Неліктен ежелгі адамдар Ласко үңгірінің қабырғаларына сурет салған?

0
6290
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы
Неліктен ежелгі адамдар Ласко үңгірінің қабырғаларына сурет салған?
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары (оқу жоспарына сілтеме)

5.2.2.1– ежелгі адамдардың тұрмыс салтын сипаттау үшін «алғашқы қауымдық өнер» ұғымын пайдалану;

5.2.1.2 – тотемизм, анимизм, фетишизм, магия сияқты ежелгі діни наным-сенімдерді білу

Сабақтың мақсаты Оқушылар:

  • алғашқы қауымдық өнер туындыларын қолдану арқылы ежелгі адамдардың өмірін сипаттау
  • ежелгі адамдардың діни түсініктері туралы білу, оларды ажырата алу
Бағалау критерийлері
  • алғашқы қауымдық өнер туындыларын қолдану арқылы ежелгі адамдардың өмірі мен тұрмыс салтын сипаттайды
  • ежелгі адамдардың діни түсініктері туралы біледі, оларды ажырата алады.
Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Тарихи дереккөздерде берілген теориялар мен гипотезалар туралы дискуссияға қатыса алады. Сабақ барысында оқушылардың төмендегі көрсетілген тілдік құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік беріледі:

  • Тыңдалым – оқушылардың бір-бірінің жауаптарын тыңдау барысында.
  • Оқылым – тәжірибелік тапсырмалар жасау барысында тарихи деректермен және мәтінмен жұмыс.
  • Жазылым – тәжірибелік тапсырмалар орындау барысында жазбаша жұмыстар жасау.
  • Айтылым — топтарда және жұптарда талдау және мұғалімнің сұрақтарына жауап беру барысында.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Өнер туындылары /жетістіктері …….

Діни түсініктер ……….

Ең маңызды өзгерістер/жетістіктер…..

Бұл оқиға/өзгеріс маңызды болды /

айтарлықтай, өйткені….

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • Спелеология,фетишизм,анимизм,тотемизм, магия
Құндылықтарды дарыту Еркіндік, теңдік, ұлттық ой-сана, патриотизм.
Пәнаралық байланыстар География, Қазақстан тарихы, экономика, өнер.
Алдыңғы меңгерілген білім Алғашқы адамдардың пайда болуы, эволюция теориясы мен түрлердің қалыптасуы, континенттердің қалыптасуы мен климаттық өзгерістер туралы біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңдері Сабақта орындалатын іс-әрекеттер Оқыту ресурстары
Сабақтың басы

5- минут

(БЫМ) Сыныптағы жарықты өшіріп, оқушыларды тыныштықта, көздерін жұмып, қараңғы жерге саяхат жасайтынын көз алдарына елестетуді хабарлаймын. Қараңғы жерге жеткен соң, жасанды жарыққа бейімделу қажеттілігін түсіндіре отырып, қараңғы жер, яғни, сынып қабырғаларына ілінген Ласко үңгірінің суреттерін көрсетемін. Оқушыларға жетелеуші сұрақтар қоямын:
  • Не көріп отырсыздар?
  • Не бейнеленген?
  • Нені сезіндіңіз?

Оқушылардың болжам жауаптарын тыңдап, сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстырамын.

Ласко үңгірінің суреттері

1-слайд

Сабақтың ортасы

8 минут

 

6- минут

 

6 — минут

10 минут

БІЛУ ЖӘНЕ ТҮСІНУ ДАҒДЫСЫ САБАҚТЫҢ ОСЫ КЕЗЕҢІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

(М) Сыныпқа алғашқы қауымдық өнер туындылары бейнеленген Франциядағы Ласко үңгірі туралы мәтін беріледі. Берілген мәтінге сүйене отырып, алғашқы қауымдық өнер түрлерін анықтаңыз.

Бағалау критерийлері:

Ласко үңгірінің қабырғаларына салынған суреттерді қолдана отырып, алғашқы қауымдық өнер түрлерін анықтайды.

Дескриптор:

Ласко үңгірінің қабырғаларында салынған суреттер арқылы алғашқы адамдардың өнерін/кәсібін/ шаруашылығын атайды.

(С) Ласко үңгірі туралы бейнебаян көрсетіледі.

Берілген мәтінге сүйене отырып, мынадай сұрақтарға жауап негіздеуді тапсырамын.

— Алғашқы қауымдық өнер дегенді қалай түсінесіңдер?

— Оның болғандығын растайтын қандай дәлелдер келтіре аласыңдар?

— Ежелгі адамдардың өмірін сипаттаңыздар?

Бағалау критерийлері:

  • Оқушылар алғашқы өнер үлгілерін қолдана отырып, алғашқы адамдардың өмірін суреттейді.

Дескрипторлары:

  1. Алғашқы қауымдық өнерді сипаттайды.
  2. Ласко үңгіріндегі суреттер туралы түсінік береді.

3. Ежелгі адамдардың өмірі туралы айтып,мысалдар келтіреді..

ТАЛДАУ ДАҒДЫСЫ САБАҚТЫҢ ОСЫ КЕЗЕҢІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ.

(Ж) Суреттердің шығу себептеріне байланысты тарихшылардың берген нұсқаларын қарап шығыңыздар. Оқушылардың пікірінше сенімді болып табылатын себептерге (суреттердің салынуына қатысты) сұрақтар негізінде сыныптық талқылау ұйымдастырамын. Бұл іс-әрекет оқушыға өз ойын негіздеуге ықпал етеді.

ҚОЛДАНУ

(Т) Сыныпты 4 топқа бөліп, ежелгі діни түсініктердің аттары мен олардың анықтамалары жазылған мәтінді ұсынамын. Берілген уақыт ішінде әр топ ежелгі діни түсініктердің ұғымын тақтада тұрған суреттермен сәйкестендіруі керек. Ежелгі адамдардың діни түсініктерінің қалыптасу себептерін әр топта талқылаңыз.

Бағалау критерийлері:

  • Оқушылар ежелгі діни нанымдарды біледі және айыра алады.

Дескрипторлар:

  1. Ежелгі діни түсініктерді анықтамаларымен сәйкестендіреді
  2. Топ болып сипаттайды.
  3. Қалыптасу себептерін талқылайды.

Ресурс,үлестірме материалдар

2-слайдтар

Ласко үңгірі туралы бейнебаян

3- слайд

Матюшин Г.Н. Өркениет құпиялары Ежелгі дүние тарихы,М.2002 жыл

4-слайд

Үлестірме материалдар,суреттер,діни түсінікті бейнелейтін заттар жиынтығы

5,6-слайдтар

Сабақтың соңы

5-минут

Үйге тапсырма:

1. Алғашқы қоғам тақырыбын оқу

2.Термин сөздердің мағынасын жазу

3. «Пещера во Франций» (В поисках клада в Европе) бейнебаянын көру

Рефлексия

«Пайыздық көрсеткішке тұру» арқылы оқушылардан кері байланыс алу.

7-слайд

Сынып бөлмесі

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?
Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

 

Қабілетті оқушылар:

-топты ұйымдастыру жұмыстарын орындай алады

-белсенділік көрсетеді

-салыстырып, саралай алады

-зерттеу сұрақтарына жауап береді

Қабілеті орташа оқушылар:

-сабақ мақсатына қарай тапсырманы орындайды

-мұғалімнің берген бағытына сүйенеді

Қабілеті төмен оқушылар:

-тақырып бойынша жеке сұрақтарға жауап береді

-мұғалімнің қолдауын алады

1.Басбармақ әдісі арқылы

2.Мадақтау,қошеметтеу сөздері арқылы

3.Оқушылардың өзін-өзі және бірін-бірі бағалауы арқылы

4.Смайликтер арқылы бағалау

География, Қазақстан тарихы, экономика, өнер.

АКТ-мен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін сақтау

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Оқушылар тақырыптың құрылымын түсінді. Оқушының сабаққа деген ынтасы арттды. Топтық жұмыс кезінде, топпен жұмыс істеу арқылы толық білім алды.
Қорытынды бағалау

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1: Сабақтың белгіленген мақсатқа жетуі

2: Мақсатқа жету жолындағы белсенді әдіс-тәсілдердің тиімділігі

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1: Топта бірлескен оқуды дамыту

2: Маңызды дағдыларды дамыту

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

 

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ