Ойын арқылы құқықты үйренеміз.

0
1953
Дене шынықтыру

Ойын арқылы құқықты үйренеміз.

Тақырыбы: « Ойын  арқылы  құқықты  үйренейік»

Мақсаты: Балаларға  олардың  құқықтары  туралы  түсінік беру. Өзін және басқа  адамдарды сыйлауға  тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған  оқу қызметінің барысы:

Қайырлы күн балалар! Көңіл күйіңіз  жақсы ма ? Мен  сіздерді шаттық шеңберге шақырамын. Қайырлы таң балалар бәріне де  ізетпен. Қайырлы түн достарым , қайырымды жүрекпен . Мейірімді тілекпен  бөлісейік  бақытпен. Баршаға амандық сәлем!

Жер планетасында  адамдар мың жыл бұрын  пайда болғанын білесіңдер . Сол кезде – ақ көп сұрақтарда  туындады.

-Адамдар қолынан не келеді және не келмейді? Не үшін құқықтары бар және жоқ? Адамдар бұл сұраққа  жауаптарын іздеуге бел буды. Келісімді  және бейбітшілік өмір сүру үшін «Адам құқықтарының  жалпы Деклерациясы » атты кітабы пайда болды. Бұл кітапта үлкендер өздеріне  арнап  жазған. Ал  балаларға  қамқорлық  жасай  отырып , бақытты өмір сүру үшін керемет  кітапты «Бала  туралы Конвенцияны » жазып шығарды. Сонымен бүгін  осы кітаптағы құқықтарымыз  жайындағы сөз қозғаймыз.

Бұл жәй ғана кітап емес,

Не керек, не керек емес

Ашқанда ғана көрерсің

Мазмұнын сонда білерсің.

Балалар  бүгін  тобымызда «Заң  консультациясы » жұмыс атқарады. Бізге кейбір  адамдардан  хаттар  келіп  отыр. Сол  хаттарға  жауап  қайтарамыз. Біздер  өте  маңызды жауап  талқылаймыз. Ал енді бірінші  консультант

1.Інжу:(конверт алады)

Психолог: бірінші конвертте қандай  сұрақ  бар  екен? (Бала конверттен гүлдің күлтешін  алып шығады).

Сенің  ойынша бұл  қандай сұрақ ?

Көрейік  Есім  алу құқығы

Психолог: Бұл  құқықты қай кезде алады?

Дұрыс  дүниеге келгенде.

-Қандай  құжат  бұл  құқықты  растайды.(Туу туралы куәлік)

Ата – аналар  сіздер  дүниеге  келгенде  есім  қояды, ал балалар есімдеріңіздің  қандай  мағына  беретінін  білесіздер ме?

(Балалардың  жауаптары- Каусар , Іңкәр , Әділбек)

Ал енді  біріміз «Жаңғырық»  ойынын  ойнайық – Адэля , Мансұр , Бекзат , Санжар. Жарайсыңдар  балалар. Сендер  бір – біріннің  аттарыңды  сыпайы  және  жылы атадыңдар. Әрине  адамды  дөрекі сөзбен  атау , адамға  жалған  ат  қою . Бұл сіздің  есім  алу  құқықтың  бұзылуы.  Ата – аналарыңыздан  туу  туралы  куәліктеріңізді  сұраңыздар.

-Ал  енді кім  екінші консультант болғысы  келеді.

Каусар :(Конвертті  алып суретте  бейнеленген  құқық  туралы  айта  бастайды). Бұл  баланың  ата – анасымен  бірге  өмір  сүру  құқығы.

Өмір сүру  үшін не қажет?

Өмір сүру  үшін су , от , тұз , қыз , ақыл қажет.  Су тіршіліктің  нәрін  береді. От өмірдің  мәнін береді. Тұз тамақтың  дәмін  келтіреді. Қыз көңілдің  сәнін  келтіреді. Ақыл  өмірдің  мәнін береді. Отбасы  деген  не? Балалардың  жауаптары.  Балалар сәби  үлкен  адамдардың  сүйіспеншілігі  мен күтімісіз  өмір сүре  алады ма? Неге? Ата – аналар  сендерге  өз сүйіспеншіліктерін күтімін  қалай  білдіреді?

«Отбасы  болмаса  бақытта  жоқ» деген  мақал да бар. Сондықтан «Бала құқықтарының  Декларациясында» жазылған: « Әр  бала отбасында өмір  сүруге , ата – ананың  сүйіспеншілігі  мен  күтіміне құқылы.

Сонымен біздің  заң  конституциямыз  әлі де өз жалғасын  табуда . Енді  келесі  конвертімізде қандай  сұрақ  бар  екенін көрейік. (Әділбек шығады)

-Бұл  сурет  саған қандай құқық  жайында  айтып тур. Дұрыс  білім  алу құқығы. Адамға ақыл білім  беретін кім? Ата – ана , ұстаз , досы. Ақыл  адамды тез  есейтеді.

-Қалай  ойлайсыздар  әр  баланың  білім  алу  құқығы  бар ма ?

Біздер  балабақшада  не істейміз балалар?

Сергіту  сәті:

Келесі  конвертте қандай  сұрақ  жасырынған Мансұр.

«Бала  құқығы  туралы конвенцияда » жазылған  әр  бала еңбегіне  лайықты ақылы құқығы  бар. Жер  бетінде  қаншама  мамандық бар олар бір – біріне  байланысты. Біздердің де  еркін  еңбек таңдау  құқығымыз  бар ма? Балабақшада  сіздерді  кім оқытады? Ал  көрейік балабақшада  нені  үйрендіңдер. «Мамандықтың  бәрі  жақсы» Суретте қандай  мамандық иелерін  көріп  тұрсыңдар? Мынау кім?

Дәрігер , мұғалім , құрылысшы , аспазшы ,т.б. Міне балалар осындай  мамандыққа  жету үшін алдымен білім  алып үйренуіміз  керек. Осы мамандықтың  жұмысын үлкен  кісілер атқарып жатыр , ал сіздер тек ойын арқылы көрсетесіздер. Балалар қараңдаршы ! Сіз қандай ғажайып , әдемі  бақыт гүлін өсірдіңіздер. Әр күлтесінде  балалар  құқығы  жазылған. Бұл  құқықтарды  ұмытпайық , есімізде  сақтайық.

Психолог : Апарса да тағдыр қайда алып , Самғасаңдар жер айналып бала құқығы күшіменен Хормен:

Сұңқар  болып  өсеміз

Тұлпар болып өсеміз

Балалар  қоштасатын сәт келді , көріскенше күн жарық болсын дендеріңіз сау болсын!

Казиева Ж.М.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ