Тәрбие теориясы. Тәрбиенің заңдылықтары мен ұстанымдары. Оның міндеттері мен қызметтері.

0
7373
Иллюстрация: Freepik.com

Мақсаты: студенттерге тәрбиенің тұтас педагогикалық процесс ретіндегі мәнін және тәрбие формасы, құралы, әдістері, мазмұны туралы білім жүйесін қалыптастыру.

Жоспары:
1. Тәрбиенің мәні мен сипаты, тәрбие процесінің ерекшеліктері.
2. Тәрбие процесінің міндеттері мен мазмұны.
3. Тәрбие заңдылықтары мен принциптері.

Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу-Насыр әл-Фараби: «Адамға ең бірінші тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне және қоғамға үлкен апат әкеледі»,- деген тұжырымы қоғам алдына үлкен жауапкершілікті мақсат етіп қояды.

Әбу-Насыр Әл-Фараби: “Бақытқа жету жолында” деген енбегінде: “Тәрбие дегеніміз –
халықтардың бойында білімге негізделген этикалық ізгіліктертер мен өнерді дамыту”.
Абай Құнанбайұлы: «Сен де – бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та, бар қалан!».
«Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз», Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық білім кітапта , Ерінбей оқып көруге».

Ж. Аймауытов: “Тәрбие” атты мақаласында “тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, атаананың тәрбиесі. Соңғысы кұшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдастың азғыртып, не тұрлі жаман мінезді жқұтыратыны белгілі”.

ХХІ ғасырдың сұранысы әлемдік білім көшіне ілесе алатын, құзыретті тұлғаның
қалыптастыруға бағытталған.

Тәрбие философиясы тұлғаның өздігінен дамуын мәдениеттендіру мен әлеуметтендіруді біртұтас тұрғыда қарастырады. Адамның даралық қасиеті оның құндылық сипатын көрсетеді. Сол даралық сипаты өзгелердің назарына ілініп, төңірегіндегі адамдар сол қасиеттері үшін оны құрметтейді. Баланың мінезін қалыптастыру үшін ата-ана мен мұғалім оның жалпы дамуымен қатар, ішкі жан дүниесіне де күшті ықпал етуі тиіс. Адамның жеке тұлғалық қасиетінің жетілуі
оның өзін-өзі құрметтеуіне, өмірде табысқа жетуіне тәрбиелейді.

Адамды педагогикалық тұрғыдан табиғи, әлеуметтік, тарихи, белсенді мүше ретінде түсінуде педагогиканың негізгі категориялары тәрбие, білім, оқыту, құзыреттілік және т.б. негізгі орын алады. Тәрбиенің педагогиканың категориялары қатарындағы орны — тәрбиенің тарихилығының айқындалуы, мақсаты, міндетіне, әдіс — тәсілдеріне сәйкес мазмұнын жүйелі құра білу, бірізді, сабақтастықта ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани мәдени дәстүрлер тәрбие үдерісіне жаңашыл көзқарастармен енгізе отырып, тұлға бойындағы ізгілік қасиеттерді оның іс–әрекеті, қарым — қатынас, мінез – құлқында көрініс табуына бағытталады.

Қазіргі таңда тәрбиенің әдіснамалық негіздері тәрбие парадигмасына қоғамның дамуына байланысты өзгеріп отыратын жаңашыл әдіс тәсілдерді, ұстанымдарды, тұғырларды қажет ететін зерттеу әрекеттерін қалыптастыру мүддесін
негізге алады.

Мұғалім мен оқушылар арасындағы бірлескен іс-әрекет қарым-қатынас құралы ретінде.
Мектептегі педагогтар мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас бүкіл қоғамдық, саяси, құқықтық, моральдық қатынастарды қамтып, педагогтың басшылығымен бағыты айқындалып,  шешімін тауып отырады. Мектептегі педагогтар мен оқушылар арасындағы қалыпты қарымқатынас ізгілікті немесе басқа сөзбен айтар болсақ, педагогикалық мақсатты қатынастар болып аталады.

Мұндай қарым-қатынастың орнығуы тәрбиеліктің нәтижесін көрсетеді, ол оқушылардың педагогтың беделін, құқын, тәжірибесін құрметтеп, мүмкіндігінше сондай педагогқа ұқсауға еліктейді.

Тұлға — тәрбиенің, өзіндік дамудың объектісі және субъектісі. Жеке тұлға өзінің қалыптасу барысында өзіндік дамуының обьектісі ғана емес, сонымен қатар
субьектісі екенін ескеру керек.

Субъектінің әрекеті – жеке тұлға дамуының факторы. Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады. Жеке тұлғаның белсенділігі оның қажеттіліктерінен (материалдық, рухани, қоғамдық) туады. Сыртқы орта мен тәрбие жеке
тұлғаның дамуының сыртқы факторына жатады. Ішкі факторға бейімділік пен әуестік, адамның сезімдері мен күйзелістері және сыртқы ортаның ықпалынан пайда болатын қажеттіліктер жатады.

Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактормен тығыз байланысты.
Тұлғаның дамуын зерттеу философия, педагогика, психология, әлеуметтану, медицина, мәдениеттану, этика, физиология т.б. ғылымдары кіріктіре жүргізеді. Адамның дамуы және оның тұлға ретінде қалыптасуы биологиялық, әлеуметтік және биоәлеуметтік тұрғыдан қарастырылады:

— биологиялық бағыт — адам табиғаттың бір бөлшегі, оның іс-әрекеттері мен мінез-құлқы көбінесе табиғи қажеттіліктерге негізделеді;

— әлеуметтік бағыт — адам биологиялық тіршілік иесі ретінде әлеуметтік топтардың қарым-қатынас ықпалынан әлеуметтенеді, қоғамдық ортаға бейімделеді;

— биоәлеуметтік бағыт — жүре пайда болатын қасиеттерге негізделеді.

Жеке тұлғаның белсенділігінің бағыттары оқушының әр-алуан іс-әрекеттерінде көрініс
табады. Олар: білім алу — танымдық, еңбек, қоғамдық пайдалы жұмыстар, ойын, эстетикалық, спорттық-сауықтыру әрекеттері. Жеке тұлғаның мүмкіндіктерінің ашылуына барынша көмектесуге мүмкіндік туғызатын қызмет — әрекетті ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерімен қаруландыру – баланың дамуын қамтамасыз ететін тәрбиенің басты құралы.

Кез келген тәрбиелік міндет белсенділікті арттыру арқылы шешіледі.

«Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олардың арақатынасына тоқталатын болсақ, тұлға – іс-әрекеттің және өзіндік дамудың субъектісі, индивид көп адамдардың бірі, биологиялық тіршілік иесі ретінде қарастырылады.

Жеке тұлға – адамның анатомиялық-физиологиялық пісіп-жетілуі, оның жүйке және
психикалық жүйесінің жетілуі, сонымен бірге танымдық және шығармашылық іс-әрекетті, дүниетанымдық, қоғамдық-саяси көзқарастарды, наным-сенімдерді байытудағы сандық және сапалық өзгерістердің өзара байланысу үдерісі.

«Жеке адам», «жеке тұлға» түсініктерінің сипаттамасы «даралық» түсінігімен
толықтырылады. Даралық түсінігі бір адамды екіншісінен айырып, оған өзіндік қайталанбас сән беретін жалпылық және жалқылық қасиеттерді білдіреді. Ол  бір адамның екіншісіне ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі мен өзгешелігін сипаттайды. Даралық, әдетте, мінез бен темпераменттің айрықша бітістері, шығармашылық іс-әрекет және қабілетінің ерекшеліктерінің өзіндік көріністерімен бөлектенеді.

Жеке тұлға даралығы – индивид тұлғасының және психологиялық өзіндік ерекшелігі,
қайталанбастығы, оның темпераментінен, мінез-құлықтарынан, интеллектуалдығынан,
қабілеттерінен көрініс береді.

Жеке тұлғаның әлеуметтенуі В.А.Соковиннің көрсеткеніндей үш деңгейде жүзеге асады:

1) қоғамның жалпы индивидке ықпалы, қоғам өз байлығын және әлеуметтік
құндылықтарын, арман-мұратын, мақсатын қарым-қатынас арқылы – оның «әлеуметтік
ұйымдастырылған құрылымы» арқылы;

2) жалпы қарым-қатынас үдерісінде жеке тұлғаға ықпал ету жалпы ақпарат құралдары
арқылы ;

3) жеке топ ішінде қоғамға ықпал ету қарым-қатынасы арқылы;

Педагогика ғылымында тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, оқыту, дамыту, қалыптастыру,
әлеуметтендіру, табыстылық, тұлғаның құзыреттілігі т.б. негізгі категориялары мен ұғымдары болып табылатыны белгілі.

Даму дегеніміз, ең алдымен адам ағзасындағы физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер. Бұл өзгерістер белгілі бір әлеуметтік ортада болады. Адам биологиялық жанды зат ретінде дүниеге келеді де, ол даму үрдісінде әлеуметтік қызметтерді (өмірге, адамдарға, еңбекке, тұтастай қоғамға қатысты, т.б.) атқару арқылы ғана тұлға болып қалыптасады.

Тәрбие әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда қоғам бақылайтын және түзету енгізетін, жастарды мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып бағыттайтын, қоғамның қазіргі және болашақ өміріне қатысуға мақсаттылықпен даярлау ісі.

Тұлғаның қалыптасуы ұғымына баланың қоғамда өздігінен өмір сүруге қабілеттілігі, өз
тағдырына өзі үкім ете білуі және өзінің қарым-қатынасын түсіне білу қабілетін меңгерген, сонымен бірге құндылық атаулыны тұрақты таңдай алу сияқты дамудың шартты түрдегі жетістіктері жатады.

Тұлғаның қалыптасуы – тұлғаның шындықпен өзара әрекеті барысындағы өзгеріске түсу үдерісі және оның дене құрылысы мен әлеуметтік-психологиялық жаңаруындағы өзгерістердің пайда болуы.

Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында тәрбие ортадан дамуына қажетті материалды іріктейді; жағымсыз ықпалдардан шығу жолдарын іздестіреді; оқушының мүмкіншілігін анықтайды, ашады, табиғи нышандарының дамуына жағдай жасайды.
Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі көптеген идеяларға негізделеді: адамды қабілетіне және
дарындылығына сүйеніп, жан-жақты дамыту; ересек адамдар мен балалардың бірлесу ісәрекеттерінің ынтымақтастығы, мұғалім мен балалар еңбегінің бірлестігі, мұғалімнің балаға ерекше көңіл аударуы, ата-аналармен мен мұғаліммен ынтымақтастық, өзін-өзі құрметтеу идеясы , өзінөзі тәрбиелеу т.б.

Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның
кемелденуін және тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді. Жеке адамның
қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор, ол – адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық, дағдысына бағытталған жұмыс.

Тұлғаны әлеуметтендіруде әлеуметтік тұрғыда отбасына әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, психологиялық және педагогикалық, баланы отбасына тәрбиеге алған отбасына қолдау көрсету, көп балалы және мүгедек балалы отбасы балаларының денсаулығын нығайтуға көмектесу негізгі орын алады.

Жеке тұлғаның қалыптасуына қоршаған орта да әсер етеді, яғни адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар. Оның екі түрі бар: макро және микро.

Макроорта – адамға әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпарат құралдары).

Микроорта – адамның ең жақын қарым-қатынас ортасы. Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын
алады.

Тәрбие — өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық үрдісін ұйымдастыру.

Тұқымқуалаушылық пен қоршаған ортамен қатар тәрбие тұлға қалыптасуының үшінші
факторы болып саналады. Тәрбиеде тұқымқуалаушылық, бейімділік пен қоршаған ортаның өзгерістері жөнге келтіріледі. Барлық балалар тәрбие-білім беру мекемелерінен өтеді, ол мекемелер педагогикалық үрдісті сауатты құрастырып, оқушылардың жан-жақты қызмет әрекетін жемісті ұйымдастырады.
Оқыту – білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгерту үрдісі, өмір мен еңбекке
бейімді етіп дайындаудың негізгі құралы.

Оқыту процесінде білім мен тәрбие мақсаттары жүзеге асырылады. Нәтижесінде адамзат тәжірибесі меңгерілетін оқушының ішкі және сыртқы белсенділігін басқару процесі. Оқытуға сәйкес даму екіжақты түсіндіріледі:

1) мидың, оның анатомиялық-биологиялық құрылымының биологиялық-органикалық пісіп-жетілуі;

2) психикалық (ақыл-ойдың) дамуы.

Әлеуметтену – бұл тұлғаның әлеуметтік жүйеге бейімделуі. Ол «бейімделу» ұғымымен
байланысты. Бейімделу (адаптация; лат. adaptatio – бейімделу) – биологиялық термин, тірі ағзаның қоршаған ортаға бейімделуі. Осылайша, әлеуметтік және психологиялық бейімделу терминдері пайда болады.

Оның нәтижесі – тұлғаның түрлі әлеуметтікжағдаяттар, микро және макротоптарға
бейімділігі. Бейімделу ұғымы көмегімен әлеуметтену былай түсіндіріледі: адамның әлеуметтік ортаға ену және оның мәдени, психологиялық және әлеуметтік факторларға бейімделу процесі.

Әлеуметтену мұнда әлеуметтік тәжірибені, құндылықтарды, нормаларды, ұстанымдарды меңгеру арқылы адамның қоғамға бейімделу және интеграциялану үрдісі. Әлеуметтену – бұл әлеуметтік байланыстар мен тәжірибені меңгерумен қатар жаңа, жеке дара тәжірибе туындайтын тұлғаның өзін-өзі дамыту және өзін-өзі іске асыру үрдісі. Ол бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Ғылымда әлеуметтену кезеңдерін ажыратуда еңбектену іс-әрекетіне сүйенеді.

1. еңбекке дейінгі кезең, дүниеге келгеннен еңбектену қызметіне дейінгі уақытты қамтиды. Бұның өзі екі кезеңнен тұрады: ерте әлеуметтену – дүниеге келгеннен мектепке барғанға дейін; жастық шақтағы әлеуметтену – мектепте, техникумда, жоғары оқу орнында және т.б. білім алуы.

2. еңбектену кезеңі, адамның жетілуін қамтиды. Оның уақыты нақты белгіленбеген, себебі бұнда адамның бүкіл еңбектену жолы енеді.

3. еңбектенуден кейінгі кезең, егде шақта еңбек әрекеті тоқтаған кезде жүреді.

Әлеуметтену факторлары — әлеуметтену үрдісі өтуіне қажет жағдайларды туғызатын
шарттар. А.В.Мудрик әлеуметтенудің негігі факторларын үш топқа біріктіреді:

макрофакторлар (ғарыш, планета, әлем, ел, қоғам, мемлекет), олар барлық ададардың
әлеуметтенуіне әсер етеді;

мезофакторлар (мезо – орташа, аралық) – ұлттық сипаты (этнос — әлеуметтену факторы), олар өмір сүретін жердің орны мен типі (аймақ, қала, ауыл);

бұқаралық ақпарат құралдары және  коммуникацияның аудиториясына байланысты анықталатын адамдардың үлкен тобының әлеуметтену жағдайлары;

микрофакторлар – нақты адамдарға тікелей әсер етушілер – жанұя, жостары, микроортасы, әлеуметтік тәрбие жүргізілетін ұйымдар – оқу, кәсіби, қоғамдық және т.б.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
1. «Жеке тұлға» және оның құрылымдық ұғымдарының мағынасын ашыңыз.
2. Тұлға дамуының қозғаушы күштері қандай?
3. Тұлға қалыптасуына әсер ететін негізгі факторларды атаңыз.
4. Әлеуметтену процестерінің мәні неде? Әлеуметтену факторларына сипаттама беріңіз.
5. Тұлғаның әлеуметтенуі, дамуы және тәрбиесі өзара қандай байланыста?
Әдебиеттер
1. Котова И.Б., Шиянов Е.Н. Социализация и воспитание. – Ростов-на Дону. 1997.
2. Мудрик А.В. Социализация и смутное время. – М., 1991.
3. Шиянов Е.Н., Котова И.Б. Развитие личности в обучении. – М., 1999.
4. Иманбаева С.Т., Майғаранова Ш. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу
құралы. Абай атындағы ҚазҰПУ –нің РОӘК ұсынған. –Алматы: «Онон». -2017. – 336 б.
5. Касымова Р.С., Шағырбаева М.Д. Педагогика курсы бойынша тапсырмалар жинағы. Оқуәдістемелік құрал.Алматы: ҚУ.,2016ж, 192 б.

Дереккөз: ҚазҰУ, филология факультетінің дәрісі

Ұқсас материал: 

  1. Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері
  2. Педагогикалық үдеріс — әлеуметтік жүйе, белгілері мен сапа-қасиеттері
  3. Терминге қойылатын талаптар
  4. Көркем троптар, олардың түрлері
  5. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  6. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  7. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  8. Көркем туынды – әсемдік әлемі. Тақырып пен идея бірлігі
  9. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  10. Әдебиеттің тектері мен түрлері
  11. Көркем шығарма тілі туралы ақпарат

ПІКІР ҚАЛДЫРУ