Тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін факторлар. Отбасы – бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және белсенді субъектісі

0
13984
Иллюстрация: Freepik.com

Мақсаты: студенттерге бала тұлғасын қалыптастырудағы психо-физиологиялық және әлеуметтік факторлардың, отбасының әсерін түсіндіру.

Жоспар:
1. Тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін факторлар.
2. Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» ұғымдары және олардың арақатынасы. Тәрбиенің негізгі тұғырлары.
3. Отбасы – бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және белсенді субъектісі.

Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» ұғымдары және олардың арақатынасы. Педагогика ғылымында тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, оқыту, дамыту, қалыптастыру, әлеуметтендіру, табыстылық, тұлғаның құзыреттілігі т.б. негізгі категориялары мен ұғымдары болып табылатыны белгілі.

Тәрбие үдерісінде тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» бір — бірімен тығыз байланыста дамиды. Даму дегеніміз, ең алдымен адам ағзасындағы физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер. Бұл өзгерістер белгілі бір әлеуметтік ортада болады. Адам биологиялық жанды зат ретінде дүниеге келеді де, ол даму үрдісінде әлеуметтік қызметтерді (өмірге, адамдарға, еңбекке, тұтастай қоғамға қатысты, т.б.) атқару арқылы ғана тұлға болып қалыптасады.

Тәрбие әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда қоғам бақылайтын және түзету
енгізетін, жастарды мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып бағыттайтын, қоғамның қазіргі және болашақ өміріне қатысуға мақсаттылықпен даярлау ісі. Тәрбие туралы түсінікке баланың жеке басының қалыптасуы мен дербес ерекшеліктерін ескерумен іске асырылатын толық қанды және толық құқылы тұлға тәрбиелеуге болады деп тануды талап ететін және педагогикалық үдерістің субьектісі ретінде тұлғаның қоғамдағы жаңа ұстанымы орнығады.

Тұлғаның қалыптасуы ұғымына баланың қоғамда өздігінен өмір сүруге қабілеттілігі, өз
тағдырына өзі үкім ете білуі және өзінің қарым-қатынасын түсіне білу қабілетін меңгерген, сонымен бірге құндылық атаулыны тұрақты таңдай алу сияқты дамудың шартты түрдегі жетістіктері жатады.

Тұлғаның қалыптасуы – тұлғаның шындықпен өзара әрекеті барысындағы өзгеріске түсу үдерісі және оның дене құрылысы мен әлеуметтік-психологиялық жаңаруындағы өзгерістердің пайда болуы.

Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында тәрбие ортадан дамуына қажетті материалды іріктейді; жағымсыз ықпалдардан шығу жолдарын іздестіреді; оқушының мүмкіншілігін анықтайды, ашады, табиғи нышандарының дамуына жағдай жасайды.
Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі көптеген идеяларға негізделеді:

— адамды қабілетіне және дарындылығына сүйеніп, жан-жақты дамыту;

— ересек адамдар мен балалардың бірлесу ісәрекеттерінің ынтымақтастығы, мұғалім мен балалар еңбегінің бірлестігі, мұғалімнің балаға ерекше көңіл аударуы, ата-аналармен мен мұғаліммен ынтымақтастық, өзін-өзі құрметтеу идеясы , өзінөзі тәрбиелеу т.б.

Тәрбие адамның ішкі жан дүниесіне ұнамды қозғау салып, өзіндік өңдеу белсенділігін
арттыра алса ғана, адам өз дамуындағы қызметін орындай алғаны.

Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның
кемелденуін және тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді.

Балада табиғаттан, тумысынан жалпы адамдарға тән сөйлеу мәдениеті және жеке өз басына байланысты әртүрлі нышандар қоры, табиғи қасиеттері жеке адамның өзіндік мүмкіншіліктерін құрайды, солар арқылы түрлі қабілеттіліктердің қалыптасуы басталады.

Табиғи мүмкіншіліктер адамның әлеуметтік өмір әрекеттерінің барысында дамиды.
Адамның өмір сүру ортасы болмаған жағдайда табиғи нышандардың, қабілеттіліктер мен бейімділіктердің де күші жойылады.

Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор, ол – адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық, дағдысына бағытталған жұмыс. Егер тәрбие жеткіліксіз, әлсіз болса, баланың қалыптасуына кері әсер етеді.

Жеке тұлға дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы әсерлер екі топқа бөлінеді: ішкі және сыртқы. Қоршаған орта, тәрбие – сыртқы әсерлер. Сыртқы әсерлерінен пайда болатын сезімдер мен толғаныстардың жиынтығы – ішкі әсерлерге жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы – осы екі фактордың байланысынан пайда болады.

Тұлғаны әлеуметтендіру біріккен қарым-қатынас іс-әрекет барысында қалыптасады. Педагог кез келген қызметке кірісуі үшін алдын ала қойылатын талаптарды ескереді. Педагогикалық талапты орындау ғана педагогикалық мақсатты қатынастардың нәтижелі болуын қамтамасыз етіп қоймайды. Балалар ұжымындағы шағын топтардың пікірі мен беретін бағасы және іс-қылықтары да маңызды.

Тұлғаны әлеуметтендіруде әлеуметтік тұрғыда отбасына әлеуметтік-экономикалық,
құқықтық, психологиялық және педагогикалық, баланы отбасына тәрбиеге алған отбасына қолдау көрсету, көп балалы және мүгедек балалы отбасы балаларының денсаулығын нығайтуға көмектесу негігі орын алады.

Тәрбиенің негізгі тұғырлары

Тәрбие көп факторлы, күрделілігі оның сан-алуан болуымен қарастырылады. Мектепте
тәрбие тұлғаның іс — әрекет, қарым – қатынасы арқылы, барлығы интеграциялы түрде іске асады.

Тұлғаның біртұтастығын қамтамасыз ету тәрбие жүйесінің мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, әдістері мен формаларын, ұстанымдарын, пайдаланатын құралдарын тығыз байланыста жүргізуді қажет етеді.

А.Маслоудың тұжырымдауын негізге алатын болсақ тұлғаның өзін негізгі құндылық
тұрғысынан қарастырыла отырып, тұлға бойындағы құндылықтарды қоғам және әлеуметтік орта арқылы қатынастарда қалыптастыру болып табылады. Расында да, өмірдің құндылық қоғам мен әлеуметтік ортаның мақсаты мен міндеттері, мемлекеттік экономикалық даму үдерісі арқылы іске асады. Тұлғаның құндылықтары атадан берілген тек арқылы дамитыны, қоғам мен әлеуметтік ортаның даму мен сұранысынан туындайтыны белгілі. Қоғам өркениеттік деңгейде дамыған сайын тәрбие үдерісіне қойылар талап та өзіндік ерекшелігімен өрнектеледі.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде тәрбие үдерісін ұйымдастырудың келесі
әдіснамалық тұғырларын ұсынады:

Өркениеттілік тұрғысынан алатын болсақ еліміз әлемдік деңгейде білім кеңістігіне
кіріктірілуі тәрбие үдерісіне де жаңашыл көзқарастармен қарауды талап етіп отыр. Ұлттық және әлемдік құндылықтарды кіріктіре отырып, әлемдік деңгейде талап етілетін құндылықтарды тұлғаның бойына сіңіруімізбен қатар, қоғамда әлемдік деңгейде көзқарастарды қалыптастыру.

Қазақ елі көп ұлттың басын біріктіріп отырған демократияшыл және өркениетті елдер тұрғысынан мәдениеті, рухани — адамгершілік құндылықтар жағынан әлемдік өркениет көшіне ілесе алатын елдер қатарынан табылуы өркениеттіліктің басты шарты де бағаланады.

Тұлғалық-бағдарлы тұғыр – өзара байланысты түсініктер, идеялар және іс-әрекет тәсілдері жүйесіне сүйену, тұлғаның өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіру процесіне қолдау көрсету, оның дербестігін дамыту. Тұлғалық ықпал тұрғысынан — әр тұлғаға оның жас ерекшелігімен қоса мінезқұлқы, өзінің туа біткен темпераментіне, психологиялық жаратылысына байланысты әрекет ете отырып, оның бойындағы рухани адамгершілік құндылық қасиеттерін дамытуға ықпал ету.

Аксиологиялық тұғыр – адамның әлемге, өзге адамдарға, өз-өзіне және т.б. қарым-қатынасын ұғынуымен және тұлғалық мағынасымен анықталатын ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар. құндылықтар жүйесі негізінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлы дала елінің мәңгілік ел идеясы негізінде тұлғаның бойындағы ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталады.

Ата — баба дәстүрінен бастау алатын ұлттық мәдениет, руханилық адам бойындағы негізгі құндылықтардың бірі болып табылады. Рухани — адамгершілік құндылықтар халқымыздың бойындағы құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарастыруға болады. Көне түркі заманнан бастау алған рухани — адамгершілік құндылықтар тұлға бойындағы ізгілік қасиеттерді қалыптастырады.

Қызметтік тұғыр – тұлғаның оның қызметімен бірлігі, ол тұлғаның құрылымдарына тікелей және жанама түрде өзгеріс жасауды жүзеге асырады.

Құзыреттілік тұғыр – тәрбие мақсаттарын анықтаудың, тәрбие процесін ұйымдастыру мен оның нәтижелерін бағалаудың, оқушыларда құзыреттіліктерді қалыптастыруда және олардың табысты әлеуметтенуін қамтамасыз ететін ортақ ұстанымдар жиынтығы.

Әлеуметтік тұғыр – тұлға мақсаты мен міндеттеріне әлеуметтік ақиқаттың өмір бойы ықпал етуі, осы ықпалдың адам және қоғам үшін педагогикалық салдарлары.

Әлеуметтік тұрғыда ықпал ету тұғыры — әлеуметтік орта мен тәрбиелік кеңістікті орнықтыру, тұлғаны әлеуметтендіру үрдісі,  әлеуметтік қарым-қатынас негізінде тұлғаның рухани-адамгершілік құндылығын қалыптастыруға
бағытталады.

Қоғам мен әлеуметтік ортаның дамуы мен сұранысынан тәрбие жүйесінде тұлғаның
қоғамға бейімделуі, әлеуметтенуі т.б. мүмкіндік жасалады.

Іс — әрекеттік тұғыр негізінен қарастыратын болсақ тұлғаның тәрбиелік қасиеті оның
іс – әрекеті, қарым — қатынас, мінез — құлқы негізінде іске асатынын негізге ала отырып, тұлғаның құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағытталады.

Жүйелілік тұғыры – нысанды оны құрайтын бөліктердің жиынтығына жатпайтын және иерархиялық құрылымы бар күрделі құрылыс ретінде қарастыруды көздейді. Жүйелі түрде қарастыру құрылымдық компоненттерді, олардың қызметін бөліп көрсетуді, қызметтікиерархиялық байланыстар орнатуды, жүйеқұраушы факторларды анықтауды, сыртқы байланыстарды талдау қажет.

Жүйелілік тұғыр тәрбиенің мақсаты, міндетіне сәйкес, мазмұнын жүйелі құра білу, жүйелі, бірізді, сабақтастықта берілуі оқушының санасы мен танымына ықпал
етеді.

Антропологиялық тұғыр – адамды оның әлеммен жан-жақты байланыстарында және тіршілік әрекеті көріністерінің алуан түрлілігінде қарастыруға мүмкіндік беретін бірін-бірі өзара толықтыратын компоненттер жиынтығы, ол өмір сүрудің күнделікті формасында, оның ішінде білім беруде нақты адамзат қоғамында педагог-оқытушы-тәрбиешіні абстрактілі емес, деректі оқушыны, студентті тәрбиелеуге бағдарлайды.

Гуманистік бағыт тұғыры – педагогтың тәрбиеленушіге өз дамуына жауапты және дербес субъект ретінде қараудағы жүйелі қарым-қатынасы, оның тәрбие процесінде адамгершілік қарымқатынас негізінде тұлғамен және ұжыммен өзара әрекеттесу стратегиясы.

Диалогтылық тұғыр – бір мезгілде қоғамдық мүдделер мен тұлғалық-құндылықты
мақсаттарды іске асыруын сақтай отырып, басқару тәжірибесін қалыптастыру, міндеттемелер мен ынтымақтастықтарды орындау, өзіндік менеджментке қабілеттерін дамытуды қалыптастыру үшін балалардың түрлі, оның ішінде педагогтер ұйымдастырған бірлестіктерінің мүмкіншіліктерін қолдануды көздейді.

Мәдени сәйкестілік тұғыр – тәрбие мәдениеттің жалпыадамзаттық құндылықтарына
негізделініп, жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениет нормаларына сәйкес құрылуы тиіс.

Мәдениеттану тұрғысынан — ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани мәдени дәстүрлер ұлттық сананың, танымның негізі болып табылады.

Үздіксіздік тұғыр – тұлғаны тіршілік әрекетінің барлық кезеңінде жан-жақты дамыту, оның кәсіби және жалпымәдени өсуін, шығармашылық әлеуетін байыту, күші мен қабілеттерін толық іске асыру мүмкіндіктерін арттыру.

Табиғи сәйкестілік тұғыр– табиғат дамуының ортақ заңдарының басымдығы; табиғи және әлеуметтік процестердің өзара байланысы; тәрбие жұмысында білім алушылардың жынысы мен жас ерекшеліктерін ескеру.

Тұтастық тұғыр — оқу және оқудан тыс қызметтердің кіріктірілуімен қамтамасыз етіледі: оқу қызметі қазақстандық сәйкестіліктің когнитивті құрамдасын қалыптастырады; сабақтан тыс қызметте эмоционалды-құндылықты мінез-құлық компоненті дамиды.

Этнопедагогикалық тұғыр – азаматтық келісім мен үйлесімге, қоғамдық қатынастарға қол жеткізу, этникалық мәдениеттердің бірігу негізінде жалпыұлттық мәдениеттің гүлденуіне ықпал ететін мәдениетжасаушы ортаны қалыптастыру.

Тәрбиенің әдіснамалық негізі мәдениеттану, аксиологиялық, өркениеттік, жүйелілік,
тұлғалық, тұлғаға ықпал ету, тұтастық, әлеуметтік, іс – әрекеттік, этнопедагогикалық т.б. тұғырлары тұрғысынан қарастырылып, тұлғаның танымын, санасын, шығармашылық дамуын қалыптастыруға үлкен әсер етеді.

Тәрбиенің әдіснамасы дегеніміз — тәрбиенің тарихилығының айқындалуы, мақсаты, міндетіне, әдіс — тәсілдеріне сәйкес мазмұнын жүйелі құра білу, бірізді, сабақтастықта ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани мәдени дәстүрлер тәрбие үдерісіне жаңашыл көзқарастармен теориялық тұрғыда енгізе отырып, тұлға бойындағы ізгілік қасиеттерді оның іс – әрекеті, қарым — қатынас, мінез – құлқында көрініс табуы. Тұлғаның қоғамға бейімделуі, әлеуметтенуі, ұлы дала елінің мәңгілік ел идеясы негізінде еліміз әлемдік деңгейде білім кеңістігіне кіріктірілуі, тұлғаның бойындағы ұлттық құндылықтарды, ұлттық сананы, танымын қалыптастыру болып табылады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Тәрбие үдерісінде тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру»
ұғымдарының мәнін ашып, олардың ара қатынастарын көрсету.
2. Баланы тәрбиелеудегі ата-ананың, отбасының ролі.
3. Тұлғаны әлеуметтендірудің факторын мысалдармен көрсету.
4. Тәрбиенің негізгі тұғырларын жіктеп көрсету.
Әдебиеттер:
1. Әлқожаева Н.С. Педагогика (оқу құралы)-Алматы, 2016.
2. Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т., Берикханова А.Е. Педагогика. Оқулық. – Алматы: 2017.
3. Котова И.Б., Шиянов Е.Н. Социализация и воспитание. – Ростов-на Дону. 1997.
4. Мудрик А.В. Социализация и смутное время. – М., 1991.
5. Шиянов Е.Н., Котова И.Б. Развитие личности в обучении. – М., 1999.

Дереккөз: ҚазҰУ, филология факультетінің дәрісі

Ұқсас материал: 

  1. Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері
  2. Педагогикалық үдеріс — әлеуметтік жүйе, белгілері мен сапа-қасиеттері
  3. Тәрбие теориясы. Тәрбиенің заңдылықтары мен ұстанымдары. Оның міндеттері мен қызметтері.
  4. Терминге қойылатын талаптар
  5. Көркем троптар, олардың түрлері
  6. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  7. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  8. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  9. Көркем туынды – әсемдік әлемі. Тақырып пен идея бірлігі
  10. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  11. Әдебиеттің тектері мен түрлері
  12. Көркем шығарма тілі туралы ақпарат

ПІКІР ҚАЛДЫРУ