Еркіндік (бостандық) психологиясы

0
1900
Иллюстрация: Freepik.com

Адам құқығы саяси – құқықтық мәселе. Құқық философиясының, бостандық идясының және ақиқаттылықтың теориялық негізі ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда филосов ағартушылар Дж.Локк (1632-1704), Ш.Л.Монтескье (1689-1755), Ж.Ж.Руссо (1712-1778), Ф.М.А.Вольтермен (1694-1778) айтылған адамды қоғамның және мемелкеттің жоғары әлеуметтік құндылығы ретінде қабылдауы болды.

Олардың ойы бойынша адам оған туғанынан берілген табиғи, ажырамас құқыққа ие. Осы аталған құқықтар мемлекетпен де, қоғаммен де тартып алына алмайды. Осы философиялық-құқықтық ережелер сол уақыттағы нормативтік-құқықтық актілер 1215ж. Бостандықтардың Ұлы Хартиясы, 1628 ж. құқық туралы Петиция, 1679 ж. Хабеас Корпус Актісінде және басқа заңдық күші бар құжаттарда заңды түрде бекітілді. Осы құжаттардың қазіргі заманғы заңнама және саяси құқықтың дамуына қосқан үлесін атап өтпеуге болмайды.

Қазіргі заманғы адамға өткен уақытта адам құқығы және бостандығы туралы идеялар әлеуметтік утопия ретінде көрінгенін түсіну мүмкін емес. Осы идеяларды жүзеге асыруға талпыныстар болған Англия, Франция, Америкадағы буржуазиялық революция уақытында адам құқығы мен бостандығы заңдық деңгейде бекітілді және олар осы уақытқа дейін қолданыста болып келеді.

Осылайша, 1789 ж. 26 тамызда Францияда азамат пен адамдардың құқықтары мен бостандықтарының Декларациясы қабылданды, ал Америкада осы жылдың 26 қыркүйегінде құқық туралы Билль қабылданды.

Алайда, ХХ ғасырдың елеулі әлеуметтік қозғалыстары – Бірінші Дүниежүзілік соғыс, 1917 жылғы Қазан төңкерісі, екінші дүниежүзілік соғыс – сонымен қатар ескі республикалық және демократиялық дәстүрлері бар мемлекеттерде барлық адамдардың теңдігі ғана емес, оларды қорғау мәселесі қарастырылмаған. Бұл фактіге дәлел ретінде Фашистік Германия мен Ресейдегі еврейлерге деген қатынасты мысал ретінде алып қарастыруға болады.

Адам мен азаматтың құқықтық дәрежесі 1776 жылғы Американдық Декларацияда жан-жақты құрастырылған. Онда: «…барлық адамдар тең дәрежеде жаратылған, және олардың барлығының өмірге, бостандыққа және бақытқа талпынуға құқығы бар» делінген. Алайда, адам мен азаматтың құқықтық дәрежесінің қоғамда мойындалуы барлық адамзатты тұлғаны сыйлауға шақырып қана қоймай, сонымен қатар оларды биліктің кемшіліктерінен сақтайтын құқықтық жүйені құруға шақырды.

Адамзат тарихы көрсеткендей, адам құқығы мен бостандығы жіңішке ұлттық шектеулермен шектелуі мүмкін емес, өйткені барлық әлемдік ірі жағдайлар территориялық, идеологиялық немесе өзге кедергілерге қарамастан оған ерекше назар аударады. Сондықтан, әлемдік бірлестік адам мен азаматтардың құқықтық дәрежесін түсініп, саналы түрде осы мәселені қарастыра бастағандығы оның өзектілігінің дәлелі болып табылады.

Адамның құқықтары мен бостандықтары идеясына деген осындай қатынас 1945 жылы құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы және оның әрекетіне байланысты болды. Оның негізгі мақсаты қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтау, адам мен азаматтың құқықтық беделін сақтау және осы құқық туралы мәліметтерді тарату болып табылады. Осылайша, 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ-ның Генералды Ассамблеясы адам құқығының жалпыға ортақ Декларациясын қабылдады.

Осы халықаралық актінің маңыздылығын асыра бағалау ауыр. Халықаралық тәжірибеде алғаш рет Декларация адам құқығы мен бостандығының арасындағы үздіксіз байланысты ашып көрсетті. Осы ереже 1986ж. 4 желтоқсанда шыққан БҰҰ- ның Генералды Ассамблеясының резолюциясында ілгері дамыды.

Адамның құқықтары мен бостандықтарының дамуында елеулі әсер еткен Европадағы қауіпсіздіктің және серіктестік Кеңесінің қатысушыларының Веналық кездесуінің қорытынды құжаты болды. Веналық кездесу кезінде заңды лексоконға алғаш рет «адамдық өлшем» деген философиялық термин енді. Философиялық-құқықтық мағынада «адамдық өлшем» сөзінің мағынасында адам құқығының барлық жиыны түсіндіріледі: азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, сонымен қатар адамдар арасындағы байланыстар, мағлұмат, мәдениет, білім беру облысындағы серіктестік.

Адам құқығының филисофиялық-құқықтық концепциясының екі негізгі сәті бар екендігін ескеру керек. Біріншісінде, «алғашқы ұрпақтың» ажырамас құқықтары оған ол тек адам болғаннан кейін ғана беріледі делінген. Олар әр индивидтің табиғатынан пайда болатын құқықтары және оның негізгі мақсаты адамның өзіндік бедел сезімін сақтау болып табылады. Адам құқығының «екінші ұрпағына» халықаралық және ұлттық деңгейде болып жатқан мәселелерді шешуге бағытталған нормативтік жиындар негізінде құрылатын құқықтар (азаматтық, саяси, әлеуметтік-мәдени).

Адам құқығын жалпы филисофиялық сипатта адам табиғатына сай құқықтарды айтуға болады, осы құқықсыз адам өзіне ұқсастардың арасында өмір сүре алмайды. Осылайша, адамның құқығы мен бостандығы адам сапасын, интеллектісін, талант және қабілеттерін дамытуға толық мүмкіндік береді.

Халықаралық құқықтық жүйенің құрамдас бөлігі. Адамның бостандықтары мен құқықтары туралы халықаралық – құқықтық құжаттар жекелеген мемлекеттердің заңдарына ықпалын тигізіп отырады. Халықаралық құқық қорғау ұйымдарына мүше болып кірген ел халықаралық құқық ережелерін өз аумағында бұлжытпай орындап отыруға міндетті.

Қазақстан Республикасы БҰҰ-ға, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтамақтастықта сақтау ұйымына мүше болып кіргендіктен, осы ұйымдардың адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау хақындағы құжаттарын мойындайды және оларда қойылатын талаптарды орындап отырады.

Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтарын айқындайтын құқықтық ережелер халықаралық құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында «Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сөзсіз сақтау және тану әрбір мемлекеттің құрметті борышы мен міндетті болып табылады» деп жарияланған. Осы жарғыға бойынша әрбір мемлекет құрамындағы әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге, адамды кемсітушілікке жол бермеуге тиіс.

«Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы». Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы 1948 жылы «Адам құқықтарының жалпыға ортық декларациясын» қабылдаған. Қазір бұл құжат өркениетті адамзат түгел мойындаған, адам атаулының бәріне бірдей, дүние жүзінің прогресшіл күштері түгел таныған, адам құқықтары туралы негізгі құжат болып табылады.

Халықаралық құқықтық актілер Қазақстан Республикасындағы заң шығарудың қайнар көзі болып табылады. Еліміздегі халықаралық құқық қағидалары мен ережелерін құрметтейді және олардың негізгі қағидаларын іс жүзінде басшылыққа алады. Қазақстан Республикасының Конститутциясы біздің мемлекетіміздің құқықтық жүйесін халықаралық құқықтық жүйенің құрамдас бөлігі деп таниды.

Декларация мәтінінен орын алған адам құқықтарын сипатына қарай үш топқа жіктеуге болады. 1 топқа адамдардың табиғи және азаматтық құқықтары жатады. Адамның өмір сүру құқығы, құлдықтан азат болу, оның жеке басының бостандығы құқықтары осының мысалдары. Әр адамның туылғаннан пешенесіне жазылған, қасиетті және қастерлі құқықтарына ешкімнің қол сұғуға қақысы жоқ.

Адамды азапқа салуға, оған өрескел қаталдық көрсетуге немесе оның намысын қорлайтын шаралар қолдануға, оның жеке өміріне қол сұғуға тыйым салынады. Адамның арына, абыройына тиетін әрекеттерге, мүлкіне қол сұғуға, оның тұрғын орнына басып кіруге жол берілмеуі тиіс.

2 топқа азаматтыққа байланысты құқықтар мен бостандықтар жатады. Бұлар – адамның азаматтық алу, еркін жүру, тұрғылықты жерін таңдап алу, некеге отыру, баспана иесі болу, ұждан бостандығы, отбасын құру, шерулерге қатысу; мемлекет істерін басқаруға қатысу құқықтары.

3 топқа – экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жатады. Бұлар – адамның еңбек ету, меншік иесі болу, еңбегіне сай ақы алу, өз қалауы бойынша жұмыс таңдау, кәсіптік одақтарға бірігу, қоғамдық бірлестіктердің жұмысына қатысу, білім алу, демалу, адамға лайық тұрмыс құру құқықтары.

1966 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясы экономикалық, саяси және мәдени құқықтар туралы шарттар қабылдады. Бұл шарттар «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының» ережелері негізінде қабылданды. Ережелерді жүзеге асырудың кепілдіктерін қарастыратын, адам құқықтарының сақталуын бақылап отыратын арнайы комитет құрылды. Бұл комитетке шартқа қосылған мемлекеттердің сайланатын болды. Оған қатысушылар мемлекет ішінде адам құқықтарының қорғалуы жайында комитетке ұдайы баяндап отырады.

Сонымен бірге комитет шартқа қосылған мемлекеттердегі адам құқығының қорғалу жайын өз тарапынан тексеріп отырады.

Комитет адам құқықтарының қорғалу деңгейін, біріншіден, мүше мемлекеттің өз органдарының баяндауларына қарап; екіншіден, өз тексеруінің нәтижелері бойынша; үшіншіден, адам құқықтарының бұзылуын хабарлап, шағым білдірген азаматтар мен ұйымдардың мәлімдеулерін ескере отырып бағалайды.

Адамдардың заң алдындағы теңдігі. Қоғам адамдарды жынысына, тегіне, нанымына, лауазымына, ұлтына, материалдық жағдайына, жасына, өзге де әлеуметтік белгілеріне қарап алаламауы керек. Заң алдында жұрттың бәрі тең. Бұл биліктің рәмізі секілді, қоғам мүшелерінің адамгершілігінің асқақтығының айғағы болатын, қоғамның рухани жетілгендігін, оның шын мәніндегі өркениеттілігін көрсететін, бүкіл адамзат қабылдаған құқықтық саналылықтың өлшемі. Өркениетті елдердің конститутциялары азаматтарды түрлі әлеуметтік белгілеріне қатысты алауға, кемсітуге жол бермейді. Қазақстан Республикасының Конститутциясы да осы ұстанымды басшылыққа алған.

Адам құқықтары және мемлекет. Адам құқықтары мен бостандықтарын мейлінше толық және дәйекті көрсететін негізгі заңды құжат Конститутция болып табылады.
Адам мен азаматтың Конститутцияда жазылған құқықтары мен бостандықтары олардың мемлекеттегі, қоғамдағы жағдайын анықтайды. Ол құқықтар мен бостандықтарды пайдалану азаматтардың өздері үшін де бірдей қажет. Азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын толымды түрде пайдалана алуына мемлекет те мүдделі болуы тиіс.

Мемлекеттік органдардың жұмысын мемлекеттік лауазымды адамдар жүзеге асырады. Азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын нақты және толық пайдалануы едәуір дәрежеде соларға тәуелді. Егер мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, лауазымды тұлғалар өз істерінің кәсіпқой маманы болуымен қатар, қоғам мүшелерінің алдындағы өз борыштарын түсінетін, оларды жауапкершілікпен атқаратын болса, өздерінің міндеттерін адал орындаса, онда азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарын шын мәнінде пайдалана алады.

Ал мемлекеттік қызметкерлер азаматтардың өтініштеріне, шағымдарына немқұрайды қарап, оларға жеткілікті мән бермесе, азаматтың мәселесін шешіп, заңды міндеттерін орындағаны үшін одан пара алып, жемқорлықтың соңына түссе, онда азаматтар екі жақты – моральдік және материалдық залал тартып, өздерінің құқықтары мен бостандықтарын пайдалана алмаған болып шығады. Мұндай қоғам мүшелері тарапынан мемлекеттік органдарға теріс көзқарас туады.

Келеңсіз құбылыстар халықаралық құқық қорғау органдарының да назарына ілігіп, мемлекеттің халықаралық аренадағы беделіне нұқсан келтіреді. Халықаралық ұйымдар мемлекетке қарсы түрлі ықпалды шаралар қолданады.

Көп ұлтты мемлекет жағдайында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы кейде түрлі ұлт өкілдерінің теңдігіне нұқсан келуі түрінде көрінуі мүмкін. Ұлттық сезім өте нәзік болғандықтан, кейде адам жеке өз басының құқықтары мен бостандықтарына әсер еткен құбылыстарды ұлттық қадіріне нұқсан келтіру деп қабылдауы мүмкін. Адамгершіл, құқықтық сипаттағы мемлекет мұндайларға ешқашан жол бермеуі керек.

Адам құқықтары жөніндегі комиссия. Өзін өркениетті қоғам деп санайтын кез келген мемлекет адам мен азамат құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге басты назар аударады. Құқықтық қоғам орнатуды басты нысана етіп отырған Қазақстан қоғамы да осы үрдіске ден қояды. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия жетекші рөл атқарады. Комиссия адам мен азаматтардың құқықтарын қорғау және бостандықтарын қамтамасыз ету жөнінде жауапты органдар мен лауазымды тұлғалардан бұл бағыттағы жұмыстардың жайы туралы қажетті мәліметтер, құжаттар мен материалдар сұратып алады, олардың хабарларын тыңдайды.

Сонан кейін адам құқықтарының қорғалу жайы туралы қорытынды жасайды. Адам құқықтарының бұзылу жағдайлары ұшырасса, бұдан кейін ондай құбылыстарды болдырмау жолдарын қарастырады. Мәселеге қатысты жинақталған материалдарды Президенттің назарына жеткізеді. Сол арқылы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Президенттің адам құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін конститутциялық мәртебесін жүзеге асыруға көмектеседі.

Азамат құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы жене кепілдіктері. Азамат құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы. Конститутцияда, басқа да заңдарда аталған азаматтардың құқықтары мен бостандықтары оларға заңды мүмкіндіктер береді. Ол мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін кепілдіктер қажет. Кепілдіктер мемлекет тарапынан жасалып, оның қадағалауында, бақылауында болады. Соның негізінде әр азамат заңда көрсетілген құқықтарын өзінің, халқының игілігіне пайдалана алады. Саяси кепілдіктер азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Ол кепілдіктер республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен өзін — өзі басқару органдарын сайлау және оларға сайлануымен, парламентке, жергілікті мәслихаттарға депутаттыққа кандидаттарды ұсынуымен, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құра алуымен, өздерінің құқығы мен бостандығы шектеусіз пайдалана алу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың азаматтардың саяси құқығына бөгет жасауға қақысы жоқ. Азаматтар өз құқығын қорғау үшін, қажет болған жағдайда, сотқа жүгінеді. Саяси құқықтарды сот арқылы жүзеге асыру тетігін барлық азаматтар түгел білуі және іс жүзінде пайдалана алуы керек.

Азаматтарда сот арқылы қорғайтын құқық пен бостандықтан басқа да құқық пен бостандықтар бар. Оларға еңбек ету, білім алу, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау құқығы мен бостандығы жатады.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалу кепілдіктері. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына ең негізгі кепілдік – оның құқықтары мен бостандықтарына шек қоюшылықты болдырмау. Құқық пен бостандыққа шек қою немесе олардан айыру жағдайлары тек қана Конститутцияда көрсетіледі . Конститутция бойынша адам құқығы мен бостандығынан айыру немесе шектеу төтенше жағдайда және уақытша ғана қолданады.

Жарияланбаған нормативтік актілер мен заңдар іс жүзінде қолданылмайды. Азаматтар Республика Парламентінің қандай заңдар мен нормативтік актілер қабылдағанын, талқыланып жатқанын біліп отыруы керек. Бұл — әркімнің санасына мектеп партасынан сіңуге тиісті жағдайлардың бірі.

Азаматтардың құқығы мен бостандықтарына негізгі кепілдік беретіндер — өздеріне осындай міндеттер жүктелген және оны іс жүзінде асыратын мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар болып табылады. Барлық мемлекеттік органдар азаматтардың құқығы мен бостандығын пайдалануына жағдай жасау үшін құрылған. Олардың негізгі мұратының өзі сол – азаматтардың заңды құқықтарын қорғау үшін қызмет ету.

Ел экономикасын нарықтық қатынастар негізіне көшіруге байланысты мемлекеттің кепілдік рөлі де кеңейе түсті Мемлекет және оның органдары азаматтарды, басшылардан, сыбайлас жемқорлардан, парақорлардан, қызметін бас пайдасына жұмсайтын қызметкердерден ғана емес, сонымен бірге жеке меншік иелерінен, басқаның еңбегін пайдаланып кететін жылпостардан да қорғауға тиісті.

Шынайы демократиялық мемлекетте әрбір адам өзінің құқығы мен бостандығын өзі қорғауға тиіс. Ондайда азаматтың сөзі де, ісі де заңға сәйкес, мемлекет органдарының қадіріне, лауазымды адамдардың жеке басына, арына тимейтін, ешкімнің ізіне түсіп, қудалау жасамайтын деңгейде болғаны жөн.

Басқа материалдар:

  1. Балаларды тәрбиелеудің психологиялық қағидалары
  2. Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері
  3. Педагогикалық үдеріс — әлеуметтік жүйе, белгілері мен сапа-қасиеттері
  4. Тәрбие теориясы. Тәрбиенің заңдылықтары мен ұстанымдары. Оның міндеттері мен қызметтері.
  5. Терминге қойылатын талаптар
  6. Көркем троптар, олардың түрлері
  7. Абстиненция, абстракция, абулия туралы мәлімет
  8. Психологиялық түсінік. Абазия, аббревиатура, абдикация, аберрация деген не?
  9. Абиотикалық факторлар, абсолюттік есту, шкала, табалдырық деген не?
  10. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ