О. Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесіндегі кейіпкерлер әлемі (ашық сабақ)

0
7402
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ
Сабақ:қазақ әдебиеті Мұғалімнің аты- жөні: Сапарова Гулжан Смагилаевна
Маңғыстау олысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылы,
«Ақжігіт орта мектебі»КММ
Күні:
Сынып: 6 Қатысқан оқушылар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: О. Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесіндегі кейіпкерлер әлемі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 6.Б/С2- кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру;
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар орындай алады:
шығармадағы кейіпкерлер қарым- қатынасын талдап айта алады;
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
кейіпкерлерге баға бере алады.
Оқушылардың кейбірі орындай алады;
тақырыптар мен оның мағынасын ашады және бір- бірімен байланыс тырады,астарлы мағынаны ажыратады,құрып жазады;
Бағалау критерийі -Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын талдап айта алады.
-Өткен сабақтағы шығарма кейіпкерімен салыстыра алады.
Тілдік мақсат Пәндік лексика, терминология: автор үні,оқырман сезімі, шығармада ғы құндылық.
Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Менің байқағаным…, Менің ойымша….,Мен ойлаймын….;
Құндылықтарды дарыту Адамгершілік, төзімділік,еңбекқорлық, адалдық
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, музыка
Ойлау дағдылары ның деңгейі Білу, түсіну,қолдану, талдау,жинақтау,бағалау;
Алдыңғы білім «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесінің мазмұнын білу

Жоспар

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс- әрекеттер Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Ұйымдастыру.
Білім алушылармен сәлемдесу,түгендеу.
Т.Досымовтың «Сәйгүлік» әнін тыңдату.
-Ән ұнады ма?
-Ән не туралы екен?
-Әнді орындаған кім,білесіңіздер ме?
— Осы әннің біздің бүгінгі сабағымызға қатысы бар деп ойлайсыздар ма?
-Осыған байланысты үйге қандай тапсырма берілді?
-«Тортай мінер ақбоз ат» шығармасының авторы кім?
— О.Бөкейдің қандай шығармалары бар?Білім алушыларды «Тортай», «Ораш», «Ақбоз ат» топтарына бөлу.
Т.Досымов
«Сәйгүлік» әнін тыңдау

Сабақтың ортасы

8 минут

5 минут

10 минут

5 минут

1.Білу,түсіну.
Шығарманың мазмұнын, сюжетін түсіндіру.«Сәлемдеме» әдісі арқылы әр топқа умаждалған қағазды беріп,оның тек бір қабатын алуға тапсырамын, әр қабатында төмендегі тапсырмалар болады.
1- топ:
1.Шығармада ауыл өмірі,балалар тіршілігі қалай суреттелген?
2.Автор мен Тортайдың достығы қалай сипатталған?
3.Тортайдың тас күркеде тұруына не себеп болды?
2- топ
1.Тортай неге кітапқа құмар болды?
2.Сендер үшін кітаптың маңызы қандай?
3.Тортайдың арманы не?
3- топ
1.Тортай Ораштың үйіне неге келді?
2.Тортайдың «Ақбоз атқа» міне алмауына кім кінәлі?
3.Шығарма соңында кейіпкер қандай шындықты айтты?
Дескриптор:
1.Білім алушылар шығарма мазмұнын баяндайды.
2.Қойылған сұрақтарға жауап береді.
ҚБ «Бас бармақ» әдісі арқылы бірін- бірі бағалайды.
2.Қолдану, талдау
ТЖ Шығарма үзінділерімен жұмыс.Дәптермен жұмыс.
1-топ
Аян мен Тортайдың образдарын Венн диаграммасы арқылы көрсету
Аян Тортай2- топ
Соғыс жылдарындағы балалар мен қазіргі балаларды салыстыру.
3-топ
Шығармадан әдеби теориялық ұғымдарды табу.
Теңеу – кілемдей,ұлардай, бақсыдай,ұядай, қыздың шол пысындай,найзадай;
Эпитет— жаймашуақ сәт,көкпеңбек болып көмкеріліп тұрар аспан,бейбіт күннің шуағы,тас үңгір,жұмақты өмір, көк мұнар дүние, қоңыр үн;
Тұрақты тіркестер- қой аузынан шөп алмас,бас алмай, ит басына іркіт төгілді, көз байлана бастады,міз бақпай, қыздың жиған жүгіндей,тақымы қотыр тайға тимеу,келді -кетті деп сөге жамандамаңыз, сәл мүкісі бар,ұядай қылып жинау;
Мақал- мәтел:Ораз- намаз тоқтықта, Тоқ бала аш баламен ойнамайды;
Дескриптор:
1.Аян мен Тортай бейнесін салыстырады.
2.Соғыс жылдарындағы балалар мен қазіргі балаларды салыстырады.
3.Үзіндіден сөздерді тауып жазады.
ҚБ «Шапалақ» әдісі арқылы бірін- бірі бағалайды.

3. ЖЖ Жинақтау
«Ойлаудың алты қалпағы» әдісі арқылы алты топқа бөлу
«Ақ қалпақ»
Проблемаға қатысты деректі талассыз келтіреді.
«Сары қалпақ»
Шығарманың жағымды тұстарын айтады.
«Қара қалпақ»
Шығарманың жағымсыз тұстарын айтады.
«Көк қалпақ» талдау жасайды.
«Не үшін?», «Неге?», «Неге байланысты?» деген сұрақтарға жауап іздейді.
«Қызыл қалпақ»
Шығарманы оқу барысында қандай сезімге бөлендің?
«Жасыл қалпақ»
Шығармаға қатысты тың идеялар мен болжамдар айтады.
Дескриптор:

1.Шығармаға қатысты деректерді келтіреді.
2.Шығарманың жағымды,жағымсыз тұстарын айтады.
3.Сұрақтарға жауап береді.
4.Шығармадан алған әсерлерін айтады.
5.Өз ойларын айтады.
ҚБ «Геометриялық фигуралар» арқылы бірін-бірі бағалайды.
4.Бағалау
Шығарма кейіпкерлерінің іс- әркетіне талдау жасап «Түйін» кестесін толтыру

Менің ойымша…
Себебін былай түсіндіремін…
Мына фактілермен дәлелдей аламын…
Былай қорытамын…

Дескриптор:

1.Білім алушы өз ойын айтады.

2.Себебін түсіндіреді.
3.Фактілермен дәлелдейді.
4.Қорытынды жасайды.
ҚБ «Бағдаршам» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды.
Қызыл түс-жақсы,Жасыл түс- өте керемет,Сары түс-әлі дайындалу керек.

«Сәлемдеме»

әдісі

«Бас бармақ»әдісі

«Шапалақ» әдісі

«Геометриялық фигуралар»

Түйін» кестесі

«Бағдаршам» әдісі

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия
«Таңдау» әдісі бойынша
1.Мен сабақты қызықты/қызықсыз болды деп ойлаймын.
2.Мен басқаларды мұқият/зейінсіз тыңдадым.
3.Мен сабаққа жиі/сирек қатыстым.
4.Мен сабақтағы жетістіктеріме ризамын/риза емеспін.
Үйге тапсырма:1.Шығармадан мақал-мәтел,тұрақты тіркестерді табу.
2.Тортайға хат жазу.
«Таңдау» әдісі
Қосымша ақпарат
Дифференциация-Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушы ларға қандай тапсырма беруді көз деп отырсыз? Бағалау – Оқушылардың ақпарат ты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен бай ланыс (тәрбиелік эле менті)
Дифферециацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қол дау көрсету,бөлінетін уақыт, қолданылатын деректеркөздер ар қылы жүзеге асыруға болады.
Дифферециация сабақтың кез- келген бөлімінде қолданылады.
Бағалау критерийі арқылы жұптық ,топтық, сыныптық бағалау жүргізіледі. Қазақ тілі, ән саз пән дерімен байланысты рылады.
Оқушы бойында ынтымақтастық, құр мет құндылықтары қалыптасады.
Ойлану
Сабақ мақсаттары/ оқу мақсат тары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қан дай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұс тандым ба?Мен жоспарыма қан дай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойыңызды жазу үшін пайдаланыңыз.Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)
1.
2.
Қандай екі нәрсе одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді( сабақ беру және оқытуға қатысты)1.

2.
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ