Мен  қазіргі  заман педагогімін (эссе)

0
4367
Jennie Kim: кәріс айдолының Голливудтық дебюты

 

Мен  қазіргі  заман педагогімін.

Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады.

Конфуций

       Қазақтың аса көрнекті  ағартушы — педагогы  Ы. Алтынсарин « Маған  жақсы  мұғалім  бәрінен  де  қымбат, өйткені,  мұғалім- мектептің  жүрегі»  деген. «Иә, жақсы  мұғалім-мектептің  жүрегі» деп  қайталар едім. Сол  жүректің  тынбай,  өз  қызметінен  ауытқымай  қалыпты  соғуы  үшін  оның  қантамырлары  мықты  болуы  керек. Ал  қантамырлары, ол-мұғалімнің  кәсібилігі,  жаңашылдығы, ізденімпаздығы, креативтілігі, білімділігі, шеберлігі, жаңаға  қол  жеткізе  алатын  табандылығы. Ал  Ы.Алтынсарин  айтқан  жақсы мұғалім ше?   Ол  қандай  болуы  керек?    Мен  жақсы  мұғаліммін бе?  Қандай  педагогпін?   Қазіргі  заманның  талабына, сұранысына  сай  бола  алдым  ба?  Қазіргі  заманның  педагогі  қандай  болуы  керек?    Мен  артқа   бұрылдым,  өзімнің  педагогикалық  еңбек  жолыма  рефлексия  жасап  көрейінші  деп  ойладым.

          Менің   ұққаным,  қазіргі  таңда    әлемдегі  өзгерістер   көз  ілеспес жылдамдықпен  көбеюде,  күн  сайын  жаңа  бір технологиялар   пайда  болуда. Жаңаша  бір әлемдік  дамудың   көші пайда  болды. Ал   біздерге, педагогтерге, маған   қойылатын  заманның талабы  өте биік.                                                                                                                                                      

 Ол: еліміздің  болашағын  жарқын  белестерге  көтеретін  ұрпақтарды  жаңа  көштің  көшбасшысы  болуға  дайындау, әлемдік  дамудың  деңгейіне  сай  келетін  біліммен  қаруландыру, жаңа  қоғамға  сәйкес тұлға тәрбиелеу,   білім берудің  мемлекеттік  стандарт  деңгейінен кем  емес  білім  беру, оқытудың  жаңа әдіс-тәсілдерін, жаңа, озық  технологияларды   меңгеру   және   қолдану.т.т.                                                                                    

      Педагог   К.Д Ушинский  « Мұғалім- ол  өзінің  білімін  үздіксіз  көтеріп  отырғанда  ғана  мұғалім. Оқуды,  ізденуді  тоқтатысымен  оның  мұғалімділігі   де  тоқтайды»    Ал  мен   мұғалімділігімді  тоқтатқым келмеді. Көп іздендім, жаңалықтарға  құштар  болдым. Идеялар  ойлап  тапқым  келіп тұрады. Ұстаздарға  арналған  қандай  сайттар  бар, әлеуметтік  желілер  бар, бәріне  тіркеліп, қашықтық  олимпиадаларға, онлайн-семинарларға, вебинарларға  қатысып, кәсіби дамуымды  биіктете  бердім. Басылымдарға  өзімнің  құрастырған  сабақ  жоспарларымды, әдістемелік  жұмыстарымды  ұсынып отыру да –менің  басты  мақсаттарымның  бірі. Ал  бұл  мақсаттарымның  түпкі  қазығы қазіргі  заманның  педагогіне  сай  болуым керек  деген  ұстанымымда  жатыр. Үздіксіз  ізденістердің, жақсы  қарым-қатынастардың, тәжірибелі  мамандармен  байланыстардың, кәсіби-желілік  қоғамдастықтармен   тәжірибе  алмасулардың  нәтижесінде  өзім  ойлаған  мақсаттарға    қол жеткізген  сәттерім-менің   өзіме  қойған  сұрақтарыма  жауап  тапқан  ең табысты  сәттерім.  

       Менің ойымша, жаңа  заман  педагогінің  тағы  бір  міндеті,   яғни «менің  міндетім»   ол- балалардың  өзіндік  пікірін  қалыптастыру,     дұрыс  шешім  табуына , міндеттер  мен  мәселелерді  өзі  шешуі  үшін  оған  сын   тұрғысынан  ойлауына  мүмкіндік беру, сенім  білдіру , қолдау   көрсету. Сондықтан  өз  сабақтарымда  заман  талаптарына  сай  келетін  жаңаша  әдіс-тәсілдерді  қолданамын. Бастауыш  сынып  оқушыларының  жас  ерекшелігіне  сай  әртүрлі  ойын  түрлерін   қолдана   отырып, шығармашылық  жұмыстар  жүргізу   менің  оқушыларыма    өте  ұнайды. Қызықты  тапсырмаларды  орындай  отырып, өзінің  зерттеу  жұмыстарын  жүргізіп  отырғандығын, өз  бетімен  жаңа  білім  іздеуге  кірісіп  кеткендігін  де байқамай  қалады. Мен  бұған  қуанамын.

       Менің  пікірімше, жаңа  заман  педагогі   АКТ-ны  шебер  меңгергені  жөн,  оны  сабақтың  барлық  кезеңдерінде    пайдалана  білуі  керек.  Өйткені, атап  айтар  едім: біріншіден, білім   алушылардың    барлық  пәндерге  арналған  білім   бағдарламаларын    меңгеруі    барысында   АКТ-ны  қолдану  дағдылары  дамиды. Екіншіден,   сабақ  уақытының  тиімділігі,   үшіншіден,   бағалау, кері байланыс,   жинақтау,  қорыту  жедел  түрде  іске асады.

     «Қазіргі  заман  педагогі- болашақтың  айнасы».    Осылай  тұжырымдадым.  Демек, мен  қандай ұстаз, қандай  мұғалім болсам, болашақ  та  сондай.   Мeн  оқушыларыма   мейіріммен  қарап, олардың  жан-дүниесін  ұғына  алдым, демек  болашақта  жүрегі  мейірімге толы  қазақтың  ұл-қызы  болады. Мен   оларға  сеніммен  қарадым,  сенуді  үйреттім,  демек  болашақта  өз-өзіне  сенетін, мақсаты   мықты  қазақтың  ұл-қызы  болады.  Мен  оларға   топтық, бірлескен  жұмыстарды  ұйымшылдықпен  орындауды  үйреттім. Демек,  болашақта  бауырмал, өз   жұмысына  жауапты  қазақтың  ұл-қызы  болады.  Мен  оларды  оқыта жүріп, өзім де оқыдым, оларға  үйрете  жүріп  өзім  де  үйрендім.    Әлі  де  оқи  беремін,  әлі де  іздене  беремін, әлі де  креативті  бола беремін.  Өйткені, мен  «қазіргі  заман  педагогімін!»

Л.Сейсенбаева


ПІКІР ҚАЛДЫРУ