Өміріміздегі қарапайым үрдістер

0
1403

1. Сізге тән беріледі.
Сіз оны не жақсы көресіз, не жек көресіз. Бірақ тірі тұрған күніңізде ол сіздікі бола береді.

2. Сабақ аласыз.
Сіз өмір атты санада жоқ мектепке тәулік бойына тіркеліп қойғансыз. Бұл мектепте күн сайын сабақ алу мүмкіндігіңіз бар. Сіз сол сабақтарды жақсы көруіңіз ықтимал немесе олардың таза ақымақтық, пайдасы жоқ деуіңіз де мүмкін.

3. Өсуге талпыну.
Өсу – жасап көру мен қателік жасау тізбегі. Сізді құлатқан тәжірибе де, ойдағыдай тәмамдалған дүние де үдерістің бір бөлігі.

4. Сабақ сіз оны жаттап алғанша жалғасады.
Бір сабақ бірнеше сипатта кездеседі. Сіз оны жаттап алғанша алдыңыздан шығады да отырады. Бірін түсінген соң екіншісін жаттауға кірісесіз.

5. Сабақ оқуды ешқашан тоқтатпайсыз.
Өмірдің қай қырына шықпа, әр жағынан өзіне тән сабақ күтіп тұрады. Тірі тұрғаныңызда сабақ алудан қашып құтыла алмайсыз.

6. «Онда» «мұндағыдан» артық емес.
Сіздің «ондаңыз» «мұндаға» айналмайынша, сізге «ар жақтағының» бәрі ғажап болып көріне бермек.

7. Өзге адам сіздің айнаңыз.
Сіз бір нәрсені жақсы көріп, не жек көре алмайсыз. Егер сол жек көрген, яки жақсы көрген дүние өз бойыңызда болмаса.

8. Өміріңізден не жасайтыныңыз сізге ғана байланысты.
Сізге керектінің бәрі сіздің қолыңызда. Одан не жасайтыныңыз өз еркіңізде. Таңдау жасау сізге байланысты.

9. Сіз мұқтаж жауаптың бәрі өз бойыңызда. Сіз тек көріп, тыңдап, сезіп, сене біліңіз.

10. Сіз осы оқығаныңызды бірден ұмытасыз.

Бернард Гюнтер
Аударған Шынар Әбілдә


ПІКІР ҚАЛДЫРУ