Некені бұзу. Некені тоқтату және оның негізі

0
7174

 \r\n\r\nНЕКЕНІ БҰЗУ.\r\n\r\nНекені тоқтату және оның негізі.\r\n\r\n \r\n\r\n   Ерлі – зайыптылардың жәке және мүліктік құқытық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда айқындалған білгілі бір оқиғаардың тууына байланысты немесе ерлі – зайыптылардың біреуінің не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады.\r\n\r\n   Некені тоқтататын оқиғалар қатарына мыналар жатады:\r\n

    \r\n

  • ерінің қайтыс болуы;
  • \r\n

  • соттың ерлі – зайыптылардың біреуін өлді деп жариялауы;
  • \r\n

  • некенің бұзылуы (ажырасу).
  • \r\n

\r\n   Некенің тоқтату негіздерінің тізімі толық боып табылады.\r\n\r\n   Ері қайтыс болған немесе ерлі – зайыптылардың біреуі өлді деп жарияланған жағдайда неке өздігінен тоқтатылады. Егер артында қалған адам жаңадан некеге тұрғысы келсе, бұрынғы неке бойынша ерінің өлгені бойынша АХАТ органдары берген куәлікті көрсетсе де жеткілікті.\r\n\r\n   Соттың азаматты (ерлі – зайыптылардың бірін) өлді деп жариялау жөніндегі шешімі долбараға ғана негізделеді. Ол адамның өлгені туралы нақты ақиқат дәлелдер жоқ.\r\n\r\n   Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 31 – бабына сәйкес, егер азамат тұрақты тұратын жерде үш жыл бойына ол туралы ешқандай мәіметтер болмаса, егер ол өім қаупі төнген жағдайда немесе оның өлімі алты ай ішінде жазатайым оқиғадан болды деп есептеуге негіз болатын жағдайларда хабар – ошарсыз кетсе, ол азамат мүдделі адамдардың арызы бойынша сот арқылы өлді деп жариялануы мүмкін.\r\n\r\n   Сот азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы шешім шығарған сәттен бастап, онымен неке тоқтатылды деп есептеледі. Кейде қайтыс болды деп жарияланған адамдардың шындығында тірі болып шығатын жағдайлары да кездеседі. Өлді деп жарияланған жұбайы тірі келген жағдайда сот әлгі шешімді бұзады, бірақ тоқтатылған неке өздігінен қалпына келтірілмейді. Ол ерлі – зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша АХАТ органдары арқылы қалпына келтірілуі мүмкін. Егер қалпына келтіру туралы өтініш берілмесе, ерлі – зайыптылардың екеуінің де тірі екендігіне қарамастан, неке тоқтатылған деп есептеледі. Басқа жұбай жаңа некеге тұрған жағдайда, бұрынғы неке қалпына келтіріе алмайды. Жаңа некенің тағдыры түрліше шешілуі мүмкін: ол не сақталады, немесе бұзылады, бұл кейін бұрынғы жұбайымен некесін тіркеуге мүмкіндік береді.\r\n\r\n \r\n\r\nНекені бұзу, ажырасу. АХАТ органдарында некені бұзу.\r\n\r\n \r\n\r\n   Ерлі – зайыптылардың көзі тірі кезінде неке, олар ажырасса ғана тоқтатылады.\r\n\r\n   Ажырасу арқылы некенің тоқтатылуы, АХАТ органдары немесе сотта заңда белгіленген тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін.\r\n\r\n   Некені бұзу АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың біріккен және жекелеген ерекше жағдайларда – жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіледі. Ал сотта некені бұзу ерлі – зайыптылардың екеуінің бірлескен, сондай – ақ жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіле береді.\r\n\r\n   Некені бұзу үшін мынадай үш шарттың болуы қажет:\r\n

    \r\n

  • АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара келісімі;
  • \r\n

  • кәмелетке толмаған балаларының болмауы;
  • \r\n

  • бір – біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.
  • \r\n

\r\n   Некені бұзу АХАТ органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуді қажет етеді. Тіркеу некені бұзу жөніндегі өтініш берілген күннен бастап бір ай өткенде жүзеге асырылады. Бір ай мерзім ерлі – зайыптыларға қабылдаған шешім туралы тағы да әбден ойланып – тоғану үшін беріледі. Некені тіркеу үшін берілетін мерзімнен айырмашылығы, некені бұзған кезде оның мерзімі ұзартылып не қысқартымайды.\r\n\r\n      Ерлі – зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені АХАТ органдарында бұзумен қатар, заң жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша некенің бұзудың қарабайыр оңайлатылған тәртібін де белгілейді.\r\n\r\n   АХАТ органдарының некенің бұзылуын тіркеу кезінде ажырасудың себептерін анықтауға, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін мерзім беруге қақысы жоқ.\r\n\r\n \r\n\r\nНекені сот тәртібімен бұзу.\r\n\r\n \r\n\r\n   Ол мынадай жағдайларда іске асырылады:\r\n

    \r\n

  • ерлі – зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуы;
  • \r\n

  • ерлі – зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімінің болмауы;
  • \r\n

  • егер ерлі – зайыптылардың біреуі өтініш беруден бас тартып некені бұзудан жалтарса, некені бұзу үшін мемлекеттік тіркеуге келуден бас тартса, т.б.;
  • \r\n

  • ерлі – зайыптылардың бір – біріне мүіктік талаптарының болуы.
  • \r\n

\r\n   Некелік одақтың тұрақты болуына мемлекет мүдделік танытады. Сондықтан да соттарға заң арқылы ерлі – зайыптыларды татуластыру жөнінде шаралар қолдану міндеттері жүктелген. Бірақ, сонымен қатар татуластыру мақсат қана емес, отбасын сақтаудың амалы ғана. Сондықтан да бұл міндетті орындау мүмкін болмаса және балаларды не жұбайларды қорғау мүдделеріне қайшы келетін болса, онда сот некені бұзады.\r\n\r\n   Егер сот неке біржолата бұзылмаған деген қорытындыға келген жағдайда, ол істі кейінге қарауға қалдырып, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін 3 айлық мерзім тағайындай алады. Бірақ сот нақты мерзімді әрбір істің жағдайына қарай бегілейді.\r\n\r\n   Егер ерлі – зайыптыларды татуластыру шаралары нәтиже бермей және жұбайлардың біреуі некенің бұзылуын қасарыса талап ететін болса, некені бұзу іске асырылады.\r\n\r\n   Егер айырылысатын ерлі – зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары болып және жұбайлар ол балалардың кіммен қалатындығы жөнінде келіспеген жағдайда, бұл мәселені сот шешеді. Сот балалардың ата – анасының біреуімен қалатындығы жөнінде не баланың ата – анасының әрқайсысымен қалатындығы жөнінде (егер екі бала не одан көп болса) шешім шығара алады. Соның өзінде сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін ғана еске алу керек. Сондай – ақ балалардың мүдделерін және болашақ ананың денсаулығын қорғау мақсатында заңның 15 – бабында мындай қағида көзделген: «Әйелдің жүкті кезінде және нәрестенің бір жасқа толмаған кезінде әйелдің келісімінсіз некені бұзуға болмайды».\r\n\r\n   Айырылысатын жұбайлар ортақ мүліктерді бөлісу жөніндегі мәселені кейбір жағдайларда өздері дербес шешеді. Бірақ ерлі – зайыптылар келісімге келмеген жағдайда мүліктерді бөлуді сот іске асырады және әдетте, оларды тең бөледі. Егерде некелік шартта мүліктерді бөлісу мәселесі қарастырылған болса, онда сот мүлікті екі жақтың не бір жағының талабы бойынша осы келісімшартқа сәйкес бөледі.\r\n\r\n   Сот тәртібімен некені бұзу ерлі – зайыптылардың некені бұзу туралы өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін іске асырылады.\r\n\r\n \r\n\r\nНекені тоқтатудың құқықтық салдары.\r\n\r\n \r\n\r\n   Жоғарыда айтылғандай, некені бұзу нәтижесінде ерлі зайыптылардың некеде тұрған кездегі жеке және мүліктік қатынастары тоқтатылады. Мысалы, бірге тұруы, ортақ бірлескен меншік, өзара қамқорлық және асырау. Соның өзінде кейбір құқықтық қатынастар бірден тоқтатылады да, енді біреулерінің сақталуы мүмкін. Некеге тұрған кезінде бірлесіп жиған мүліктері бөлінген жағдайда, әдетте, некенің тоқтатылуымен байланысты ерлі – зайыптылардың ортақ бірлескен меншік тәртібі де тоқтайды, бірақ мүлік бөлінбеген жағдайдағы ажырасу өзінен — өзі жұбайлардың ортақ бірлескен меншігін үлестік меншікке айналдыра алмайды. Некенің бұзылуымен бірге жұбайы қайтыс болғаннан кейін мұрагерлік құқығы, бұрынғы жұбайы – ажырасушысының өліміне байланысты келтірілген зиянның орнын толтыру және т.б. құқығы да жойылады.\r\n\r\n   Некенің тоқтатылуы жаңадан некеге тұру құқығын туғызады.\r\n\r\n   Ажырасу жолымен некенің бұзылуы ата – аналарының балаларына қатысты құқықтары мен міндеттерін тоқтата алмайды.\r\n\r\n \r\n\r\n   Қорытынды.\r\n\r\n   Сонымен, отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы.\r\n\r\n   Отбасының заңдық белгілеріне мыналар жатады:\r\n

    \r\n

  • адамдардың неке немесе туыстық негізде бірігуі;
  • \r\n

  • өзара имандылық және материалдық қолдау;
  • \r\n

  • бала туу және оларды тәрбиелеу;
  • \r\n

  • өзара жекебасындық және мүліктік құқықтар.
  • \r\n

\r\n   Бір негізден немесе ортақ атадан тарайтын адамдардың қандастық – кіндіктестік байланысы, туыстық деп түсініледі. Туыстықтың екі тармағы бар: тікелей және жанама.\r\n\r\n   Ерлі – зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын, отбасын құру мақсатымен заңда белгіленген тәртіп бойынша тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасаған ері мен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты неке деп түсінуіміз керек. Қазақстанда тек мемлекеттік АХАТ органдарында жасалған адамдардың одағы ғана неке деп танылады. Болашақ ерлі – зайыптылардың өзара келісімі және олардың неке жасы 18 – ге толуы неке қиюдың басты шарты болып табылады.\r\n\r\n   Ерлі – зайыптылар арасындағы қатынастар құқықтары мен мінднттерінің теңдік қағидаларына негізделеді.\r\n\r\n   Азаматтық некеден туған балалар, тіркелген некеден туған балалар сияқты заңмен қорғалады. Алайда мұндай қатынастар әдетте тараптар үшін заңдық салдар туындатпайды.\r\n\r\n   Мемлекет аналар мен балалары қолдайды, отбасын қорғауға алады.\r\n\r\n   Ерлі – зайыптылардың жеке және мүліктік құқытық қатынастарының тоқтатылуы некенің тоқтатылуы деп түсініледі. Неке заңда айқындалған оқиғалардың туындауы салдарынан не ерлі – зайыптылардың бірінің немесе екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады.\r\n\r\n   Ажырасу жолымен некенің тоқтатылуы заңда белгіленген тәртіп бойынша АХАТ органдарында немесе сотта іске асырылады.  \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ