Қош келдің, Жаңа жыл! Мерекелік сценарий

0
2957
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Сайқымазақтың карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым — қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар, мыстан кемпір, Клоун, балалар, ата — аналар.
Музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші: Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығыңдар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады, жаңажылдық карнавал! Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, балалар екі — екіден кіреді)
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата — аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші: Жаңажылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзін мектеп басшысы Дошаев Абылай Әбдіғапарұлына беріледі.
Жүргізуші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.
«Жасыл шырша жанында» әніне балалар қол ұстасып шыршаны айналады.

Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған әнін айтып береді екен?

Ән: «Шыршаға бардық» орындайтын Жанұзақ Жандаулет пен Амандық Айқын

Аяз аталар биімен 2 – сынып ер балалары

Жүргізуші: Жарайсыңдар, қандай жақсы балаларсыңдар! (шыршаның жанына жақындап келіп) Бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астыңда бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз. Ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Клоун атып шығады.)
Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмің. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап — қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жалды қарсы алайыншы, сендермен бірге қызықты ойынды ойнайыншы!
Ойын: «Кім жеңеді?» (4 орындықпен) (4 ата – ана шығып музыка ырғағымен билейді)
Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата — аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?
Балалар: Аязата, Ақшақар.
Жүргізуші: кәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар: Аязата, Аяз ата (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, Мыстан кемпір кіріп келеді.)
Мыстан : Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарыңды жыртып жатырсыңдар?!
Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсың? Әдепті адам алдымен амандасып алады дегенді білмейсің бе?
Мыстан: Білсем бұйырмасын!
Жүргізуші: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, саған тіпті ұят. Саған ешкім үйреткен жоқ па?
Мыстан: Жоқ.
Жүргізуші: Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аяз атаны шақырып едік қой?!
Мыстан: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар? Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха — ха — ха (деп секіреді)
Жүргізуші: неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?
Мыстан: Ә, бәлем, солай ма екен..  Әйтпесе мектеп, оқу жазу …. Енді сендерді мен оқытамын! Қазір дене шынқтру сабағы болады. Бүгінгі сабақта біз бет-аузымызды қисаңдатып үйренеміз. (Көңілді музыкамен «»Айна ойыны ойналады   Ортаға 4 ата – ана шығады. Мыстан ойын ойнатады)

Мыстан: қане балалар, мына шырша әдемі болып жану керек қой ия?

Балалар : ия!

Мыстан кемпір: қане онда жағып жіберейік!  (қолына сіріңке алып шыршаны жақпақшы болады)

Жүргізуші: Жоқ, жоқ! Мына жалмауыз кемпірден құтыла аламадық қой! (осы кезде гуілдеген жел дауыс естіледі. Жалмауыз кемпір тоңа бастайды. Адамдарға, шыршаның астына  тығылады)

Алыстан Аяз атаның даусы естіледі

Жүргізуші: Балалар Аяз ата мен Ақшақар келе жатырғой деймін, қане бәріміз шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық!

Балалар: Аяз ата,Ақшақар! деп айқайлап қол соғады

Ортаға Аяз ата келеді.

-Балалар  мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқтығой. Қане сиқырлы сөзімізбен оның шамдарын жарқыратайық.

Балалар: қуант бізді таңырқат, шамдарыңды жарқырат! (3рет айтады)

Аяз ата Жарайсыңдар балалар! Ал, балалар менің қарша қызым қайда жүр екен. Кім тауып береді екен маған?

Ақшақар туралы тақпақ айтады.

Мұздан моншақ тағынып,

Күміс қырау жамылып,

Орта да тұр Ақшақар

Көптен күтіп сағынып.

Кел билейік сенімен,

Деймін тартып жеңінен

Еріп кетпе Ақшақар

Адамдардың демімен.

Аяз ата: Бәрекелді, бәрекелді. Менің Ақшақарым қазір келіп қалар, мынадай тақпақтардан кейін кідірмес. Клоун балам, сыйлықтарын берейік тақпан айтқан балаларға

Хор: Шырша жыры

Жүргізуші: Аязата, мен де, жұмбақтап жіберсем қайтеді?
Ертегідей орманнан
Көктей өтіп келеді.
Сұңқар бойлы бір сұлу
Табыңдаршы, аты кім?
Балалар: Ақшақар! (музыкамен Ақшақар кіреді)
Ақшақар: Сәлеметсыңдар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттім — ау сендерге. Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Мен білемін бір ойын:
Үйретейін сендерге
Мен бастайын, ал, сендер аяқтаңдар ойынды. Хормен жауап айтыңдар!

Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр….
Балалар: Жаңа жыл!
Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты білсең атын тез ата, келеді бізге…..
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі….
Балалар: Әдемі!
Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ, ойын – күлкі таралсын.
Құтты болсын….
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)
жарайсыңдар балалар бәәрііңде тапқыр екенсіңдер!

Жүргізуіш: Ал Аяз атамен Ақшақар  балалар сіздерге тақпақтарын айтып бересін.

  • сынып оқушылары тақпақтарын айтады. (11 оқушы)

Ән: « Құтты болсын Жаңа жыл  »  Орындайтын: Келжанов Мейрамбек

Аяз ата мен ақшақарлар биі 1 – сынып оқушылары.

Ата – аналармен ойын: «Тосын сый»  ойын шарты: 3 шар тұрады. 3 ата – ана шығып шарды қолдың және аяқтың  көмегінсіз  жарады. Ішінде құпия тапсырма жазылған қағаз болады. Қағаздағы тапсырман орындайсыз. Егер орындамасаңыз сыйлықтан құр қаласыз.

Ойын шарты: 1. Жаңа жыл иесінің даусын келтіру

2.6 санының көбейту кесетін айту

3.Қоянның қимылын келтіріңіз.

Тақпақтар  1 – сынып   (11 оқушы)

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға «Мирамбек Айымды» Ән: Жаңа жыл
Радуга желаний биімен 2 – сынып қыздарын ортаға шақырамыз.

Ойын: ата – аналармен

Жүргізуші: Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл! – дей келе  2 – сыныптың тақпақтарын тыңдайық

Тақпақтар 2 – сынып оқушылары:

Ән: Ақшақар Орындайтын: Сүндет Назерке

 1 – сынып қыздарының «Көңілді биі» тамашалайық

Ән: Алпысбай Мақсат «Келді мәне жаңа жыл»

Үнді биі: Асқар Алуа

Жүргізуші. Ал балалар тұрмайық,

Әндетейік жырлайық

Ортамызды ашайық

Ырыс тілеп бұл жылға

Жырдан шашу шашайық:

Ән: Шыршаға бардық  Мешітбаев Назар мен Аманғалиқызы Дариға

«Гумми – гном» биімен 1 – сынып оқушыларының өнерін тамашалайық

Испан биімен ортаға Бекболатқызы Еркеназ бен Мұғалтаев Қайсарды  шақырамыз.

Ойын:

Жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа жыл

Қалауын тап қар үстіне қада гүл

Жаңа жыл, жаңа жыл

Сан тілектің бастамасы ғана бұл  

Флешмоб  1 – 2 класс оқушылары

Жүргізуші: Кел жаңа жыл игілік боп иба боп,

Жер бетіне кереметті жина көп

Ақ қауырсын қанатына қайғы емес,

Түтін емес рауан нұрын жина көп.

Жаңа жыл тағы да құтты болсын. Құттықтау сөз кезегін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Нуғыманова Балдырған апайға және ата – аналарға береміз.

Демеушілік жасаған ата – аналарға алғыс хат табыстау.

Жүргізуші: Жаңа жылда балалар тек қуаныш көріңдер

Ауырмаңдар ешқашан мықты болу өзіңнен.

Құрметті оқушылар ата – аналар осымен біздің мерекелік кешіміз аяқталды. Сау болыңыздар!

 

Акимова Гулшат Амановна

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы

С.Оразалин атындағы ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ