Оқушыларды патриотизмге тәрбиелеуде көркем шығармаларды пайдалану

0
1584
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Оқушыларды патриотизмге тәрбиелеуде көркем шығармаларды пайдалану

Ғасырлар бойы халқымыз ұрпағын ізгілікке, өз елін сүюге баулып келеді. Бұл берік қалыптасқан дәстүрді ұлттық тәрбиенің өзегі, діңгегі десек те болады. «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» дей келіп, адамның ұлы болу үшін кісіге «нұрлы ақыл, ыстық қайрат, ыстық жүрек» керектігін ұлы Абай да жеріне жеткізе отырып өсиет етіп кетті. Бұл бүгінгі мектебімізде жеке тұлғаны қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орындарына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу- мұғалімнің аса жауапты, аса маңызды да қадірменді парызы». – деген еді.

Еліміз егемендік алған жылдар ішінде жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы – қазақстандық патриотизм болды. Жалпы «патриотизм»- Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау. Туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен сал-дәстүрін құрметтеу сияқты патриотизм ерте заманнан бастап-ақ қалыптаса бастайды деп көрсетілген. Ол көздің қарашығындай сақтап келген жерін қорғау, елінің елінің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сыйлау, ана тіліне деген сый-құрмет, елі мен жерінің өркендеуіне үлес қосу, Қазақстанды мекендейтін өзге ұлт өкілдерінің мүддесімен санасу сияқты құндылықтардан тұрады.

Бүгінгі жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие үрдісінде жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастырудың жүйесін жасау мәселесі қарастырылуда. Бастауыш мектептің жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтары және оқу-әдістемелік кешендерінде қазақстандық патриотизмнің негізгі мұраттарына мән берілді.

Солардың ішінде әдебиеттік оқу пәні- оқушыларды сөз өнеріне баули отырып, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуді мақсат етеді.

Оқушы бойында қалыптасуға тиісті мына ізгіліктерге назар аударамын:

-ана тіліне сүйіспеншілік-туған тілін білу, өз ана тілінде сөйлеу және жаза білуге, ана тіліндегі көркем шығармаларды еркін оқи білуге;

-туған жерге сүйіспеншілік- туған өлке табиғатын сүю, туған жердің орман көлі, тау-тасы, аң –құстарына қамқорлық жасауға, оны аялау мен қорғауға, күтіп баптауға;

-туған елге сүйіспеншілік- өз ұлтын сұю, Отанын сүю, ұлтының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қастерлеу, ұлт мәдениетінің өркендеуіне үлес қосуға;

-өз отбасына сүйіспеншілік-ата-анасын, туыс –бауырын сыйлап құрметтеуге, сыйластық қарым-қатынас орната білуге.

Бастауыш сынып оқушыларының осы тектес құндылықтар қалыпсастыру барысында олардың тұлғалық қалыптасу қуаты арта түседі. Бастауыш сыныптардың ана тілі оқулығы мазмұнына алынған балалар әдебиетінің озық үлгідегі шығармалары қызмет етеді. Мысалы: ақын Ә.Тәжібаевтың «Тіл туралы» өлеңіндегі:

Туған тілім тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін- деген шумағында тілдің ұлттық, елдік мән маңызы насихатталады. Бұған қоса туған жер, туған ел тақырыптарын қозғаған Абай, Ыбырай, Жамбыл өлең жырларынан басқа Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов сияқты ақын жазушылардың елжандылық шығармаларын атауға болады.

Мысалы, Жүсіпбек Аймауытовтың «Ыстық қой, шіркін, туған жер» атты мәтінін оқушылар оқыған кезде ойлары ұшқыр, санасы сергек болып, оқушының намысы оянады.

Осы мәтіннен үзінді келтірейік: Қартқожа үйге сүйеніп, ашамайды шынтақтап, ауылға қарап отыр. Оған ауыл бір түрлі қызықты, бір түрлі жылы, ет бауыр жақын болып көрінді. Қоңырсыған сүт, қайнатқан қаймақ иісі де тәтті,- деп келетін жолдарда оқушылар ауылдың мамыражай қалпын көз алдарына елестете отырып, олардың жан жүрегі тебірене түседі.

Осылайша осы мәтінді оқығанда оқушының туған елге, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін одан әрі қалыптастыруға ықпал етеді. Өз тәжірибемде пайдаланған шығармашылық жұмыстарыма тоқтала кетейін. Мысалы: ана тілі пәніндегі Қ.Жұмағалиевтің «Туған өлкем» өлеңін оқығанда, кіріспе әңгімеде –«Туған жер» деген сөзді қалай түсінесің сауал беріледі.

Өскен жер

Туған жер түтіні

Ата-анасы, бауыры

Туған жер

Тау- тасы

Туған жер алтын бесігім

Табиғат құбылыстары

Бұдан шығатын қорытынды біреу-ақ: ол «әркімнің өз үйі – өлең төсегі» немесе «туған жер – алтын бесік»

Осы сабағымда оқушыларға туған жер туралы 1 шумақ өлең құрастыруға тапсырдым.

Ауғанбек Еркежан:

Бірлігім туған жерім,

Табиғаты қандай көркем,

Аялап, мәпелеп,

Өмір бойы сүйіп өтем.

Орынбасар Балташ:

Байлығы бақтақ даламның,

Жетістігі мен данамның.

Білім, ғылым арқылы,

Игерсем деген балаңмын.

Ошанов Мадияр:

Туған елшімді сүйемін,

Оған басымды иемін.

Ержеткен соң еліме,

Бар күшімді беремін.

Оқушылардың сана сезімін оятып, зердесін дамытатын мазмұнды көркем шығармалар болып табылады.

Осы сабағымның соңында Венн диаграммасы, шеңбер ойынын ойнату арқылы сабағымды аяқтадым.

Қ.Аманжолов . «Туған жер». Қ.Жұмағалиевтің «Туған өлкем»

Оқушылар өздері салыстыра отырып, екі шеңбер ортасына екеуіне де тән қасиеттерін жазып шықты.

Ана тілі пәнінен өткен сабқтарымда жеткен нәтижем:

Осындай көркем шығармалар баланың мінез-құлқын қалыптастырып, олардың бойында адалдық пен әділеттілік , мейірімділік пен қайырымдылық, табандылық пен қайраттылық, намысшылдық пен ержүректілік сияқты асыл қасиеттерді сіңіруге көмектесті.

Қорыта айтқанда, осы тектес ізгі қасиеттерді бойына жиған ұрпақ қана өз Отанының гүлденуіне үлес қосып, Қазақстанның патриоты болып тәрбиеленеді.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы

С. Қожанов атындағы №55 жалпы орта мектеп 

Бастауыш сынып мұғалімі Акимбаева Толқын Абдиқадыровна


ПІКІР ҚАЛДЫРУ