Оқушылары тек қара, ақ, қара көк түсті шұлық киетін мемлекет

0
2556

Сабаққа кешігіп, үйіңізден шұғыл шыққаныңызда аяғыңыздағы шұлығыңыздың түсіне қаншалықты қарайсыз? Бізді қатты уайымдаған анамыздың мектепке барарда күннің ауанына қарай қалың немесе сәйкесінше жеңіл шұлық кигізіп жіберетін әдеті бар. Ал, Жапония оқушыларына мектепте тек қара, ақ, қара көк түсті   шұлық кию міндеттелетінін білесіз бе? Ендеше, білімі мен ғылымының қарқыны — зымыран Жапон елінің оқу жүйесі туралы он қызықты мәліметті бірге парақтайық:

1.Жапонияда балалар 6 жыл бастауыш мектепте, 3 жыл орта мектепте, 3 жыл жоғарғы мектепте және 4 жыл университетте оқиды.

2.Бастауыш және орта мектептегі білім тегін. Ал жоғарғы мектеп пен университетте тек ақылы бөлімде оқиды.

3. Жапонияның көп мектептерінде шашқа байланысты сақталуы тиіс қатаң ережелер тізімі бар. Ол ережеге сәйкес оқушылар шашының түсі тек табиғи болуы керек.

4. Жапон мектептерінде еден жуушылар болмайды. Барлық оқушы кішігірім топтарға бөлінеді. Әр топ өзіне тиесілі сынып бөлмесін, ауланы жинастыру, гүлге су құю сынды жұмыстармен айналысады.

5.Жазғы демалыс 40 күнге созылады. Ережеге сәйкес 20 маусым мен 31 тамыз аралығын қамтиды. Ал қысқы демалыс 26 желтоқсан мен 6 қаңтар аралығында 10 күнге созылады. Көктемгі демалыс та 25 наурыз бен 5 сәуір аралығында 10 күнге жуықтайды.

6. Жапониядағы оқу жылы сәуір айынан басталады.

7. Студенттер ЖОО-ны тәмамдаған кезде курстық, дипломдық жұмыстар жазбайды. Тек оқытушыларға бірнеше беттік есеп ұсынады.8.Бастауыш мектепте үй тапсырмасын бермейді. Есесіне, орта және жоғарғы мектеп оқушыларына үй тапсырмасы көп мөлшерде беріледі. Осы кезеңде жапон оқушылары мемлекеттің ең жұмысбасты азаматына айналады.9. Жапон оқушылары үй тапсырмасын орындап келмеген жағдайда олармен бірге келіп ата-аналары сабақ оқиды. 10.Ұстаздар сыныптан сыныпқа көшіп жүргенімен, оқушылар кабинет ауыстырмайды.
Айта кетерлігі, Жапон мектебінде дәстүрлі оқыту мақсаты — білім беруге қарағанда, тәрбиеге көп мән береді. Жапон мектептерiнде сабақ тек мемлекеттiк тiлде жүредi. Осы аталғал деректердің өзң-ақ күншығыс елінің дамыған, беделді мемлекет екендігін аңғартып тұрғандай.

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ