Ұстаздар мерекесі

Ардақты да, аяулы  ұстаздар қауымы! Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

Ұстаздық – ойласаң, ой жетпейтін, сөйлесең – сөз жетпейтін ұлы мамандық. Ұстаздың күнделікті көзге көрінбейтін,  елеусіз еңбегі ел болашағын қалыптастырады.

Халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы: «Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» — деген.

Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Ұстаз.  Сондықтан, білім көшін алға жылжытып келе жатқан ұстаз қауымына құрмет пен сый ешқашан төмендемейді.

 Қазіргі оқу жүйесінің жаңа мазмұны мен сипатын меңгеруде зейіндеріңіз ашылып, биік белесті бағындыра беріңіздер! Жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру жолында қажымас қайрат тілейміз!

Шәкірттеріңізді заман ағымына сай тұлға етіп тәрбиелеу кезінде сәттілік серіктеріңіз болсын!  Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Істеріңіз оңынан болсын! Әрқашан абыройлы болып, мәртебелеріңіз арта берсін!

 

                                                                           Құрметпен, Martebe.kz ұжымы.


2 ПІКІРЛЕР

  1. «Ұстазы мықтының- ұстамы мықты» демекші ұстазды бағалай, құрметтей білген адам, рухани жан дүниесі мейірімге толы, адамгершілік қасиеті жоғары деп білемін. Ұстазды бағалай білген Сіздерге үлкен алғысымды білдіремін

  2. Пікіріңізге рахмет! Сізді де мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ