Мектеп формасы туралы басты ережелер

0
14889

1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже (әрі қарай мәтін бойынша — Ереже) «Білім туралы» Заң, мектеп Жарғысы, №21 орта мектебі, Мектепішілік тәртібі негізінде құрастырылды.
2. Мектеп формасы – білім алушының киім стилі.
3. Мектеп формасы келесі мақсатпен енгізілді:
— мектепте оқу-іскерлік ахуалды қолдау;  
— тәртіпті нығайту;
— социумда мектеп беделін нығайту;
— оқушы тұлғасының адамгершілік қасиеттерін дамыту, оның мәдениетін арттыру;
— қазіргі заман қоғамымен талап етілетін, мектеп бітіруші үлгісін қалыптастыру.
2. Негізгі ережелер
1. Бірыңғай үлгідегі мектеп формасы 01.09.2013 оқу жылынан бастап енгізілді.
2. Мектеп формасы күнделікті және спорттық болып бөлінеді.
3. Мектеп формасының үлгісі классикалық (іскерлік) стильде әзірленеді және барлық 1-11-ші сыныптарда білім алушылар үшін бірыңғай болып есептеледі. Барлық білім алушылар үшін киімнің түрі бірыңғай болуы мектеп формасының негізгі шарты.
4. Қыздар үшін формаға белгіленген үлгідегі шотландка-белдемшесі, белгіленген үлгідегі көк түсті сарафан, белгіленген үлгідегі көк жилет, белгіленген үлгідегі көк түсті жемпір, ақ түсті жейде, белгіленген үлгідегі қысқа немесе ұзын жеңді тенниска.
5. Ер балалар формасына көк түсті шалбар, белгіленген үлгідегі көк түсті жилет, белгіленген үлгідегі көк түсті жемпір, ақ түсті жейде, белгіленген үлгідегі қысқа немесе ұзын жеңді тенниска. 
6. Спорт залындағы сабақтар үшін міндетті спорттық форма: ақ түсті футболка, спорт трикосы, спорт аяқ киімі; 
далада өтетін сабақ үшін – спорттық костюм (олимпийка, спорттық шалбар) және кроссовки. 
3. Құқықтар, міндеттер және жауаптылар
Білім алушылардың құқықтары:
1. Мектеп форма үлгісін талқылауға белсенді қатысу. 
Білім алушылар міндетті: 
1. Күнделікті мектеп формасында келу. 
2. Форманы таза ұстау, оған ұқыпты қарау.
3. Мектепте басқа да білім алушылардың формасына ұқыпты қарау. 
4. Қыздар шаштарын буып, бұрымға өріп, қыштырғышпен жинап, ер балалар шашты ұқыпты алғызып қою, шаш түсі табиғи болу керек.  
Мектепте білім алушыларға тыйым салынады:
1. Сабаққа мектеп формасыз келу.
2. Дене шынықтыру сабағынан басқа сабақтарға спорттық киімде келу. Дене шынықтыру болған күні сорттық киімді өзімен бірге алып келуі тиіс.  
3. Сабақтарға екінші аяқ киімсіз келу. 
4. Бетіне макияж жағып, татуаж жасау, әшекей бұйымдармен, пирсингпен келу.
5. Футболка, жемпір, свитерді, ашық түсті жейделерді киіп келу.
6. Қыздар қысқа белдемше және шалбар киіп келу. Белдемшенің ұзындығы тізеден 4 см. биік болмауы керек.
7. Джинс (спроттық стильде) және серуендеуге арналған киімді киіп келу.
Жауапкершілік:
Білім алушы мектепке мектеп формасыз келген жағдайда, кезекші әкімгердің (мұғалім, сынып жетекші) талабы бойынша түсініктеме жазуы керек. Білім алушы үйге қайтып барып, мектеп формасын киіп келу мүмкіндігі бар. Білім алушы қаланың алыстағы ауданында тұрса, ол сабаққа жіберіледі, бірақ кезекші әкімгерге (мұғалім, сынып жетекші) күнделігін ұсынып, ол ата-анасына тиісті шара яғни баланы мектеп формасында келуін қамтамасыз ету қажеттілігі туралы ескерту жазып береді.
4. Ата-аналардың құқығы
Ата-аналардың құқығы: 
1. Мектеп формасына қатысты сұрақтарды сыныпта, мектепте ата-аналар комитетінде талқылауға, мектеп формасына қатысты ұсыныстарын жалпы мектептік ата-аналар жиналысының күн тәртібінде қарауға ұсыну;
2. Мектеп формасын киіп келуден бас тартатын балалардың ата-анасын ата-аналар комитетіне шақыру, өз құзыреті шеңберінде осындай ата-аналарға шара қолдану. 
5. Ата-аналардың міндеттері
Ата-ана міндетті:
1. Оқу жылы басталғанға дейін балаға мектеп формасын, ауыстыратын аяқ киімін алып беру.
2. Ереже талаптарына сәйкес мектепке шығар алдында білім алушының күнделікті сыртқы бейнесін бақылап тұру. 
3. Баланың мектеп формасының жағдайын қадағалау, яғни ластануына байланысты уақытылы жуып беру. Бала мектеп формасы жуылып немесе жуылғаннан кейін киім кепкен жоқ деген жағдаймен мектеп формасының болмауын түсіндіру жағдайларын болдырмау.  
4. Күн сайын баланың күнделігіндегі мектеп формасы болмағаны туралы ақпаратты тексеріп, баланы мектеп формасымен қамтамасыз ету үшін шара қолдану.
6. Ата-ананың жауапкершілігі
Жалпы мектептік ата-аналар комитетінің құзыреті шеңберінде белгіленген, Осы Ережені орындамағаны немесе лайықсыз орындағаны үшін жалпы мектептік ата-аналар комитетінің құзыреті шеңберінде белгіленген,  әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
7. Сынып жетекшінің құқығы
Сынып жетекшінің құқығы:
1. Ата-аналарға және білім алушыларға осы Ереженің бөлімдерін түсіндіру.
8. Сынып жетекшінің міндеттері
Сынып жетекшінің міндеттері:
1. Өз сыныбының білім алушыларының сабақ басталғанша дейін мектеп формасын киіп, ауыстыратын аяқ қиімді әкелгенін күн сайын бақылап тұру.
2. Ата-аналарды білім алушыда мектеп формасы болмаған жағдайы туралы уақытылы (оқиға болған күні) хабардар ету.
3. Лауазымдық нұсқаулық негізінде өз құзыреті аясында әрекет жасау.
9. Сынып жетекшісінің жауапкершілігі
Лауазымдық міндеттерін лайықты орындамағаны немесе орындамағаны үшін ҚР еңбек заңымен, білім беру мекемесінің жергілікті актімен  қарастырылған жауапкершілікке тартылады.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ