«Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты байқау өз үздіктерін таңдады

0
1661
 
    Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен, Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 20 ақпаны күні ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын насихаттауға арналған «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты мәдени-үгіт бригадаларының облыстық байқауы Жаңақорған аудандық мәдениет Үйінде  болып өтті. Байқаудың мақсаты қазіргі заман талаптарына сай мәдени-үгіт бригадаларының жұмысын жетілдіріп, оны жаңаша ұйымдастыру. Халыққа мәдени-тынығу қызметін көрсетуде тың серпін, шығармашылық ізденіспен жұмыс жасау, ауылдың әлеуметтік мәдени даму деңгейін көтеру, жергілікті тұрғындардың талап-тілектеріне сай мәдени-қызмет көрсету. Елбасының 2014 жылдың  11-қарашасындағы  «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халықына Жолдауын,  Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын ел арасында   насихаттау. Мерекелік шараны Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов, Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы  Ержан Әбдрахманов сөз сөйлеп,ашып берді. Байқауға облысымыздан 8 мәдени-үгіт топтары, Арал ауданынан «Көңілашар» халықтық мәдени-үгіт бригадасы, Қазалыдан «Қазалы нәз әнім», Қармақшы ауданынан «Өрлеу»,Жалағаш ауданынан «Арай» халықтық мәдени-үгіт бригадасы, Сырдария ауданынан «Дала дидары», «Алтын арай», Шиелі ауданынан «Сыр маржаны», Жаңақорған ауданынан «Дала жұлдыздары»  халықтық мәдени-үгіт бригадасы қатыстырылды. Қазылар алқасының төрағасы  ақын, сценарист-режиссер «ҚР Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері О.Нұрмаханов, мүшелері Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Қ.Жүсіпова, Жаңақорған аудандық мәдениет үйінің әдіскері  Г.Байтөреевалар төрелік етті. Қазылар алқасының шешімімен Бас  жүлдені Арал ауданы «Көңілашар» халықтық мәдени-үгіт бригадасы, І орынды Жаңақорған ауданы «Жала жұлдыздары» халықтық мәдени-үгіт бригадасы, ІІ орынды Жалағаш ауданы «Арай» халықтық мәдени-үгіт бригадасы, ІІІ орындарды  Сырдария ауданы «Алтын арай» мәдени-үгіт бригадасы мен Шиелі ауданынан «Сыр маржаны» мәдени-үгіт бригадалары иеленді. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар беріліп, байқауға қатысушы  мәдени-үгіт бригадаларына Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы  Ержан Әбдрахманов «Алғыс хат» табыс етті.
 
Ғазиза Жүнісова
 Мәдени-продюсерлік бөлімінің бөлім меңгерушісі  

ПІКІР ҚАЛДЫРУ