«Қош бол, мектебім!» соңғы қоңырау сценариі

0
3455
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өтетін күні: 25 мамыр

Уақыты:     10.00

Безендірілуі: АКТ залын қоңырау макетінде  түрлі-түсті шарлармен, лента және жалаушалармен безендіру,  СЛАЙД +фанфары

Ақбілек апай :   Қымбатты ұстаздар, құрметті қонақтар, ата -аналар және оқушылар! Бүгінгі «Қош бол мектебім» атты сынып сағатына қош  келдіңіздер! Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.   Осыдан 11 жыл бұрын мектепке ұстаз-бағбан қолына әр әке, әр ана, әр ата мен әже жас шыбығын, бауыр еті балаларын жетелеп, әкелген болатын. Ал бүгінде сол жас шыбық өрімтал болғанын, жүрегінің жақсылық пен мейірімге толғанын, білімді, ақылды болғанын көріп, көңілдері өсіп, марқайып, тұлымдары желбіреп алтын ұя мектебімен қоштасқалы тұр.

Ақбілек апай : Ендігі сөз тізгінін 11-сынып бітірушілеріне беремін.фанфары

1-жүргізуші

                       Жетісудың кең жазық даласында

Берекелі Текелідей қаласында

Мектебіміз бар жайнаған өлкемізде

Арналған алғыр,зерек баласына

Армысыздар ардақты ата-аналар, аяулы ұстаздар,қадірлі жас түлектер

2-жүргізуші:

Кеше ғана тұлымдары желбіреп,жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз алтын ұя мектебімізбен қоштасқалы тұр. Бұл күн-мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектердің есінде мәңгі өшпесі анық. Ал ендеше үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз! Фанфары

1-жүргізуші

Ұстаз! Осы сөзде қаншама ұлылық жатыр десеңші! Сөз маржанын терген ақын-жазушыда, көк күмбезіне самғаған ғарышкер де,тіпті Елбасының өзі де ұстаз алдында иіліп тағзым ететіні рас. Өз уақытын аямаған,шәкіртінің уақытын аялаған, ұстаздарға сазды сәлем жолданады

ХОР ҰСТАЗЫМ

Өмірде өлшенбейтін іс-балаға берген білімің, мейірімің,қамқор пейілің. Өйткені ол –болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрлеріңіз мәңгілік.,дей келе

Жүлдемізге  мәз-мейрам боп жүреді.

Ұстаздары еңбегін ерекше деп біледі.

Мектебімнің жанашыры- басшы деп,

Шәкірттеріңіз сөз кезегін береді — дей отырып  сөз кезегін  мектеп директоры С.Сексенбайқызына     және директордың орынбасарлары: Бақыт Мамырбековна, Меруерт Хамитовна, сымбат Дүнияқызына беріледі

2-жүргізуші:

Егер өткен күнге біраз шегінер болсақ, осыдан он бір жыл бұрын біз қолына әліппе ұстап, мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршіндер едік.

1-жүргізуші:

Әлі есімде әліппені ашқаным

Есімінді есте мәнгі сақтадым

Жүрегіме нұрын құйған жылылық

Көрген емес ешқашанда суынып деп

Түлектердің алғашқы ұстазы   Гулнар және Турсынхан апайларға сөз беріледі

Тұрсынхан апай,Гүлнар апай мына өлең жолдарын сіздерге арнаймыз

1-жүргізуші

Білімді шәкірттерін аялаған

Жақсылығын ешкімнен аямаған

Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың

Ұстаз деген аяулы ардақты адам дей келе сіздерге деген арнауларымызды арнайық

Тақпақтар  Барлық оқушылар

Ринат

Басқару да оңай емес алтын-ұя мектепті,

Мақсатыңыз биік сапа, асқар шыңға жетпек –ті.

Сәуле апай, ұстаздарды асқақ жолға жетелеу,

Қолынан ғана келеді тұлғалардың сіз текті.

Гүлдана Орындалсын ұлы мақсат, оңала берсін ісіңіз

Біз де сіздей жаны жайсаң асылдардың ізіміз.

Шәкірттерге жол сілтейтін мамандардан құралған,

Ұстаздардың басшысы да, қосшысы да

Бақыт апай өзіңіз.

Арайлым

Асылдан да жақын болған жанымызға,

Мейірім құсы болдыңыз басымызға.

Бар көмегін аямаған әрқашан да

Ұстазым өзіңіздің барыңызға.

 

Саф алтыннан мүсіндеуге лайықты,

Ұлағатты, ұстамы биік, ұстазым.

Ескегі боп көмектесер қайықтың

Жарқын жүрек, алтын тірек, ұстазым!

Ұстаздарға мын алғыс!!!! Бірге хормен

2-жүргізуші:

Жанарында жұлдыз жанып тұрады,

Қарап тұрған мылқауларды сөйлеткен,

Көрерменнің көңілінен шығады

Мың бұралған бишілердің өнері дей келе сыныбымыздың ару бишілерін ортаға шақырамыз.

Би өзбекше

2-жүргізуші: Білесіңдерме, достар ұстаз деген қанша мамандықтың иесі?

Оны санау қиын шығар,бірақ ұстаз, ең алдымен, шәкіртіне бағыт беретін педагог, оның ойын тыңдайтын психолог, оқушыға сабақ түсіндіргенде де кейде актер де, әнші де,тіпті биші де болуы мүмкін

1-жүргізуші: Биші? Ол мүмкін бе? Негізі мен ұстаздардың билегенін көрмеппін, ұстаздарымыз көзге қатал көрінеді емес пе?

2-жүргізуші: Мүмкін ұстаздарымыздың заманындағы дискотеканы еске түсіреміз? Твист

Каусар: Ата-аналарға арнау

Сезімің неткен ыстық балаң тым,

Төрт бөліп түн ұйқыңды қарағансың.

Қаншама азап шектің сәби үшін

Мен саған қарыздармын жан анашым.

 

Іздесек сендей жанды табамыз ба,

Қартайсақ сәби дей ғып бағамыз да,

Серік боп өмір бойы анамызға

Күлімдеп жүрші әкешім арамызда.

Ата-аналарымызға  Рақмет! Рақмет! Рақмет!  (Бірге)

 

1-жүргізуші:

ФЛЕШМОБ    11 «а» сынып қыздары                                                                           

2-жүргізуші:

1-жүргізуші: Проза.  Мөлдір және  Жандос

2-жүргізуші  Хор:  «Қош бол мектебім» (презентация)

 

2-жүргізуші:

Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан, ата-анадан бата алады

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін

Ортаға шақырайық ата-ананы       

   

Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналар сіздерде.

 

Сыныпты келдің басқарып,

Көрмедің ойлап бас қамын.

Шәкірттер жатыр ұшқалы,

Өмір дегенін қас-қағым.

Бірге өткізген күндерін, қыс-жазында,

Жазып шықты қаншама іс-қазына.

Балапанын ұшырған ұясынан,

Сөз берейік жетекші ұстаздарға деп келесі сөз кезегін ұлағатты ұстаз, түлектердің сынып

 Сөз кезегі сынып жетекшісіне беріледі

 Сынып жетекшінің арнау өлеңдері

1-жургізуші

Түлектердің бақыт гүлі ашылсын

Ақылына әлем халқы бас ұрсын

Деген асыл ниетпенен ағайын

Ақ жолына той шашуы шашылсын!

Мектеп табалдырығынан үлкен өмірге 42 түлек жолдама алды, 42 арман, 42 үміт осынша сенім осынша тағдыр! Қанаттарың талмасын жас түлектер!

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет !!!! Бірге

 Слайд. Видео. 11-сынып түлектері

Ән. Вальс

11-сынып ұлдары ортаға вальске шақырады барлық ұстаздар қауымын!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ