Орман тұрғындары тақырыбындағы ашық сабақ

0
2375
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Тақырыбы: Орман тұрғындары

Білім беру саласы: Әлеумет

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Экология негіздері

Мақсаты:Жабайы жануарлар түсініктерін байыту.Оларды бір-бірінен ажырата білуге және дұрыс айтуға үйрету.Жабайы жануарлардың/аю,түлкі,қоян,кірпі/ сипаттық белгілерін бвйқай білуге үйрету арқылы зейіндерін дамыту.Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып,тілдерін,ойын арқылы эмоциялық сезімдерін дамыту.Олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсінітерін бекіту.Воскобич педагогикасын пайдалана отырып,балалардың саусақ қимылдарын дамыту,ұқыптылыққа,төзімділікке тәрбиелеу,бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Интеграция:Коммуникация,Таным.

Сөздік жұмыс:орман тұрғындары,жабайы жануарлар.

Билингвальді компонент:аю-медведь,қоян-заяц,түлкі-лиса,орман-лес.

Көрнекілік:фланеграфта қоян,аю,түлкі,кірпі суреттері,үй жануарлардың муляж,бала санына сай жануарлардың суреті жапсырылған тақтайша,резеңке.

Мотивациялық қозғаушы

Тәрбиеші:-Балалар көңіл-күйлерің қалай?

Балалар:-Жақсы

Тәрбиеші:-Жақсы көңіл-күйімізді көрсете сәлемдесейікші.

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң,қайырлы күн!

Сәлеметсіздер ме,апайлар!

Сәлеметсіздер ме,достарым!

Достарымды көргенде мен қуанамын.

Балалар жақсы көңіл-күймен оқу іс әрекетімізді жалғастырайық.

Балалар:Шаттық шеңберінде тұрып іс-әрекет жасап қайталайды.

Ұйымдастырушылық-ізденуші

Тәрбиеші:Мына үстел үстіне қараңдаршы,не көріп тұрсыңдар?

Балалар:Үйді көріп тұрмыз.

Тәрбиеші:Үйдің жанында қора бар екен.Қораның ішінде нелер тұр?

Балалар:-Қора ішінде қой,ешкі,сиыр тұр.

Тәрбиеші:Енді бұл жануарларды қалай атаймыз?

Балалар:-Үй жануарлары деп атаймыз.

Өте жақсы.

Тамаша.Бұл «үй жануарлары»екен.Үй жануарларына адамдар қамқорлық көрсетеді,оларды күтіп,баптап қарайды.Бүгін мен сендерге орман тұрғындары жайлы айтып бергім келеді.

Мұқият тыңдайық/әңгімелесу/

Балалар әңгімені мұқият тыңдайды.

Көктем мезгілі келіп,орман ішіне күн бар сәулесін,шуағын төгіп түрды.Күн шуағынан жылу алып жерде шөптер өсуде,ағаштардың бұтағынан бүршік жарып жапырақтар жайқалып өсуде.Орман ішіндегі гүлдер,саңырауқұлақтар көптеп өсіпті,сылдырлап аққан судың дауысы да естіледі.Қыс бойы ұйқыда жатқан аю ұйқысынан оянып сылдырлап аққан судың қасына келіп,қызықтап қарап тұрыпты.Ал,қоян болса қорқа-қорқа секіріп ағаштың жанына келіп тығылып отырыпты.Түлкі құйрығын бұлғаңдатып орман ішін айнала жүгіріп келеді.Көктем мезгілінде орман тұрғындарының тіршілігі осылай басталыпты.

/Әңгіме басталған сәттен бастап фланеграфта күн,шөп,тал,гүл,саңырауқұлақ,су,аю,қоян,түлкі,кірпі суреттері ілінеді./

Тәрбиеші:Балалар,орманда қандай жануарлар өмір сүреді екен?

Балалар:-Аю,қоян,түлкі,кірпі.

Тәрбиеші:Бұл жануарларды»жабайы жануарлар»деп атаймыз.Жабайы жануарлар орманда мекендегендіктен орман тұрғындары деп атаймыз.Жабайы жануарлар өзазығын өздері тауып жейді.

Сөздік жұмыс:Орман тұрғындары,жабайы жануарлар.

Балалар қайталайды.

-Орман тұрғындары,жабайы жануарлар.

Тәрбиеші:Балалар,қараңдаршы осы жануарлардың ішінде ең үлкен жануар қайсы.

Балалар:Аю үлкен жануар.

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар,аю үлкен екен.Аю үлкен болсада оның құлағы кішкентай екен.Аю балды,құлпынайды,балықты жақсы көреді екен.

Балалар аюға арнап тақпақ айтып берейікші.

Балалар:Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Тәрбиеші:Түлкі аюдан үлкен бе,кішкентай ма?

Балалар:Аюдан түлкі кішкентай.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар,түлкі кішкентай екен.Балалар,түлкінің түсі қызғылт сары.Түлкі өте қу,айлакер екен.Түлкінің құйрығы қандай?

Балалар:Ұзын.

Тәрбиеші:Ал қоянның түсі қандай?

Балалар:Қоянның түсі ақ.

Тәрбиеші:Қоянның құлағы ұзын ба,қысқа ма?

Балалар:Қоянның құлағы ұзын.

Тәрбиеші:Қоян аюдан үлкен бе,кішкентай ма?

Балалар:Қоян кішкентай,аю үлкен.

Өте жақсы.Балалар қоян кішкентай шөптерді,сәбізді және ағаш қабықтарын жақсы көреді.Қоянға арнап тақпақ айтып береміз ба?

Ұзын құлақ,сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

/іс әрекет жасай тақпақты айтады/

Бәрекелді,жарайсыңдар!

Балалар,мынау кірпі,оның үсті тікенекті болады.Ол тікенегінің көмегімен өз жауларынан қорғанады.Кірпі өте иіс сезгіш жануар.Кірпі саңырауқұлақ,алма,алмұрт,кішкентай шөптерді жейді.Кірпі кішкентай жануар.Балалар,қараңдаршы,аюдан,қоян,мен кірпі кішкентай екен,иә

Қайталайды.

Билингвальді компонент:

Аю-медведь,қоян-заяц,түлкі-лиса,орман-лес.

Аю-медведь,қоян-заяц,түлкі-лиса,орман-лес.

Бойымызды сергітіп алайық:

Ян-ян-ян-секіреді қоян.

Ю-ю-ю-қорбаңдаған аю.

Кі-кі-кі-бұлаңдаған түлкі.

Пі-пі-пі-жүріп келеді кірпі.

Балалар тәрбиешімен бірге қайталап іс-әрекет жасайды.

Секіреді,

Қорбаңдайды,

Бұлаңдайды,

Жәй жүреді.

Бәрекелді балалар!

Балалар мына үстел үстінде тағы орман тұрғындарының суреті бар.Соны орман ішіне апарыа орналастырайықшы.

Айзере келе ғой,сен қай жануарды орман ішіне орналастырасың?

Балалар кезектесіп келіп орман тұрғындарын орналастырады.

/осылайша қайталанады/

Бәрекелді,орман тұрғындарын танып білдік.

Енді бір ойын ойнайық:

«Қандай тағам жейді?»ойыны.

Алдымыздағы суреттер жапсырылған тақтайша бар.Әр жануарлардың жақсы көретін қоегін/тағамымен/резеңке арқылы біріктіріп көрсеу керек.

Балалар ойын тапсырмасын мұқият тыңдап,жұмысқа кіріседі.Тапсырманы орындайды.

/Балалардың тапсырманы дұрыс орындауларын қадағалау/

Жарайсыңдар,балалар,өте жақсы орындадыңдар.

Рефлексивтік-түзетушілік

Тәрбиеші:-Балалар,бүгін орман тұрғындарын танып білдік.Орман тұрғындарын атап айтыңдаршы?

Балалар:Аю,қоян,түлкі,кірпі.

Тәрбиеші:-Бұл жануарлар қандай жануарлар?

Балалар:Жабайы жануарлар.

Тәрбиеші:-Бұл жануарлардың ішінде ең үлкені қайсы?

-Ең кішкентай жануар ше?

Балалар:Аю үлкен жануар.

Қоян мен кірпі ең кішкентай жануар.

Тәрбиеші:Аю немен қоректенеді,қандай тағамды жақсы көреді?

Балалар:Құлпынай,бал,балықты,жақсы көреді.

Тәрбиеші:-Қоян қандай тағамды ұнатады?

Балалар:Сәбізді жақсы көреді.

Тәрбиеші:Ал,кірпі қандай тағамды жақсы көреді?

Балалар:Алма,алмұрт,саңырауқұлақ.

Тәрбиеші:-Балалар,бүгінгі оқу іс-әркетіне барлықтарың өте жақсы белсене қатыстыңдар.Сендерге оқу іс-әрекеті ұнады ма?

Балалар:Ұнады.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар.

-Әрдайым үйреніп,білуден жалықпайық.

-Бүгінгі оқу іс-әрекетіне белсене қатысқандарың үшін көңілді смайликтер ұсынамын.

Балалар:Балалар қуаныа көңілді әсер алады.

Тәрбиеші:-Сау болыңдар,балалар!

Балалар:-Сау болыңыз!

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:-Жануардың сипаттық белгілерін байқап,оларды сипаттап айтуға арналған тапсырмаларды.

Түсінеді:-Жабайы жануарлар туралы берілген мәліметтерді.

Қолданады:-Жабайы жануардың жүріс-тұрысын қимылмен келтіре білу дағдыларын.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ