Ой толғау!

0
869

2021 жыл XXI ғасыр дамыған заман. Ал, Қазақстан бір соқыртеке ойынынан құтыла алар емес.Дамыған, дамушы сөздерін қолдану кейде тым ерте сияқты, XVIII ғасырдың күйін кешіп отырғанда.
XX ғасырда өмір сүрген АсқарТоқмағамбетовтің мына өлең сөздеріне зер салсақ:

«Соқыртеке«, соқсоқ,
Қараңғыда көзім жоқ,
Тиіп кетсе сөзім жоқ!
Шекелерге шекелер,
Кеселерге кеселер,
Шақыр-шұқыр соқсоқ—  АсқарТоқмағамбетовтің бұл өлеңі бір адамға жай жазылған өлең жолы болып көрінуі әбден мүмкін. Бірақ ішкі дүниесіне үңілсен жан айқайын естисің. Иә,  бұрыннан жалғасқан бұл соқыртеке әлі жалғасып соқыртеке ойының тоқтатар емес.«Біреуге жан қайғы,  біреуге мал қайғы» осы ойынды ойнаушыларға дәл тауып айтқандай. Үлкен шаһарларымыз бұл індеттен құтылған болар,  қалған қала,  аудан, ауылдарымыз ше? Ауылды айту тіпті қорқынышты.  Күндеп болмасада,  айлап«соқыртеке соқ-соқ,  қараңғыда көзім жоқ,  тиіп кетсе сөзім жоқ»- деп,  кімнен көрерін, кімнен сұрарын таппай дал болған қарапайым халыққа қайтатын жауап белгілі « күйіп кетті,  жөндеп жатыр,  желдің әсері» керек десең тағы да басқа сылтаулары дайын. Бұл дамыған заманда осы ойынды балалардың емес,  елдің қамын ойлаған ер-азаматтарымыздың ойнағаны жүрекке сызат түсірері анық. Сонымен қатар бұл ойыннан тек қарапайым халыққа ғана емес, мемлекеттің өзіне де қаншама шығыңның келетіндігін айтпасада түсінікті. Дамыған мемлекеттерден еш кем еместігіміз,  егер мал қайғысын ойламайтын тұлғаларымыз көбейсе,  мемлекетіміздің ертені соқыртекеден ғана емес бір шама қиындықтарлан құтылып, дамушы емес дамыған мемлекеттердің алдыңғы қатарынан боларымыз белгілі. Осы заманды әрі қарай жалғастыратын біз және соқыртеке ойыныңда шығарып тастау біздің қолымызда,  кім қай жолды таңдайды ол әркімнің өз таңдауы! Бірақ естеріңізде болсын соқыртекемен сіздердің ата-аналарыңыз бен балаларыңыздың ойнауы да әбден мүмкін!

Соқыртеке болмасын,
Аяқ-табақ сынбасын.
Шекелер мен шекелер
Бір-біріне ұрмасын.
«Қараңғыда көзім жоқ,
Тиіп кетсе сөзім жоқ «
Болып ешкім тұрмасын!

Жобалаева Дана Асқарқызы
Тұран университеті,  Журналистика-181(4)-3курс


ПІКІР ҚАЛДЫРУ