Ата-ана, Назарбаев мектебі назарыңызда болсын!

0
2222

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша 2008 жылы Астанада алғашқы зияткерлік мектебі ашылды. Бес жылдың ішінде Зияткерлік мектептері еліміздің барлық өңірлерінде ашылған еді. Зияткерлік мектептерінде жоғары білікті педагогтар дәріс береді, мектеп заманауи ғылыми-зертханалық және интерактивті мультимедиялық жабдықпен жарақтандырылған. Зияткерлік мектебінің осы және басқа да ерекшеліктері балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасайды.

Назарбаев Зияткерлік мектептері 1-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін балаларды оқуға қабылдайды. Оқу үш тілде жүргізіледі – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде. Мектептің екі негізгі бағыты бар – физика-математикалық және химия-биологиялық бағыттар. Оқуға түсу үшін барлық балалар екі кезеңнен тұратын конкурстық іріктеуден өтуге тиіс. Конкурсты өткізу уақыты мен орны туралы ақпарат жыл сайын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» сайтында жарияланады.

1-11 сыныптарға конкурстық іріктеу ережелері

1-сыныпқа оқуға түсу

1-сыныпқа түсу Зияткерлік мектебінің жанындағы бала бақшадан бастауыш мектепке конкурстан тыс тікелей ауыстыру арқылы іске асырылады. Бұл ретте, түсер алдын балалар психология-педагогикалық тексеруден өтеді.

2 – 6-сыныптарға оқуға түсу

Конкурстық іріктеу мынадай пәндер бойынша білімді кешенді тексеру түрінде бір күннің ішінде өткізіледі:

  • математика;
  • қазақ тілі;
  • орыс тілі;
  • дүниетану (2 – 4-сынып үміткерлері үшін);
  • ағылшын тілі.

Конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін шекті деңгей 30 және одан да көп балл құрайды.

Бірінші кезеңнің нәтижелері жарияланғаннан кейін екі күн өткен соң екінші кезең өткізіледі. Осы кезеңнің негізгі мақсаты – математика бойынша Зияткерлік мектебінде оқуға деген даярлық деңгейін анықтау.

2 – 4-сыныптарға қабылдану үшін конкурстық іріктеуге қатысу үшін шекті деңгей 30 және одан да көп балл құрайды.

5 – 6-сыныптарға оқуға қабылдануға қатысу үшін шекті деңгей 15 және одан да көп балл құрайды. 

Зияткерлік мектебіне қабылданған үміткерлердің тізбесі мектеп ғимаратындағы стендтерде немесе «Назарбаев зияткерлік мектептері» сайтында орналастырылады. Қажетті балл санын жинаған, бірақ бос орындарының болмауына байланысты Зияткерлік мектебіне қабылданбаған үміткерлер резерв тізіміне енгізіледі. Осы тізім де «Назарбаев Зияткерлік мектептері» сайтында орналастырылады. Егер оқу жылы ішінде орын босаған жағдайда, Зияткерлік мектебінің директоры резервтік тізімдегі үміткерді конкурстық іріктеусіз қабылдауға құқылы.

7 – 11(12)-сыныптарға оқуға түсу

Ең бастысы 7 – 11(12)-сыныптарға оқуға түсу рәсімі Бірінші Президенттің «Өркен» білім беру грантын алуда жатыр. Грант дарынды балаларға арналған және білім алушының оқу ақысын толық өтейді. Грантты конкурстық іріктеуден табысты өткен кезде алуға болады. Конкурс екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең

Бірінші кезеңде Зияткерлік мектептерінің бағыттарына сәйкес келетін бейінді пәндер бойынша, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша кешенді тестілеу өткізіледі.

Оқу бағытына сәйкес келетін бейінді пәндер

Сынып  Физика-математикалық бағыттағы зияткерлік мектебі Химия-биологиялық бағыттағы зияткерлік мектебі
7-сынып математика математика және биология
8-сынып физика және математика. математика және биология
9-сынып физика және математика. химия және биология.
10-сынып математика математика
11(12)-сынып

 

Екінші кезең

Конкурстың екінші кезеңі бірінші кезең өткізілгеннен кейін екі күннен соң өткізіледі. Екінші кезеңге жалпы сұрақтар санынан дұрыс жауаптардың қырық және одан да көп пайызын жинаған үміткерлер жіберіледі.

Екінші кезеңде мектептердің бағыттарына сәйкес келетін бейінді пәндер бойынша жазбаша емтихандар өткізіледі.

Жазбаша жұмыс әр пән бойынша үш деңгейлі күрделілігі (А, В, С) бар 5 тапсырмадан тұрады: 

 

Сынып Физика-математикалық бағыттағы зияткерлік мектебі Физика-математикалық бағыттағы зияткерлік мектебі
7-сынып •  А деңгейі – оқу материалын білуді, түсінуді және түсіндіруді тексеруге арналған 2 тапсырмадан тұрады;

•  В деңгейі – нақты және жаңа жағдайларда білімді қолдана білуді тексеруге арналған 1 тапсырмадан тұрады;

 

•  С деңгейі – орындау тәсілін таңдауды негіздей отырып және талдауды пайдаланып, білімнің интеграциясына арналған 2 тапсырмадан тұрады.

А деңгейі – оқу материалын білуді, түсінуді және түсіндіруді тексеруге арналған 2 тапсырмадан тұрады;

В деңгейі – нақты және жаңа жағдайларда білімді қолдана білуді тексеруге арналған 1 тапсырмадан тұрады;

С деңгейі – орындау тәсілін таңдауды негіздей отырып және талдауды пайдаланып, білімнің интеграциясына арналған 2 тапсырмадан тұрады.

 

8-сынып
9-сынып
10-сынып
11(12)-сынып

7 – 11(12) сыныптарға қабылдануға қатысу үшін шекті деңгей 30 және одан да көп пайызды құрайды.

Қажетті балл санын жинаған, бірақ бос орындардың болмауына байланысты Зияткерлік мектебіне қабылданбаған үміткерлер резервтік тізімге енгізіледі. Резервтік тізімге енгізілген үміткерлерге оқу жылы ішінде қосымша конкурссыз грант тағайындалады.

Конкурстық іріктеуді өткізу немесе резервтік тізімнен үміткерді айқындау кезінде үміткерлерді мектепке қабылдау балл саны тең болған кезде:

  •  соңғы оқу жылындағы үлгерім табелінің орташа балы жоғары болған;
  •  бірінші кезеңнің қорытындылары бойынша балы ең жоғары үміткерлер басымдыққа ие болады.

7 – 11 сыныптарда ақылы негізде оқу қарастырылмайды, осы сыныптардың барлық үміткерлері «Өркен» білім беру гранты бойынша оқиды. Егер оқушы «Өркен» грантының иесі болып, оқу жылының соңында үлгерім табелінде ең болмаса бір «нашар» бағасы болса, онда ол грантынан автоматтық түрде айырылады. Бұл ретте, грантты мектеп жыл сайын өткізетін конкурстан өту нәтижелері бойынша қайта алуға болады. 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ