\r\n\r\n \r\n\r\nНотариаттық палатаның жарғысы\r\n\r\n \r\n\r\nНотариаттық палатаның жарғысында мыналар көзделуге тиiс: \r\n\r\n1) атауы, қызметiнiң мақсаттары мен негiзгi түрлерi; \r\n\r\n2) палатаның құқықтары мен мiндеттерi; \r\n\r\n3) мүше болу мүшелiктi тоқтата тұру және одан айрылу шарттары мен тәртiбi; \r\n\r\n3-1) мүшелердiң құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi; \r\n\r\n4) басшы органдарды құру тәртiбi, олардың атқаратын қызметтерi мен өкiлеттiк мерзiмi; \r\n\r\n5) мүлiктiң қалыптасу көздерi мен мүлiк пен табысты пайдалану тәртiбi; \r\n\r\n6) жарғыға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi; \r\n\r\n7) палатаны қайта құру мен тарату тәртiбi, таратылған жағдайдағы мүлiктiң тағдыры. \r\n\r\nНотариаттық палатаның жарғысында заңдарға қайшы келмейтiн өзге де ережелер болуы мүмкiн.\r\n\r\nЖеке нотариаттық архив\r\n\r\nЖеке нотариаттық архив аумақтық нотариаттық палатаның филиалы болып табылады. \r\n\r\nЖеке нотариаттық архив ұлттық архивтық қор және архивтер туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану жөнiндегi функцияларды жүзеге асырады.\r\n\r\n