Қош келдің, әз Наурыз! мерекелік сценарий

0
1444
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Қош келдің, әз Наурыз!

Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар!  Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Бүгінгі Қош келдің, әз Наурыз! атты өнеге сағатымызға қош келдіңіздер. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:  рухани жаңғыру» бағдарламасында осы  ұлттық рух пен ұлттық сананың кемелденуіне, ұлттық салт-дәстүріміз бен тілімізді, мәдениетімізді сақтауға, бағалауға, бағалай отырып, жаңғырта дамытуға үндеген болатын, міне бүгін осы бағдарламаны іске асыру үшін ұрпқтар сабақтастығы ата-аналарымызбен студенттеріміз бірлесе отырып  Наурыз тойын тойлайық. Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі.  Наурыз айының 22 — інде күн мен түн теңеледі. Осы қуанышты күн, жаңа жылдарыңыз құтты болсын халайық. Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді, тілектеріңіз қабыл боп, осы Ұлыстың Ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе келсін! Барлық жақсы ниет — тілектеріңіз қабыл болсын!

Жүргізуші:

«Наурыз келсе, құт келгені, халайық!»
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (шашу шашылады)

Шашу! Шашу!

Көп шашайық шашуды,

Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.

Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,

Ризығың болсын көл – көсір!

Өлкеме Наурыз келді, көктем келді,
Құлпырып гүлге орап көк пен жерді.
Халқымның салт-дәстүлерін аялаған,
Арманы асқақтады көптен бергі.

Алғашқы сөз кезегі директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына беріледі 

Жүргізуші:

Гүл көңілдер қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне, үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді — деп келесі кезекті  ата-аналар өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер.

  1. Студенттердің ата-аналарына тілегі

1 оқушы: Мұхаммед Пайғамбар: «Әуелі анаңды сыйла, сосын анаңды сыйла және тағы да анаңды сыйла!»
2 оқушы: Кeмал Кеніш: «Үйіміздің шуақты нұры аяулы ана болса, аскар тауы, ақылшы тірегі — әке өзіңсің».
3 оқушы: Дулат Бабатайұлы: «Ата — ана ақылы¬ қазылған қара кенмен тең».
4 оқушы: Махмұд Қашқари: «Атасынан ақыл алса — тентек ұл да жөнделер»
5 оқушы: Виктор Гюго: «Нәзіктік атаулының жиынтығы — ананың алақаны, сондықтан да ол сәби үшін жылы ұя».
6 оқушы: Қадыр Мырза әли: «Қазақ әйелі — бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ең ізгі жан иесі».
7 оқушы: Ғабит Мусірепов: «Ана — бар тілегін перзентінің жолына, бақытына арнаған әлемдегі ең мейірбан жан».
8 оқушы: Ғабиден Мұстафин: «Балаға сіңірген ата — ананың еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Ол — өле — өлгенше суынбайтын, сарқылмайтын махаббат».

Көркемсөз Ана- сен бақытысың

9 оқушы: — Ұл — қыз ата — анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата — ананың ұл — қызы болып өседі.
10 оқушы: — Ата — ананы сыйлау — сәби шағында олар өзіңді қалай бағып — қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялау керек.
11 оқушы: — Ата — ананың көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.
12оқушы: — Ата — анасын ұмытқан бала — опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы.
13 оқушы: — Ата — ананың қадірін білмеген — халық қадірін білмейді.
14оқушы: — Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, шошып оянған ананың ақ мейірімін ерекше бағаламасаңыздар, ол — қорлық.
15 оқушы — Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата — анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана, әке, апа, қарындас — туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке — тірегің, қамқоршың, асқар тауың. Ана — жарық дүниеге әкелушің.

«Ауыртпа Алла анамды»  әні

Ойтамызық ретінде Б.Момышұлының мынадай сөзін оқып жіберейін

«Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қоқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келе жатыр. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса, шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке-шеше жоқ»-  деген екен, шыныменде қазіргі кезде кейбір отбасында дәстүрді білмейтін ата-аналар бар, өмірдің күнделікті тауқыметімен жүріп бала тәрбиесіне мән бермейді.

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отбасындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да:

«Ана – үйдің берекесі,

Бала үйдің – мерекесі.

Бұтағымен ағаш сымбатты,

Ұрпағымен адам қымбатты.

Бала болсаң балғындай бол.

Айналаңа қорғандай бол» -деген қағиданы берік ұстаған ата-бабаларымыз өз ұрпағын «адам» деген атаққа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Ата-ана тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргізілген үлгі-өнегесінің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Адамзат баласы ананың мейірлі мейіріне қанып, әке өсиеттерін тыңдап өссе ғана тәрбиелі отбасынан шыққанын көпке танытады.

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты – балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Ендеше, құрметті ата-аналар «Ержетер ұл ережесі, бойжетер қыз ережесі» атты тәртіп ережесін құрайық 

Тәрбиеге байланысты тыйым сөздер

  1. Әкесі тірі адам төрге шықпайды, бас ұстамайды. Себебі, ер азамат — әр отбасының тірегі. Сол себепті, ол ұстап отырған шаңырақтың төрі де, бас та, бәрі-бәрі тек үй иесінің құзырында болуы тиіс. Ал әкесі тірі адам ол отыратын төрге шығып, отағасы кесуі тиіс басты ұстаса, оған қиянат жасалды деген ұғымды білдіреді екен. Сондықтан да, әкесі жоқ адамдар ғана бұлай істеуге болады.

    2. Қазақ тұзды бейберекет шашпайды. Себебі, барлық тағамның дәмін келтіріп тұрған тұз. Сол үшін тұз төгілсе, ырыс төгіледі, дәм шамданады, үйден ас кетеді. Сонымен қатар жерге төгілген тұз еріп, жоғалғанша сол жерге тұзды төккен адам тұздай ащы тірлік кешеді деген де ырым бар екен.

    3. Бос бесікті тербетпейді. Баласы өліп, бағы сөніп, өзегі өртеніп, соның салдарынан есалаң күйге ұшыраған әйел ғана солай жасайды. Сол үшін мұндай жамандық шақырмас үшін бос бесікті тербетуге болмайды деп ырымдайды.

    4. Бас киімді кез-келген жерге тастай салуға болмайды, биікке іліп қою керек. Әсіресе, аяқ астына тастамау керек. Мұның себебі, бастан бақ тайып, бас ауруына тап болады. Басы айналып, тілі байланып, иманы қашады. Адам баласынан қадірлі, ақылынан қасиетті ештеңе жоқ.

Бала тәрбиесіне байланысты ырым-тыйымдар

Қыз өкпелегіш болса – ырысы кем болады.

Жеңілтек болады деп қыз баланы қырқынан ерте шығармайды.

Қыз баланың бір тал түскен шашын кез келген жерге тастамайды, құс іліп кетсе, бас ауруына шалдығады.

Сәби шалқасынан алаңсыз ұйықтаса – елгі белгілі азамат болып өседі, бүк түсіп ұйықтаса – уайымшыл, жігерсіз болып шығады, етпетінен жатып ұйықтаса – ойшыл болады.

Балаға асық етін мүжітпейді. «Алты жыл аш болсаң да асық етін мүжіме» деген сөз бар.

Тілдің ұшын жесе – сүйреңдеп сөйлей беретін болады деп ырымдаған.

Нәрестенің иткөйлегін далаға тастамайды. Олай жасаса, сәбиге сырқат жұғады.

Баскиімді айырбастамайды. Олай жасаса, басындағы бағы кетеді. Бөтен адамға баскиімін бермейді. Олай жасаса, адам басы кемиді. Баскиімін сыйлауға да болмайды.

Қазақ баланы санамайды және санын айтпайды.

  1. Ә.Темірханов «Ата-ана парызы» бейнеклипін тамашалайық
  2. Жүргізуші:

Қазақ халқының салт-дәстүрлері  әрбір қазақ азаматы мен қызының жолбасшысы бола алады. Салт-дәстүр дегеніміз -халық арасында қалыптасып қалған, келе-келе заңға айналған әдеттер, сенім мен қасиеттер. 
1.  —   Баланың дүниеге келуі, жоралғылары… 

Бесікке салу

  1. — Еттен табақ тартқанда оның қандай түрлеріне сүйеніп тартады? Қойдың қадірлі мүшесін, жылқының қадірлі мүшесін атай аласыз ба? 

Ергенов Есболат   оындауында  «Қазағымның дәстүрлері-ай» әні  

6.Тәрбиеге байланысты мақал-мәтелдер

Ата-аналарға:

Әдепті бала ата-анасын мақтар… (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар).

Әкесі тұрып ұл сөйлегеннен без…(шешесі тұрып қыз сөйлегеннен без).

Қарағайға қарап тал өсер… (қатарына қарап бала өсер).

Үйінде ұлы-қызы бардың…(көгінде сөнбес жұлдызы бар).

Ана сүтін ақтамағанды …(ешкім жақтамайды).

Үйің үй-ақ екен,                      ішінде ойнайтын бала болса.

 Балаларға:

  1. Жығылып жатып…(сүрінгенге күлме).
  2. Күлме досыңа…(келер басыңа).
  3. Әдепті бала арлы бала…(әдепсіз бала сорлы бала).
  4. Ауру қалса да… (әдет қалмайды).
  5. Ұяда нені көрсең … (ұшқанда соны ілесің).
  6. Ер бала – ата-анаға таяу, қыз бала – үйге жаққан бояу.
  7. Құс балапаны үшін тұзаққа түседі, Адам баласы үшін отқа түседі.

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн — Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікте,
Қастерледік, қадіріңді білдік те.
Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке-дей келе Қазақтың  Ұлттық ойындарын  ата-анамен студенттер арасында ойнап көрелік

  1. Арқан тартыс
  2. Ханталапай асық ойыны
  3. Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталған. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққан күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен адамдар татуласқан. Наурызға байланысты сұрақтарға жауап берейік
    Жыл басында Нұр жауған түн – Қызыр түн;
    Жыл басының қары – Ақша қар, Құс қанаты;
    Жыл басының алғашқы күні – Ұлыстың ұлы күні — Ұлыс күн;
    Жыл басының алғашқы төлі – Дүбіраяқ;
    Жыл басының бірінші сүті – Уыз;
    Жыл басының бірінші құсы – Жылқышы торғай, Нәуірзек;
    Жыл басының бірінші көгі – Бәйшешек, Наурызшешек;
    Жыл басының бірінші асы – Жер асы – Наурыз көже, Көп көже;
    Жыл басының бірінші құттықтау сөзі –“Жасың құтты болсын!”;
    Жыл басының бірінші белгісі – Көрісу;
    Жыл басының бірінші сый тағамы — “Ұйқыашар”
    Жыл басының алғашқы сыйлықтары – “Діреткізер”, “Селтеткізер”.

Осындай той қазақта бола берсін,
Көңілдерге жақсылық қона берсін.
Береке күннен — күнге тола берсін,
Ырыс — құт басыңыздан аса берсін.
Ынтымақ боп, бірлік боп елімізде,
Еліміз ілгері аяқ баса берсін.
-деп ата-аналар Қара жорға биін билейік.

  1. Ойын «Менің балам(қызым) балдай!» Көзді байлап өз баласын көптің ішінен табу
  1. «Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз» кітап көрмесі

 

Жаңартып сана, салтымды,

Қуантқан барша халқымды.

Наурыз тойы – ел тойы,

Ғасырдан асыр даңқыңды.

Ән болып асыл,

Даңқыңды асыр

Ғасырдан ғасыр.

  1. «Мерекем» әні хормен
  2. «Ана — сая болар бағың болса, Әке — асқар тауың» дейді қазақта.
    Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн,
    Бір күн бар мұңайтар күн, қуантар күн.

Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын,  сәтсіз болсын,
«Әке» деген сезімді ұмытар кім?!
Aна — жарық сыйлаған жан екенсің,
Ана — шуақ шашатын таң екенсің.
«Ана — өмір, ана — бақыт,    ана — жүрек»
Деп соққан жүрегімнің әні екенсің.

Деп бүгінгі өнеге сағатымызды аяқтағым келіп тұр, Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын ағайын деп барлығыңызды дастарханға шақырамын.

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ