Оқу сауаттылығынан мәтін тақырыбын қалай қояды?

0
1690
Иллюстрация: Freepik.com

Мәтіннің тақырыбын қалай қойсақ болады? Осы сұрақ оқу сауаттылығы бойынша барлық оқушыны мазалайтын болар.

Ендіше, оны шешу жолдарын қарастырайық:
— Мәтіннің негізгі ойы, идеясы мәтіннің соңында не басында болады.
— Сенің мәтін оқыған кездегі эмоцияларың қандай болды? — Эмоцияларыңмен байланыстыра отырып, мәтіннің тақырыбын анықта.
— Автор мәтін арқылы нені жеткізгісі келді?
— Микротақырыптарға назар аудар, яғни барлық мәселелер, оқиғалар арқылы автор не жеткізгісі келген?
— Мәтін не үшін, кімге/неге арнап жазылған?

Оқу сауаттылығынан «мәтінге тақырып қою» сұрағы басында келеді. Әрі кетсе 2-3 минутың кетеді. Сондықтан бірнеше рет қайталап оқуыңа болады.

Осы факторларға сүйене отырып сенің мәтінге тақырып қоюыңа болады. Мысалға мынадай мәтін алайық:

Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт – әркімнің нақтылы өмірлік капиталы. Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан теңгемен тең. Адамның ақшалай уақыты адамның өзіне байланысты. Біреудің бір сағаты мың теңге болса, енді біреулердікі бір тиын. Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар, тек оны әркім әр түрлі пайдаланады.
Уақыт – ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат. Дүниеде уақыт белгілегеннен артық демократия жоқ. Мұндағы ақсүйектік уақытты пайдалануға байланысты, кім уақытын бағалай білсе, сол ғана тектілердің қатарына қосылмақ.

Бұл мәтінде жалпылай алғанда, басында да, соңында да уақыт туралы айтылған. Негізгі ойы, идеясы – Уақыттың қадірі туралы. Эмоциямен байланыстыратын болсақ, өзіміздің уақытымыз қалай өтіп жатқандығы, оны қадірлеу керек екені бір сәт елестеп кетеді. Автор бізге бұл мәтін арқылы уақыттың қадірін, оның біздің өміріміздегі ең қымбат құндылық екенін жеткізгісі келді.

Мәтінге қойылған «автор бұл үзіндіде не істеді?» сұрағынан соң мына сұрақтарды мәтін үзіндісіне қойып көр:

Кім – бұл үзіндіде адамды немесе адамдар тобын сипаттайды ма?

Қашан – үзіндіде болған жайттың уақыты көрсетілген бе?

Қайда – үзіндіде оқиғаның қайда болғаны көрсетілген бе?

Неге – бұл болған оқиғаға себеп бар ма?

Жалпы, мәтінге басқа да сұрақтар қоюға болады – «қаншалықты?», «қалай?», «не үшін?», т.б. Сұрақтар негізгі идеяның ашылуына септігін тигізеді.

Тағы да бір мәтінді алып қарасақ:

Ағайынды Райттарға дейін мыңдаған жылдар бұрын ұшатын аппарат ойлап табу идеясы мұсылман ақыны, астроном және инженер Аббас ибн Фирнастың ойына келді. 852 жылы ол мешіттің төбесінен еркін желбірейтін плащқа ағаш тақтайшаларды жабыстырып секіреді. Фирнас құс сияқты қалықтап ұшамын деп ойлағанымен, бұл ойы іске аспайды. Плащ ғалымнығ құлауын біршама баяулатқаны болмаса, толыққанды парашюттің міндетін атқара алмады. Осылайша ғалым аздаған қорқыныш пен болмашы жарақатпен құтылады. 70 жасында аппаратын жетілдірген Фирнас бұл жолы таудан секіруді жөн көреді. Ол ауада 10 минут қалықтап тұрады, бірақ нәтижесінде сәтсіздікке ұшырайды: бар мәселе аппаратқа құйрық жасамауында еді.

Мәтін мазмұнына жуық тақырыпты таңдаңыз:
А) Фирнастың ерлігі – ерлік туралы айтылмаған, тек оның сәтсіздігі туралы

В) Фирнастың ермегі – оның аппараты ермек болмады

С) Арманға қол жекізу – арманға қол жеткізу туралы ақпарат жоқ

D) Ағайынды Райттар – мәтінде алғашқы өнертапқыш туралы айтылды

Е) Алғашқы өнертапқыш

Жалпы, мәтіннің басын алып қарасақ, Ағайынды Райттар басында тұрғанымен, мәтінге оның мүлде қатысы жоқ. Мәтінде мұсылмандар арасынан шыққан алғашқы өнертапқыш туралы айтылған. Негізгі идеясы да алғашқы өнертапқыш туралы, оның сәтсіздіктері, Ағайынды Райттардан бұрын аппаратты ойлап тапқындығы айтылады. Мәтінді оқығанда да эмоциямен «О, алғашқы өнертапқыш мұсылман екен ғой, керемет» деп айтқан шығарсыңдар.

Басқа материалдар:

  1. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  2. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  3. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  4. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  5. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  6. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  7. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  8. SMM маманы деген кім?
  9. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  10. Web-дизайнер деген кім?
  11. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…
  12. Бизнес-профиль деген не?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ