Нұрманова Өрік Ердәулетқызы — «Ең үздік 20 мұғалім» сайысы

0
1935

Ең үздік 20 мұғалімнің қатарына енуге лайықтымын ба?

\r\n

Нұрманова Өрік Ердәулетқызы

\r\n

№2 І.Қабылов атындағы орта мектептің

\r\n

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

\r\n

 

\r\n       Ұлы ағартушы Ыбырай да, хакім Абай да сөз басын Аллаға сиынудан бастаған емес пе? Ендеше, сол ойшыл даналардың ізін ала, мен де Аллаға шүкір дей келіп, үздіктер қатарына енуге әбден лайықтымын деп есептеймін. Себебі…\r\n\r\n   … Мен үшін нағашы деген баға жетпес жанашыр, қамқор кісілер дер едім. Өзім де нағашы атам мен әжемнің қолында болдым. Олар сіңірген ақыл-өсиет, олар сөз арасында қолданған өрнекті сөз- «сөз маржандары», қазіргі сабағымда қолданып жүрген мақал-мәтел, батырлар жыры, шешендік сөз өнерлері екен. Олар айтқан әрбір сөзді керемет сүйіспеншілікпен қабылдадым, есімде сақтадым. Ендеше, осы мамандыққа лайық болуымның алғашқы бастамасы осы кезден қаланған екен.Бастауыш сыныпта оқып жүрген кезде, 3 мамандық маған қатты ұнайтын-ды. Олар — әскери, журналистік, мұғалімдік мамандықтар. Ал орта буынға келген кезде, яғни 5-сыныптан бастап, мен түгелдей осы ұстаздық мамандыққа, оның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берсем деген ойға біржола бекідім. Бұл осы мамандыққа лайықты болуымның келесі дәлелі болса керек. Десе де, осы 3 саланың бір-біріне өте тығыз байланысы бар деп есептеймін. Өйткені, әскери мамандық тәртіп пен бірсөзді болуды, журналистік мамандық қарым-қатынасты, сөйлеу шеберлігін қажет етсе, тиісінше мұғалімдік қызметте сен үшін жоғарыдағы қасиеттердің бәрі ұштасып жатады. Үшіншіден, баланы толық тану үшін, оның тілін түсіну үшін 1-сыныптан бастап қалай оқытуға болады деген ойға жауап табу мақсатында алдымен педагогикалық училищенің «Бастауыш сынып мұғалімі және аға пионервожатый» квалификациясын иеленуім. Тілді меңгеруді ұнатуым, жоғарғы оқу орнын «қазақ тілі мен әдебиеті және араб тілінің маманы» квалификациясын алуым — бесінші дәлелім.Әрқашан сыныппен бірге жұмыс істеуім, бір сыныпты бітірткеннен кейін, араға демалыс салмай келесі сыныпты алғым келіп тұратын сүйіспеншілігім.\r\n\r\nЖетіншіден, жоғарыдағыдай жетістіктер (портфолио), оны қайталап жазбай-ақ қойсам болар деп ойлаймын.Уақыттың тығыздығына, жұмыстың ауырлығына қарамай-ақ, сайыс, конкурс, бәйге ауылдарына өзім қатысып қана қоймай, оқушыны қоса алып жүретіндігім.\r\n\r\n    Бұл абзацты жазсам ба екен деп ойландым. Неге десеңіз, өзіңді мақтап кеткендей көрінбес пе екен деген ой қоршауында көп отырып қалдым. Шешінген судан тайынбас деген, не де болса, қолымнан не іс келеді, соны теріп жазсам, айып етпессіздер, себебі, қазіргі таңда бұндай істі жасайтындар саусақпен санарлық шығар деп ойлаймын. Сиыр сауу, құрт жасау, айран пісу, тапа жабу, қол, аяқ машинасымен іс тігу, домбыра шерту, ән айту, дәмді ас әзірлеу, ақпараттық технологияда жұмыс жүргізу, өлең жазу, рөлдерде ойнау ,сурет салу, тоқу, көрпе құрау, көрпе-көрпеше тысын тігу, шашқа түр беру т.с.с.Мектепті бітіріп кеткен оқушыларыммен үнемі байланыста болатыным, келесі сыныппен қарым -қатынаста ұстайтыным – тағы бір дәлелім.Отбасымдағы балаларымның өнерлі болуына ықпалым, әке рөлін биікке көтеріп тәрбиелегенім- және бір дәлелім.\r\n\r\n         Бәрін ай та, бірін айт, ең биікте тұратыны — қарапайм да адамгершілік ұстанымды жоғары қоятыным.\r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ