Ораза кестесі болмаған жағдайда не істеу керек?

0
1474

Мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында ораза тұту — парыз. Жыл сайын Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы еліміздегі барлық облыс орталықтары мен шағын қалаларға арналған ораза ұстау кестесін бекітіп отырады. Алайда көптеген аудандар мен ауыл тұрғындары үшін ораза кестесінің болмауына байланысты сұрақтар туындап жатады.

Бұл сұрақтың жауабын Республикалық Әзірет Сұлтан мешітінің наиб имамы  Бақытжан Өткелбаев жауап береді.

«Кезінде аталарымыз ораза ұстаған уақытта бүгінгідей арнайы ораза кестесі болған жоқ. Ол кісілер таңның атысы мен күннің батысына қарап ораза ұстаған. Сәресі яғни ауыз бекіту уақыты таң намазының кіруімен байланысты. Таңның атуына да аса мән беру керек, таң алдында бірінші найзадай болып қана күннің шапағы көрінеді, кейін көкжиектен арайлап,  шашырап көріне бастайды. Осы кезде ауыз бекітуіміз керек.  Ал, күн ұясына толық батқан кезде ауыз ашар уақыты келеді. Қазіргі таңда қалалық жерлерде биік ғимараттардан таңның атқаны мен күннің батқанын бақылау мүмкін емес. Сол себепті кестеге жүгінгеніміз жөн. Аудандық, ауылдық жердегі кісілер облыс орталығы бекіткен кестемен бекітсе болады», — дейді наиб имам Бақытжан Өткелбаев.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ