Оқушылардың инновациялық технологияларды қолдануда сауаты жоғары

0
311

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты, Білім және Ғылым Министрлігі тарапынан 2019-2020 оқу жылының 4-оқу тоқсанында   қашықтықтан оқытуға көшу туралы  шешім қабылданды.

Қашықтықтан оқытуға көшу мәселесі бойынша  Алматы қаласы, Түрксіб ауданының № 89 “Жалпы білім беретін мектеп” ұжымы арасында  “оқу үдерісін қалай ұйымдастыру  керек?”  деген сұрақтар кеңінен талқыланды. Мұндай  жағдайға  ешбір мектеп, ешбір мұғалім  дайын емес еді. Бұл бүкіл әлемге  келген төтенше жағдай.  Осындай қиындықтарға қарамастан   республикамыздың Ғылым және Білім Министрлігінің нұсқаулықтары мен бағыт бағдарының арқасында,  және мектебіміздің  әкімшілігінің  бұл мәселені дұрыс түсініп, әр жақты психологиялық ахуалды ескеріп, тура стратегиялық қадам басуға шешім қабылдауының арқасында мектеп мұғалімдері жүйелі әрі тиімді оқыту жолдарын қолдана отырып, оқу үрдісін жүзеге асыруға бел буды.

Мектеп директоры Баймаханова Қарлығаш Сертқазиевна   мектеп оқушыларының  әлеуметтік жағдайын ескере отырып, қашықтықтан оқуға  техникалық құрылғылары жоқ оқушыларды анықтап, олардың қажетті   техникалық құрылғылармен қамтылуын ұйымдастырды.  Қала әкімшілігі тарапынан   мектебіміздің көпбалалы Голубенколар  және Балтыкеновтар жанұяларына планшет сыйға тартылды. Сонымен бірге ғаламтор желісіне қосылуға мүмкіндігі жоқ оқушылар ғаламтор-трафигі қосылған абоненттік нөмірлермен қамтылды.

Мұғалімдерді қолдау мақсатында  қашықтықтан оқытуға қолайлы мүмкіндіктер де кеңінен туғызылды. Мектебіміздің мұғалімдері, келесі тиімді әдістерді қолдана отырып  бүгінгі күні сабақ өтуде: “ELARNA”, “БАЛАПАН” телеарналары арқылы; “Күнделік”, “Bilimland” электронды  платформаларының мүмкіндіктерін пайдалану арқылы; қағаз жүзіндегі тапсырмаларды электронды поштамен алмасу арқылы; “What`s ap” мобильді қосымшалары арқылы; сонымен қатар әр мұғалім сабақ беретін сыныптарында әдеттегідей сабақ беру мәнерінен ауытқымай, сабақта қолданатын әдіс тәсілдерін  қашықтықтан түрлі  электронды қосымшаларды пайдалана отырып жүзеге  асыруда.  Айта кетерлік жайт- осы аталған жұмыстарды іске қосу және көздеген мақсатқа  қол жеткізу үшін , оқушылардың ата-аналарының еңбегі мен қосып жатқан үлесі  өте зор. Мұғалімдердің берген тапсырмаларын орындап, нәтижесінде кері байланыспен қамтамасыз етуге көмектесіп жатқан- ата-аналар.

Мектеп оқушылары 4 -оқу тоқсаны басталғалы бері пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері арасында белсенді, қашықтық байланысқа  дағдыланғаны анық. Шығармашылық қасиеттері бар оқушылар “Менің қашықтықтан оқуым қалай жүзеге асуда?”,  “COVID-19 індетінен  сақтану жолдары”, “Біз біргеміз, біз үйдеміз” тақырыптарында түрлі видео роликтер жасап, челленждер ұйымдастырып  мұғалімдерін, ата-аналарын қуантуда.

Аталған жұмыс шеңберінде өз ісімізді жүзеге асыру ешбір қиындық туғызбағанын білдік. Себебі қазіргі заман талабына сәйкес балалардың инновациялық технологияларды қолдануға сауаттылығы жоғары екенін түсінуіміз керек.  Осыны ескере отырып; мұғалім, оқушы, ата-ана  бірлестікте болып  тығырықтан, қиындықсыз шығатынынына сенеміз. Еліміз аман болып, бір-бірімізді қолдап басымызға туған қиындықты бірге жеңеміз деп үміттенеміз.

 

Ибрагимова Г.Т.

КММ ЖББ № 89 мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ