сәлеметсіздер ме , құрметті «Айналайын» тобының   бүлдіршіндері!
Биыл сендердің мектепке баратындарыңды естіп,  қуанып жатырмын!
Білесіңдер, мектепке баратын балалар ақылды,білімді болуы керек.
Сондықтан  «Әріптер әлемінен» сендерге  мынандай сұрақ:
Дыбыс дегеніміз не және қазақ алфавитінде қанша әріп бар?
 (Маман жоспары бойынша  жүргізіледі.)
Жауап: Балалар сендер өте дұрыс жауап бердіңдер!

2. «Қызықты математика»
Сұрақ қоюшы Капашева Гауhар Отынчиевна.
Балалардың назарын интерактивті тақтаға аудару.
Құрметті «Айналайын» тобының бүлдіршіндері!
Сендерге «Математика» әлемінен  мынандай сұрақ:
1.Тік төртбұрышта  неше бұрыш?
2.Тәулік атауларын ата?
3.1-20 дейін тура және кері сана
Стол үсті тапсырмаларын орындау(Есептер шығару)
Жауап:Балалар сендер барлық тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар!

Әуендік үзіліс (Тіл ұстарту жаттығулары)

3. «Ғажайып әлем»
Сұрақ қоюшы  Майкубенов Рустам Амангельдиевич.
Балалардың назарын интерактивті тақтаға аудару.
«Сәлеметсіздер ме , «Айналайын» тобының бүлдіршіндері      !
Бүгінгі қызықты «Не Қайда Қашан» викториналық ойында   сендердің табиғат жайында білімдеріңді тексергім келеді!
-Табиғат дегеніміз не?
Жауап:Балалар, сендер қоршаған әлем жайында көп біледі екенсіңдер.
Жауап дұрыс.

4. Сыйқырлы сөздер»
Сұрақ қоюшы Садуақасова Нығмет
«Сәлеметсіңдер ме, «Айналайын» тобының бүлдіршіндері!
Мен сендерге қызықты ребус жіберіп отырмын, шешімін дұрыс тапсаңдар ұпай сендердікі!
Жауап: Ребустың жауабы дұрыс.

5. «Бізде ертегіде қонақта»
Сұрақ қоюшы  Байгелді Гүлнара Сериковна.
«Сәлеметсіздер ме, «Айналайын» тобының бүлдіршіндері!
Менің сендерге екі сұрағым бар:
1.Сендер қандай ертегілер білесіңдер?
2.Екінші сұрағым жұмбақ, егер шешімін тапсаңдар, сендерге сыйым бар!
Сайрайды бір талмайды,
Әнші  құс бал таңдайлы           (Бұлбұл)
Жауап:
Жауаптарың дұрыс.
Мен сендерге құстар әлемінен бір тамаша ертегімді жіберіп отырмын!
Кәне барлықтарың,  қызықтап тамашалаңыздар!
Ертегі қойылымы: «Ерке бұлбұл»

Жүргізуші: Міне балалар, бүгінгі «Не Қайда Қашан» викториналық ойынымыз да өз мәресіне жетті.
Қалай ойлайсыздар, бүгінгі ойында кім жеңімпаз?
Әрине «Айналайын» тобы, қошеметтеп қойыңыздар!
Ендеше  жеңімпаз бүлдіршіндерімізді  «Ең  білімді» медальдармен марапаттауға рұқсат етіңіздер!
Әуен ойналып әр  ойыншы бала  медальмен марапатталады.

Қазақстан Республикасы Президенті  Іс Басқармасы
Медицина орталығы «Қарлығаш» балабақшасы» РМК

Б.К.Жасимбекова


ПІКІР ҚАЛДЫРУ