Оқушылар республикалық турнирге қатысуға мүмкіндік алды

0
1756

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Халық Қаһарманы», қазақтың алғашқы ұшқыш қызы Хиуаз Доспанова атындағы қалалық математикалық турнир оқушыларға арналған Республикалық физика-математикалық бағыттағы «АлгорИФМ» журналының ұйымдастыруымен өтті. Турнир тапсырмалары осы журнал беттерінде жарияланған есептерден берілді. Қатысушылар турнир тапсырмаларын орындап, алда жоспарланып отырған Республикалық турниргеқатысуға мүмкіндік алды. Байқауға «Құрмет» орденінің иегері, республикамызға танымал ұстаз, математик, «АлгорИФМ» журналының ақылдастар алқасының төрағасы Әбдімәжит Өтештің басшылығымен Алматы қаласы З. Қиябаева атындағы «Атаулы мектеп» меңгерушісі, «АлгорИФМ» журналының ақылдастар алқасының математика бөлімінің жетекшісі Зәмзәгүл Қиябаева бастаған математиктер төрелік жасады.

Турнирге Алматы қаласының 30 мектебінен 1500-ге жуық оқушы қатысты.  Нәтижесінде 260 оқушы жүлделі орындарға ие болса, соның ішінде Ш. Смағұлов атындағы облыстық физика-математикалық мектептің 16 оқушысы жүлделі орынды иеленді. Аталмыш мектептің 8- сынып оқушысы Абдал Сұлтанбек  Бас жүлде сыйлығы, заманауи «Смарт» сағатты  жеңіп алды. Сондай-ақ,№39 мамандандырылған лицей ұжымынан байқауға оқушы 30 оқушы қатысып, топтық көрсеткіш бойынша 18 оқушысы жүлделі орынды иеленді.№143 мектептен 30 оқушы қатысып, 12 оқушысы жүлделі орынды иеленіп, өз білімдерін көрсете білді. Физика- математика бағытындағы бірқатар мамандандырылған мектептер №178 лицей оқушылары, №173 мектеп-лицейдің 12 оқушысы және №126 мамандандырылған мектептің 13 оқушысы, Тамос Эдьюкейшн, АлгорИФМ  мектептерінің оқушылары да жүлделі орындардан көріне білді.

Жалпы білім беретін мектептердің ішінде  №2 мектептің 2 оқушысы, №8 мектептің 1 оқушысы, №33 мектептің 7 оқушысы, №82 мектептің 1 оқушысы, №107 мектептің 3 оқушысы, №148 мектептің 8 оқушысы,№149 мектептің 4 оқушысы, №152 мектептің 3 оқушысы, №154мектептің2 оқушы, №163 мектептің 1 оқушы, №164 мектептің  2 оқушы, №181 мектептің 1 оқушысы, №182 мектептің 13 оқушысы, №184 мектептің 3 оқушысы, №185 мектептің 2 оқушысы,   №179 мектептің4 оқушысы жүлделі орындарды иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.Жүлделі орындарға І.ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен қатар оқушылар арасында жоғары сұранысқа ие заманауи «Смарт» сағаттар, «Монопот» сияқты бағалы сыйлықтар  тапсырылды. Турнирге қатысқан әрбір оқушыға  қатысқаны туралы  сертификатпен «АлгорИФМ» журналының бір данасы  берілді. Аталған мектептерді лайықтыжеңістеріменшынжүректенқұттықтаймыз! Таланттарыңызшабыт пен шығармашылықтыңсарқылмайтынәл-ауқатыменәрқашанқуаттанып, осы сәттіліктеріңізоқушыларыңыздыңжүректерінжандырып,2017 жылдың 13 мамырына  жоспарланып отырған Республикалық турнирде өз біліктіліктерін көрсетеді деп сенеміз. Бұл іс-шара оқушылардың математика іліміне деген ынтасын, құштарлығын көтеруге  үлесі зор , игі іс болды.

Э.Ж. Рапилова

«АлгорИФМ» Республикалық физика-математикалық журналының жауапты хатшысы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ