ОТАРШЫЛДЫҚ САЯСАТТЫҢ ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІНЕ ТИГІЗГЕН КЕРІ ӘСЕРІ

0
2405

 \r\n\r\n ОТАРШЫЛДЫҚ САЯСАТТЫҢ ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІНЕ \r\n\r\nТИГІЗГЕН КЕРІ   ӘСЕРІ \r\n\r\n(Профессор Ә.Б Тұрсынбаевтың зерттеулері негізінде)\r\n\r\n \r\n\r\nБ.Қ . Таңатаров\r\n\r\nТараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.\r\n\r\n \r\n\r\n“Тарихсыз халық тұл демекші” әр халықтың өзіндік өткені жолы, даму тарихы болады. Еліміздің ұлттық   тәуелсіздік   алуы – қазақ   халқының тарихи   даму жолына қатысты жаңа көзқарастар туғызды. Бұл көзқарастардың негізі – қазақ қоғамы дамуының жолы да халықтар мен мемлекеттердің қалыптасуына ортақ сипаттарымен байланысты екендігінде.                \r\n\r\n       Қандай да болмасын мемлекет   сыртқы басқыншылыққа қарсы күрес пен ұлттық тәуелсіздік және әлеуметтік теңдік үшін күрес үстінде қалыптасып, жетіледі. Кеңес дәуірінде қалыптасқан сыңаржақ ұғымдар бізге осы түркі әлемінің тарихи шындығын мойындатпайтын еді. Себебі, халықтың ұлттық тәуелсіздік үшін күресін, отарлау басқыншылығына қарсы наразылықтарын, ұлтшылдықтың тар шеңберіне тығып, тарихи фактілер жайында теріс қорытындылар жасауға тырыстық. Соның арқасында, өз еркімізбен отар болуға құлшынған ел болып көріндік. В.Лениннің сөзімен айтқанда жабайы, жартылай жабайы, қазақ халқы ұлы орыс халқының көмегімен ғана ел болып, көшпелі тұрмыстан отыршылыққа ауысты, орыс мұжығынан жер өңдеп, егін салуды үйрендік, бұрын екі пайызы ғана хат танитын халық Ұлы Қазан төңкерісінен соң ғана жазу мәдениетіне ие болды. Осындай жалған тұжырымдар бүкіл түрік әлеміне қалай ықпал еткенін бүгін әркім- ақ көріп отыр. Яғни отаршылдықтың негізгі мәселелеріне қатысты сыңаржақ тұжырымдар жасауға әкеліп соқтырады. Осы проблеманың өзекті мәселелерін шынайы зерттеуге тырысқан ғалымдар қуғын — сүргінге ұшырады, тарихи зерттеулердегі жаттанды біржақтылық тарихшыларға өз көзқарастарын ашып айтуға мүмкіндік бермеді.                        \r\n\r\n         Қазір егеменді ел болған кезімізде, сол бұрмаланып келген оқиғалардың ақиқатын анықтап, тарихи шындықты қалпына келтіретін мезгіл жетті . ХХ ғасырдың басында саяси, экономикалық зор мәні бар жер және қоныстандыру мәселерін ұлттық интелегенция өкілдері: М. Дулатов,   С. Асфендияров,   А. Байтұрсынов,   Ә. Бөкейханов,   М. Тынышбаев т.б.   толғандырған ең өзекті мәселелердің бірі болды. Олар шаруалар отарлауына ұлттық   мүлде тұрғысынан қарап, орыс мұжықтарының қазақ жеріне қоныстануы жергілікті халықты қайғылы зардаптарға ұшыратқанын батыл айыптады.          \r\n\r\n       Түркі   өркениетінің   дамуына   өлшеусіз   зор үлес қосқан Қазақстан, қазақ халқы, қазақ жері дейтін болсақ, сол қазақ халқы патшалық отарлау саясаты мен коммунистік үстемдік кезіндегі қоғамдық және ғылыми өмірден шектен тыс идеологияландырылуы қазақ халқының түркі өркениетіне қосар үлесіне кері әсерін тигізді.\r\n\r\nОл әсіресе қазақ жерін орыс шаруаларының отарлауы және оның қазақ қоғамына тигізген ауыр зардаптарынан көрінді . Кең байтақ туған жері дәстүрлі шаруашылығының негізі және тіршілігінің көзі болып табылған қазақтың «жер дауы жесір дауы» деген қанатты сөздеріне жер дауының бірінші аталуы тегін емес еді. Өйткені «кіндік қаным тамған» деп ата жұртын аса қастерлеген халқымыз үшін жер мәселесі көкеикесті мәселе болып табылды. Патша өкіметінің отарлау саясатының нәтижесінде қазақ халқы жарамсыз аймақтарға ығыстырылды, соның салдарынан кедеиленді аштыққа ұшырады, тіпті қырылып жатты. Ол турасында алаш қайраткерлерінің бірі М. Дулатовтың өзінің жер мәселесіне арнаған мақаласындағы «қазақ жері патша мүлкі саналып, сол себепті милиондаған жерсіз мұжықты өкіметтің қазақ жеріне қондыруы, бұл тілеусіз қонақтап келе бастағаннан бері жер тарылып, ата мекеннен ірге қозғалып қазақтың шаруасының күйзелуі, он бес, жиырма жылдан бері бүл көшпелі мұжықтардың келіп бітіуінің ұшы көрінбей бұлай болғанда да енді аз жылда қазақ халқы ең жаман жерге сорлап қалып ақырында пақырлыққа жетуі ықтимал « /1/деген сөздері расталған болатын .\r\n\r\n           Шаруаларды қазақ даласына орналастыру Ресей империясының тек экономикалық қана емес, сонымен қатар саяси мүлдесімен де астасып жатты. Патшалық әкімшілік қоныстанушы мұжықтарды өзінің өлкедегі отарлық саясатын жүзеге асырудағы саяси-әлеуметтік тірегіне айналдыру мақсатын қойды. Яғни, шаруалар отарлауы арқылы патша үкіметі жаулап алынған аймақтарға берік табан тіреуді көздеді.\r\n\r\n             Осы мәселені зерттеушілердің бірі ғалым тарихшы   Ә.Б. Тұрсынбаев өз еңбектерінде қоныстандыру саясатының себептерін, мақсатымен барысын және нәтижелерін талдап отандық тарих ғылымына салмақты үлес қосты ол патша үкіметінің қоныстандыру саясатының реакциялық сипатын ашып көрсетті. Автор қазақ халқының ата-қонысының тарылып жерінің келімсектерге күшпен үлестірілуі, соның салдарынан қазақтардың кедеиленіп, қырылуы қоныстандыру саясатының нәтижесі екендігін және бұл жағдайлар революцияға дейінгі кезеңдерде одан әрі жалғасуын ашып көрсетті. Патшалық министрлер кеңесінің мәжілісінде «Амереканы отарлау барысында жергілікті халықтарға қатысты қандай саясат жүргізелсе қазақтардың жерін тартып алу кезінде де сондай әрекет жасалу керек деген пікір айтылған. Ал өзен көлдер бойындағы, орманды жерлердің тартып алынуы, қазақтарды құмды, шөлді жерлерге кетуге мәжбүр етті. Бұл жағдай жергілікті халықтың дәстүрлі шаруашылығын бұзып, ата қонысын қазақтар арасында жер тартысын, ру аралық өшпенділікті тудырды. Рулар арасындағы өшпенділіктің шиеленісуі қазақ қоғамының бөлшектенуіне апарып соғатыны белгілі. Мұның бәрі , әккі патшалықтың түпкі отарлық «бөліп алда билер бер» пиғылымен астасып жатқан болатын. Тарихшы Ә.Б Тұрсынбаев өз зерттеуінде қоныстандыру барысын 1) Сібір темір жолына салуға дейін : 2) Сібір темір жолы комитетін құрғаннан кеиінгі қоныстандыру қозғалыс.\r\n\r\n           Столыпиндік реакция кезіндегі қоныстандыру қозғалысы кезеңдеріне бөлді. Тарихшы ғалым аталған зерттеуінде қоныстандыру саясатының кезеңдерін бір жерге жинақтап көрсетпесе де, оның мақсатын, сипатын, себептерін, барысын шартты түрде жоғарыдағыдай кезеңдерге бөлу арқылы көрсеткен (2).    \r\n\r\n             Ал тарихшы Е. Бекмаханов бұл саясатты шартты түрде екі кезеңге бөліп қарастырады 1) 1870-1889 жылдар 2) 1890-1897 жылдар. Патша үкіметі отаршылдық саясаты арқылы қоғамдық өмірінің әр саласына өзінің кері әсерін тигізді. Яғни қазақ халқының атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық дәстүрі мен рухани байлығының түбіне балта шауып, экономикалық құрылымының күизелуіне рухани бастауларының құлдырауына алып келді. Ә.Б Тұрсынбаев шаруалар отарлауы біржағынан патша өкіметінің әлеуметтік саяси тірегін күшейтуге, екінші жағынан қазақ жерінің орасан зор байлығын тартып алуға негіз болды. Шаруалар отарлауының барысында қазақтардың тарихи қалыптасқан шаруашылығы күйзелді, мал шаруашылығы дағдарысқа ұшырады, мешіттері орыс қоныстарының арасында қалды, ата-бабасының бейіттері тапталды, халықтың тілі мен діні жойылып соның негізінде қазақтарды орыстандырып шоқындыру мақсатымен орыс шаруаларын қазақтармен араластыра орналастырды.                                \r\n\r\n               Сөйтіп шаруалар отарлауы, қазақтардың әлеуметтік – экономикалық рухани мүделерін тәрік етті деп жазды. (3) Осылайша қазақ даласындағы өзінің саяси билігімен тірегін нығайтқан патшалық Ресей түркі өркениетінің бір тірегі Орта Азия территориясын жаулап алу плацдарымына айналдыра алатынын жақсы түсінді.  \r\n\r\n   Патша үкіметінің қазақ халқына қатысты осындай саясатын М. Тынышпаев үкіметтің нені көздеп отырғаны түсінікті; біріншіден, жабайы және тағылық қуғын –сүргіндер және тілді, әдет –ғұрыпты барлық өзіндік ерекшелікті қыспақа алу арқылы қазақтарды дербес ұлт ретінде жою және бүкіл өлкені орыстандыру; екіншіден, түрлі әкімшілік шаралар, пәрмендер мен ережелер күші мен қазақтарды құқсыз, қауқарсыз, заңсыз тобырға айналдыру, үшіншіден, оларды қаны төгіліп, сүйегі шашылған ата қоныс жерлерінен айыру және қара дүз, қудалаға ажал апанына айдау қандай қанқұйлы зымиян мақсат деп айыптады (5)        \r\n\r\n               Ойымызды қортындыласақ , патша үкіметі өзінің қоныстандыру саясаты арқылы, біріншіден, Ресейдегі жер шиеленісін қазақ жеріне орыс мұжықтарын қоныстандыру арқылы шешу, екіншіден, көшіп келген орыс шаруаларын өзінің әлеуметтік –саяси тірегіне айналдыру, үшіншіден, қазақ жерлерін Орта Азия бағытындағы өзінің стратегиялык мақсаттарын жүзеге асыру жолындағы плацдарм ету, төртіншіден өлкенің жер байлығын тонау, елді өзінің шикізат көзіне айналдыру, бесіншіден , орыстар санын арттыру, сөйтіп, жергілікті халқты орыстандыру, алтыншыдан, осы шараларды пайдаланып , қазақ халқының саяси бірлігі мен тұтастығына жол бермеу және қазақ елін Ресейдің түпкілікті отарына айналдыру мақсатын көздеді.\r\n\r\n Пайдаланған әдебиеттер:\r\n\r\n            Дулатов М. Шығармалары . Алматы . Жазушы, 1991. 381 б\r\n

    \r\n

  1. Тұрсынбаев Ә. Б . Из историй крестьянского переселения в Казахстан. Алма-Ата. Изд. 3. Ан Каз ССР, 1950 54 стр
  2. \r\n

  3. Бұл да сонда 60 б.
  4. \r\n

  5. Бұл да сонда 64 б.
  6. \r\n

  7. Бекмаханов Е. Қазақстан ХIХ ғасырдың 20-40 жылдарында.Алматы. 1993.
  8. \r\n

  9. Байтұрсынов А. Ақжол. Алматы жалын 1991.   464 б.  
  10. \r\n

\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ