1. Аз ұйықтаңыз. Өміріңізді мәнді әрі толыққанды етуге көмектеседі. Көпшілік адамға 6 сағат ұйқы жеткілікті. 21 күн бойы тұратын уақытыңыздан бір сағат бұрын оянып дағдыланыңыз. Ең керегі ұйқының сапасы, сағаты емес. Сізге маңызды деген іске қосымша отыз сағат бөлінді деп есептеңіз.
\r\n
\r\n
\r\n\r\n2. Таңертеңгісін бір сағатты өзіңізді жетілдіруге арнаңыз. Медитация жасаңыз. Күніңіз қалай өтетінін ойластырыңыз. Күніңізге пайдасы тиетін мәтіндерді оқыңыз, тыңдаңыз. Немесе ұлы адамдар туралы кітаптар оқыңыз. Таңғы тыныштықты алда күтіп тұрған шулы күнді еңсеру үшін қажетті боларлық жан қуаты мен рух тазалығына жұмсаңыз. Аптасына бір рет күннің шығуын бақылаңыз. Яки, табиғат аясына шығып тұрыңыз. Күнді жақсылықпен бастау өзіңді жетілдірудің ең тиімді тәсілі.\r\n\r\n3. Ұсақ-түйекке бола маңызды нәрселерді ұмытып кетпеңіз. «Уақытым мен қуатымды тиімді жұмсалып жатыр ма?» деп сұрап тұрыңыз өзіңізден. Уақытты басқару – өмірді басқару. Алтын уақытыңызға қамқорлықпен қараңыз.\r\n\r\n4. Миыңызды өміріңіздің тек жағымды тұстарын есте сақтауға үйрету үшін резеңке таспа тәсілін қолданыңыз. Білегіңізге резеңке білезік киіңіз. Бір нәрсеге көңіліңіз толмаған кезде резеңкені қаттырақ тартып қалыңыз. Ми жаман ойлағанда ауырсынуды сақтап қалады. Содан кейін тек жағымды ойлау мида тұрақты қалыптасады.\r\n\r\n5. Сізге қоңырау шалған адамға көңілді дауыспен жауап қатыңыз. Сіздің оған деген құрметіңіз зор болуы тиіс. Жақсы сөйлесе білу өте маңызды. Қоңырау шалған адамға құрметіңізді көрсету үшін орныңыздан тұрыңыз. Бұл дауысыңызға сенімділік береді.\r\n\r\n6. Күні бойы бізге шабыт келеді, тартымды ойлар белең алады. Әмияныңызға қағаз, қалам сала жүріңіз. Жақсы ой туғанда оны жазып отырыңыз. Үйге келген соң ой жазылған қағаздарды көрнекі жерге қойыңыз. Уақыт салып оларды қарап жүріңіз. Оливер Уэнделл Холмстың айтқанындай, «бір ойға өскен адам миы қайтып кішіреймейді».\r\n\r\n7. Жексенбілік кешті тек өзіңізге арнаңыз. Осыны әдетке айналдырыңыз. Келесі аптаны жоспарлауға арнаңыз. Күтіп тұрған кездесулерді ойластырыңыз. Сол кездесуден не күтетіңізді жобалаңыз. Жақсы ән тыңдап, керекті кітаптарды оқып, жәй ғана демалыңыз. Келесі аптаның жинақы, ойлы, тиімді өтуіне осы кештің маңызы зор.\r\n\r\n8. Сіздің өмірдің сапасы сөйлесе білуді игеруіңізге тәуелді екенін есте сақтаңыз. Сіздің өзгелермен сөйлесе білуіңіз, өзіңізбен сөйлесуіңіз. Неге назар тоқтатсаңыз, соны аласыз. Жағымды нәрсе іздесеңіз, соны табасыз. Табиғаттың басты заңдылығы.\r\n\r\n9. Мақсатқа ден қойыңыз, нәтижеге емес. Басқаша айтсақ, істі өзіңізге ұнаған соң, әлдекімге көмегі болған соң жасаңыз немесе бұл бағалы жаттығу деп қараңыз. Оны біреудің мақтауы мен ақшасы үшін істемеңіз. Оның бәрі өзі келеді. Әлем солай жаратылған.\r\n\r\n10. Күнде таңертең айна алдында бес минут күліңіз. Стив Мартин күнде солай істейді. Күлкі ағзадағы пайдалы заттарды белсенді етеді. Ағзаны бірқалыптылыққа қайтарады. Күлкі терапия түрлі сырқаттарды жазу үшін емге қолданыла бастады. Өмірлік түйткілдерді шешуге септесетін ерекше ем. 4 жастағы бала күніне орта есеппен 500 рет күледі. Ал ересек адам күніне тек 15 рет қана күледі екен. Күліп үйреніңіз. Сонда өміріңіз жарқын жаққа ауысады.\r\n\r\n11. Кешке кітап оқығанда шырағдан жағыңыз. Бұл адамды босаңсытады, тыныштық күйге бөлейді. Сыртқы әлемнен бөліп алып өз үйіңізді жұмаққа айналдырып қойыңыз. Оны тамаша әуендермен, мағыналы кітаптармен, жаны жайсаң достамен толтырыңыз.\r\n\r\n12. Мінезіңізді жинақы ету үшін жүрген кезде адымыңызды санап жүріңіз. Өте тиімді тәсіл. Деміңізді тартып алты қадам аттаңыз. Сосын тыныстаңыз да, тағы да деміңізді тартып алты қадам жасаңыз. Алты қадам тым көп болса, ыңғайлысын таңдаңыз. Осы жаттығудан кейін өзіңізді жасарып, жаңарып қалғандай сезінесіз. Іштей салмақты әрі жинақы боласыз. Адамдар үнемі ойына не келсе соны ойлай береді. Өзінің қабілетінің шыңын түсінетін адамдар уақыттың қадірін біледі. Мидың күшін бағалайды. Ми тек маңызды нәрселерге тиянақты болуы тиіс.\r\n\r\n13. Тиімді медитация жасап үйреніңіз. Ми табиғатынан шулы көлік іспетті. Бір тақырыптан екіншісіне байланбаған маймыл құсап секіріп кете береді. Егер өмірде маңызды мақсатқа қол созсаңыз өз миыңызды шектеп, тәртіпке бағындырып отыру керек. Күнделікті ертеңді-кеш 20 минут медитацияға арнаңыз. Нәтижесі кереметтей болары сөзсіз. Алты ай бойы үзбеңіз. Шығыстың даналары медитацияның ұтымдылығын бес мың жыл бойы айтып, насихаттап келеді.\r\n\r\n14. Салмақты болуды үйреніңіз. Адам айына тек жарты сағатқа жетер-жетпес уақытты салмақты күйде өткізеді екен. Күніне он минут тыныш отырып, тыныштықты тыңдауға дағдыланыңыз. Өмірде сіз үшін не маңызды соны ойлаңыз. Өмірге не үшін келгеніңізді сараптаңыз. Үндемеген үйдей бәледен құтылады. Баяғыда Зен ұстаз айтпақшы, тыныштық деген қапастағы темір торлар арасындағы кеңістік.\r\n 15. Ерік-жігеріңізді күшейтіңіз. Төменде мықты тұлға болып қалыптасуға қажетті кеңестер берілді.\r\n Ақылыңыз жел тұрғандағы шөптің басындай қимылдай бермесін. Ол үнемі жинақы, бір нәрсеге ғана жұмсалсын. Бір нәрсе істеп жатсаңыз, басқа ештеңені ойламаңыз. Жұмысқа шыққанда кеңсеге дейінгі аралықтағы қадамдарыңызды санап жүріңіз. Оңай емес. Бірақ уақыт өте келе ақылыңыз сізді емес, сіз оны басқара бастайсыз. Түптің түбінде ақылыңыз жел тимейтін бұрышта жанып тұрған шырағдандай салмақты бола бастайды.\r\n Миыңыз бұлшықет сияқты деп ойлап көріңіз. Алдымен оны жаттықтыру керек. Содан кейін барып алға деп жылжытыңыз. Сонда ол мықты бола бастайды. Бастапқыда өте қиын. Бірақ жақсы нәтиже көп күттірмейді. Ол мінезіңізге жағымды әсер етеді. Қарныңыз ашса, келесі тамақ ішу мезгіліне дейін шыдаңыз. Өте маңызды шаруа жасап жатқан кезде миыңыз барып журнал оқы, біреумен сөйлес деп дабыл қақса, оның бәрінен бас тартыңыз. Біраздан соң осындай жинақы қалыпта ұзақ мерзім жұмыс істей алатын боласыз. Исаак Ньютон, атақты физиктердің бірі, былай деген екен: «Егер адамзат баласына бір түйір жақсылығым болса, оның барлығы терең ойлай білгеннен». Ньютон бір орнында тапжылмай ұзақ ойланады екен. Егер ол өз бойында ойлануды жетілдірсе, сізде дамыта аласыз.\r\n Өзге адамдармен араласуда кейбір шектеулер енгізу еркіңізде. Аз сөйлеңіз. 60/40 ережесін қолданыңыз. 60% уақыт оны тыңдаңыз, 40% сөйлеңіз. Бұл ережені пайдалансаңыз, сіз танымал боласыз. Дана болуды үйренесіз. Себебі, әр адам бізге бір сабақ үйретеді. Қателік жасаған адамды ғайбаттау, өсектеу, жамандаудан аулақ болыңыз. Шағымдану, наразылық білдіруден бойыңызды аулақ ұстаңыз. Өзіңізді ашық жарқын, өте пысық, мықты тұлғаға айналдырыңыз. Сонда көптеген адамдарға әсер ете алатыныңызды сезесіз.\r\n Миыңызда жағымсыз ой туса, дереу оны жағымды оймен алмастырыңыз. Жағымды нәрсе үнемі жағымсыздан күшті келеді. Сондықтан миыңыз тек жақсыны көруге, ойлауға дағдылану керек. Жағымсыз нәрсені ойлау мида жағымсыз кестелерді қайта-қайта жаңғыртып, үдетіп отыратын үдеріс. Барлық шектеуден құтылып, тек жақсылықты көре білетін жағымды адам болыңыз.\r\n\r\n16. Күні бойы әзілдесіп жүріңіз. Бұл тек ағза үшін пайдалы емес, қиын жағдайларда көтеріңкі көңіл-күйден арылмауға да көмектеседі. Оңтүстік Америкадағы Таурипан тайпасында түн жарымында оянып алып, бір-біріне әзіл айтатын дәстүр бар екен.\r\n\r\n17. Уақытты басқарып үйреніңіз. Аптада шамамен 168 сағат бар. Қалаған тілегіңізге жету үшін осы мерзім жеткілікті. Уақытты тиімді бөліңіз. Таңертеңгісін күнді өткізу жоспарын жасаңыз. Өз мұқтаждығыңызға қарай жоспарлаңыз. Ең бірінші кезекке жылдам орындалатындарын, не басты мәселені емес, сізді дамытатын, тұлға етіп қалыптастыруға әсері болатын маңыздыларын іріктеңіз. Маңызды және асығыс емес істер – ұзақ мерзімге жоспарланатын, адами қарым-қатынас пен кәсіби біліктілікті арттыратын стратегиялық жоспар болуға тиісті. Маңызды істерді ысырып қоймаңыз. Сізге пайдасы тимейтін бүгіннің ісінің көлеңкесінде қалып кетпесін.\r\n\r\n18. Тек жағымды, ақылы кеніш адамдармен ғана араласыңыз. Үйретері бар адамның жанынан табылыңыз. Сіздің күш-қуатыңызды бос шағыммен, наразылығымен желге ұшыратын адамдардан бойыңызды аулақ салыңыз. Өзін жетілдіргісі келетін адаммен араласыңыз көп болса, жақсылыққа деген ақ жолда сіздің жолдастарыңыз көп болмақ.\r\n\r\n19. Стивен Хокинг, әлемдегі атақты физиктердің бірі, айтыпты: біз аса үлкен ғаламшарда өмір сүрмейміз, жер деген он сегіз мың ғаламдағы ең шеткері орналасқан, көлемі жағынан ортанқол жұлдыз ғана. Осының жанында сізді мазалаған мәселе соншалықты күрделі ме? Жер бетіне аз ғана уақыт қонақсыз. Неліктен аз уақытты тек жақсы тәжірибеге жұмсамасқа? Неге әлемге тек жақсылық қалдыруға талпынбайсыз? Қолда бардың бәрін санамалап, қағазқа тізіп шығыңыз. Отбасыдағы адамдардың денсаулығынан бастаңыз. Көбіне денсаулықты болуға тиісті нәрсе деп қабылдаймыз. Қандай елде тұрасыз, не жейсіз, бәрін қалдырмай жазыңыз. Тізім елуге жеткенше жаза беріңіз. Күнара осы тізімді қарап отырыңыз. Өміріңіз қаншалықты бай екенін түсінесіз.\r\n\r\n20. Өмірге келген соң сіздің де бір қасиетті мақсатыңыз болуы тиіс. Қай бағытта дамып жатқаныңызды айқындайтын біртұтас ұстанымдарыңыз өмірдің соңында неге жеткіңіз келетінін көрсетеді. Бұл қасиетті мақсатыңыз сздің құндылықтарыңызды жүзеге асырады. Арманыңызға бастайтын даңғыл жолдан адастырмас шамшырақ. Айына бір рет 5-10 ұстанымды іріктеп жазыңыз. Олар сіздің өмірді басқаруы тиіс. Үнемі жадыңызда жүрсін. Жақсы азамат болу, адамдарға көмектесу, бай болу, мықты көшбасшы болу деген сияқты мысалдарды келтіруге болады. Өмірлік мақсатыңыз қандай болса да үнемі оған қайта оралып, жоқ-жітігін түгендеп отырыңыз. Егер жағымсыз жағдай орын алса, әлде біреу-міреу басқа жолға түсіргісі келсе, сіз өзіңіздің таңдаған жолыңызды қайтып табасыз.\r\n\r\nРобин Шарма\r\n Аударған: Шынар Әбілдә\r\n\r\nДереккөзі: БлогТайм.кз\r\n\r\n