Оқушылар «Хәрри Поттер» сериясының аудармашыларымен онлайн-кездесу өткізді

1
1090

Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары әлемдік бестселлер кітаптардың редакторы Назгүл Қожабек пен аудармашы Саят Мұхамедиярмен онлайн-сұхбат өткізді.  

Осы қыркүйек айында Хәрри Поттердің үшінші кітабыяғни «Хәрри Поттер және Азкабан тұтқыны» кітабының қазақ тілінде шыққанын білесіңдер ме? Ал не себепті бізге үйреншікті болған Гарри қазақша Хәрри деп аталып жүрсіздерге қызықты маБұған қоса қыркүйекте «Чарли және шоколад фабрикасы» кітабы да шықты. Ал алда бұдан да басқа тамаша туындылар қазақ тілінде жарық көреді. 

Осындай тамаша жаңалықтарды біліп қана қоймай, олардың шығуына тікелей атсалысып жатқан редактор-аудармашылармен кездесу мүмкіндігіне физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ие болды. Онлайн-сұхбат 30 қыркүйек, яғни Аудармашылар күні (міне, сәттілік десеңізші!) өтті.  

Екі сағаттың шамасында өткен кездесу толығымен сұрақ-жауап форматында өтті десек, қателеспеген болармыз. Әлемнің 80 тіліне аударылған Хәрри Поттер сериясы қазақ баласының да назарынан тыс қалмағандықтан, оқушылар сұрақтарды жаудыртты. Кітаптың атауынан бастап, оның жарнамалануына дейінгі қызығушылықты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.   

Кездесу барысында қазақ тіліндегі әлем шығармаларының жай-күйі, оның болашағы, редақторлық және аудармашылық қызмет пен кітап баспасы, интеллектуалдық авторлық құқық жайлы тақырыптар көтерілді. Кездесу қонақтары аударма барысында орын алған қызықты оқиғаларын еске түсіріп, ағылшын мен қазақ тіліндегі тәржімалаудың кей тұстарын түсіндіріп өтті. Мысалы, Хәрри Поттердің анасының есімі Лили болса, қазақша нұсқасында оны Лала (Лалагүл, яғни Лилия) деп алған екен.  

Жалпы, бұл сұхбат «Page Turners» жобасы аясында өткен алғашқы  кездесу. «Page Turners» жобасының мақсаты − кітап жазу, өңдеу, баспаға шығару, жариялау саласында жұмыс істейтін тұлғалармен кездесу арқылы оқушылардың авторлық құқық жөніндегі білімін арттыру, кітап авторлары мен аудармашыларымен таныстыру, кітап және кітап оқуды насихаттау. Әрі бұл жобаның қазақ тіліндегі керемет жобалармен таныстырып, өсіп келе жатқан ұрпақтың республикалық деңгейдегі жобалардың қалай бастау алып, өрлеуі жөніндегі білімін арттырары сөзсіз. Алдағы уақытта да жоба өз жалғасын таба бермек.  


1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ