Саурық батыр туралы білесіз бе?

0
4168

Саурық батыр Ыстамбекұлы – ХІХ ғасырдағы Жетісудағы танымал қолбасшы, батыр. Саурық батыр шамамен 1814 жылы қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданының  Қарақыстақ ауылының  маңында дүниеге келген.
Саурық батыр ел шетіне тиген барымташылардың  шабуылынан , сыртқы жаудан туған  жерін қорғай жүріп, ержүректілігімен қазақ – қарғызға танымал кісі болған.  Саурық Ыстамбекұлы  батырлығымен қоса би, елші болған.  Ол сол тұстағы  көршілес елдермен  татулықта тұруды  жақтаған.  Саурық батыр Жетісудың  керуен саудасының  дамуына да үлесін қосқан. Оның өз қаражатына салдырған Саурыққорған деп аталған  бекінісі де болған.  Саурыққорғанның  бір қабырғасының  75 м құрайтындығы құжаттарда айтылады.  Саурық батыр салдырған бекініс Шығыс Қастек болысының Төгерекқырғын  өзені  бойында тұрғызылған.
Саурық батыр Жетісуға Кенесары хан келгенде оның орыс жаулаушылығына қарсы ұстанымын қолдаған батырлардың  бірі болды. Кенесары хан мен қырғыз билеушілері  арасындағы елшілік қызметке  Саурық батыр да бір кісідей атсалысқан. Сол тұста Саурық Ыстамбекұлы  қырғыздармен соғыспай, көршілес,  ағайынды екі елдің, сондай – ақ , ел ішінің ынтымағына үндеген. Саурық батыр Кенесары ханның тапсыруымен елшілік қызмет те атқарған.
Қырғыз деректеріндегі мәліметтерді  өзара салыстара қарағанда,  Шапырашты Саутық батырдың  1846 жылдың  көктемінде Қастек пен  Қарақыстақтың арасындағы  тау  бөктерінде – Сарысыбыр деген жерде , қырғыз батырлары  Күрпік пен Самақтың  қолынан  қаза тапқанына көз жеткізуге болады.
Саурық Ыстамбекұлының  батырлық өнегесін Сүйінбай, Жамбыл, Жамбылдың шәкірті Әбдіғали сариев сияқты ақындар жарға қосты.  Қазіргі таңда Алматы облысының Жамбыл ауданында Саурық батырдың атында  ауыл бар.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ