ҰБТ тапсыратын түлекті жігерлендіру

0
2146

    Ұлттық бірыңғай тестілеу көзімізге «ұлттық бір күндік төңкеріс» болып көрінетіні жасырын емес. Бейне бір соғысқа аттанып бара жатқандай күй кешесің. Үрей мен қорқынышқа толы сәттер.

Тоқта… Оян, жас түлек! Бұл жай ғана иллюзия. Дәл осы кезеңде сенің міндетің – қорқыныш қамалын талқандап, болашағыңа қарай сеніммен қадам басу. Қалай?

    Нақты неден қорқасың? Бәрін тізбектеп, қағаз бетіне түсір. Қағазды өртеп жібер. Өртеніп жатқан қағазға қарап, бойыңдағы сенімсіздіктен арыл. Жеңілдеп қалдың ба? Өлім мен өмір үшін күресіп жатқан жоқсың.

Есіңді жиып, күн тәртібін орнат. ҰБТ-ға күнделікті дайындалатын уақытты белгіле. Қалған уақытта өзіңе ұнайтын іспен айналыс. Мақсатқа жету үшін аз-аздан, тұрақты қадамдар жаса. (Step by step, day by day)

   Сен өзің ойлағаннан әлдеқайда мықтырақсың. Сынақтан сүрінбей өтесің, жігерлен!  ҰБТ тапсыратын күнді көзіңе елестет. Сұрақтар оңай болды. Сен бәріне мүдірмей жауап бердің. Кешке атыңды атап,  жоғары балл алғаныңды хабарлады.

Сенен бақытты адам жоқ. Осы көріністі жадыңнан шығарма. Күн сайын визуализация жасауға кеңес беремін.

   ҰБТ-ға 1 күн қалғанда тест сұрақтарын жаттап, әуре болма. Отбасыңмен немесе достарыңмен уақытты көңілді өткізуге тырыс. Бәрі жақсы болады!

   Дұғада бол, Алла әділ. Еңбегің бәрібір ақталады. Қандай жағдай болмасын, бұл сен үшін хайырлысы. Өмірің ҰБТ-мен басталып, ҰБТ-мен аяқталмайды.            Жанарыңдағы жалынды ешқашан сөндірме. Сәттілік! Сенің қолыңнан келеді!

                                                                                                     САЯНА СЕЙТҚОЖА

Басқа материалдар:

  1. Оқу сауаттылығынан мәтін тақырыбын қалай қояды?
  2. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  3. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  4. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  5. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  6. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  7. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  8. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (11-15 мәтін)
  9. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (1-5 мәтін)
  10. Көркем троптар, олардың түрлері
  11. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (6-10 мәтін)
  12. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  13. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  14. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері

                                        


ПІКІР ҚАЛДЫРУ