ОТБАСЫ ДАҒДАРЫСТАРЫ БАРЫСЫНДАҒЫ БАЛАНЫҢ ЖАС ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (БАЯНДАМА)

0
2384
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

ТАҚЫРЫБЫ:  ОТБАСЫ ДАҒДАРЫСТАРЫ БАРЫСЫНДАҒЫ  БАЛАНЫҢ ЖАС ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ  ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Баяндаманың мақсаты: отбасы дағдарыстары және олардың туындау түрлері мен дағдарыстар барысындағы баланың жас және психологиялық даму ерекшеліктерін айқындау.

Міндеттері:

1. Отбаслық дағдарыстар және олардың түрлері мен мазмұнын сипаттау.

2. Баланың жас және психологиялық даму ерекшеліктерінде отбасылық дағдарыстың әсер ету механизмдерін айқындау.

3. Ата-аналардың педагогикалық сауаттылықтарын арттыруға ат салысу.

Баяндаманың түрі: ата-аналарға арналған лектория.

Оқылған орны: ата-аналар жиналысы.

КІРІСПЕ

Біздің қоғамда отбасы қызметі соңғы 100 жылдықта қатты өзгерді. Бір кездері экономикалық қызмет ең негізгі болып қаралып, отбасы мүшелерінің дене жағынан дамуы, сау қалу жақтары қарастырылды. Өндірістік төңкерістің арқасында, технология дамып және экономикалық қызметте әлеуметтік қорғау жүйесі өз маңыздылығын жоя бастады, ал уақыт талабына сай әлеуметтік – психологиялық қызмет өз рөлін айтарлықтай көтерді. Қазіргі уақытта көптеген отбасылар экономикалық тұрғыдан күн көрісіне қарағанда, бір – біріне психологиялық қолдау көрсетуді өздерінің негізгі міндеттері деп санайды.

Баланың ата – ана және құрбыларымен қарым – қатынаста болуы әлеуметпен кездесуге дайындық болып табылады. Осылайша, отбасы оларға белгілі бір әлеуметтік мінез – құлық үлгісін құрап, әлеуметтік өзара қимыл тәсілдеріне үйретеді. Қазіргі кезде баланың әлеуметтенуі оның құрбы – құрдастарымен қарым – қатынасы және мектеп, қоршаған орта туралы түсінігі басты рөлге ие екендігі мойындалып отыр. Қалай десек те, қоршаған ортада болып жатқан жағдайларды бала бағалай отырып, бәрінен бұрын өзінің ең жақын туыстарының тәжірибесіне сүйенеді. Осылайша, баланың отбасында маңызды мөлшерде меңгерген іс — әрекет үлгілері, оның келесі бір әлеуметтік тәжірибесін айқындайды.

Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелерінің басты қызметтері: сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің бір – біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз етуі, балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және дене жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын құру, бір – бірімен тығыз эмоционалды байланысынта болуына қолдау жасау, сондай-ақ өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау.

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Отбасы дамуы процесс барысында бірыңғай жүйе ретінде бірнеше кезеңдерден өтеді. Отбасы дамуы некелік одақтың құрылуынан басталады да, бірінші баланың туылуы, келесі баламен жалғасуы,осылайша жаңа деңгейлерге өте береді. Алғашқы жылдарда отбасының өмір сүруі кішкентай балаларды күтіп – бағумен тығыз байланысты. Баланың мектепке баруы, ата – анамен бала арасында қашықтықты орнатады және ол тез арада ұлғаяды. Бала өз өміріне ата – ана тарапынан тәуелсіздік алу процесіне,оның мәні мен міндеттерін қайта қарастыруға мәжбүр болады. Отбасы ұясынан балалары ұшып кеткенде, ерлі – зайыптылар жеке қалып, бағып – қағу ауыртпашылығынан құтылады. Мүдделі болғанда бұл процесс жаймен жүруі тиіс, яғни баланың өсіп- жетілуіне орай ата – ананың жаңа қажеттіліктер мен күтулері және оған жеке дайындалу мүмкіндігі болады. Ал тәжірибе жүзіне келсек көптеген ата – аналар осыған дайын болмайды, өйткені бірге өмір сүрген алғашқы 15 жыл ішінде өздерінің өмірін баланы бағып – қағуға арнап, көбіне басқа қажеттілік пен ролдерге қатысы жоқтай сезінеді.

Отбасы психологиясында- өмірде кездесетін дағдарыстың кез – келген түрі қалыпты деп есептеледі.

Алғашқы некеге тұрудың өзі — дағдарыс болып табылады. Әсіресе тойға дейін жастар бір – бірін ашық түсті көзілдірікте көреді, ал неке- өмір сүру салтының өзгеруіне, әлеуметтік беделге ие болуға әкеледі. Әйел заты үшін ата-тегін өзгерту, Эриксон пікірінше «Ұқсастық дағдарысына» соқтыруы мүмкін, тұрмыс сипаты өзгереді, үйренуді қажет ететін жаңа тұстары пайда болады. Бұл ерлі – зайыптылардың бір – біріне бейімделу кезеңі –алғашқы жылда жыл бойына созылады. Бірлескен өмірде алғашқы жыл соңына қарай некенің бір жылдық дағдарысы пайда болады. Осы уақыт ішінде дағдарысқа ерлі – зайыптылар үйренісіп бірінің алдында бірі жауапкершілік танытып, түсіністікпен қарайды немесе айырылысу тілегі пайда болып некелік одақ сәтсіз болып саналады.

Ажырасудың алғашқы шарықтау шегі –бір жыл бірге өткізген өмірден кейін болады. Екінші дағдарыс отбасында бірінші баланың туылуынан кейін пайда болуы мүмкін, тіпті ол бала қалаулы болып, махаббаттан пайда болса да қалыптасады. Тағы да өмір сүру сипаты өзгереді, отбасындағы жүктемелер ауысады. Егер жас ана беріліп, баланы күтіп бағумен айналысып кетсе, онда көптеген адамдар мұны өздеріне назар аударудың жоғалуы деп қабылдайды. Кейбір әкелер бала күтіміне қызғанышпен қарайды, баласы әйелінің сүйіспеншілігі мен күтімін тартып алғандай қабылдайды.

Келесі дағдарыс отбасында екінші баланың дүниеге келуімен байланысты болады, әсіресе балалар арасында 5-7 жастан жоғары болған жағдайда қатты көрінеді. Балалар арасында бәсекелестік пайда болады, ол ата – ананың мейіріміне, махабатына ие болу ниетінен туындайды. Жасы үлкен балада кішісіне деген қызғаныш байқалады, бұл арнайы жасалған балалық қылықтардан байқалады, бала кішкентай кезіне еліктеп сақауланып сөйлей бастайды, өйткені ол өзіне кішкентайға қарағандай қарап, еркелетсе деген ниеттен туындайды. Балада осы кезеңде болып жатқан нәрсені түсіну үшін күшті төзімділік талап етіледі.

Қарым – қатынастағы дағдарыс бала мектепке дейінгі мекемеге немесе мектепке барғаннан кейін де пайда болуы мүмкін. Бұл уақытта ананың жаялық жууы екінші орынға кетіп, балаға көбінде әкелік қызмет қажет болады, ал көптеген ер адамдар бұл жағдайға дайын емес некеге өзінің қызметі тек қана қаржылай қамтамасыз етумен байланысты деп тәрбиелеу ісінен шеттеле бастайды.

Келесі ол уақытпен байланысты екінші дағдарыстың қатар келуі: жеткіншек жас дағдарысы және ата – ананың 40 жастық дағдарысы болып табылады. Бұл кезеңде ата – аналар өз құндылықтарын қайта қарайды, ал баллалар билікке ұмтылып шу шығарады. Көп жағдайда осы кезде баланың қызуғушылығын ата – ана әр түрлі ескереді және көптеген келеңсіздіктер дәл осы кезде пайда болады.

Отбасы дамуының келесі дағдарыстың кезеңі бұл – ерлі – зайыптылардың бір – бірінің зейнеткерлікке шығуы. Бұл кезеңде көсемдікке бейімделіп, өзін кәсіби іс — әрекетте белсенділікте ұстап, дағдыланып қалған адамдарға қиын болып келеді. Егер олар өздеріне басқа бір жұмыс көзін тауып, айналыспаса, онда өмірге деген қанағаттанбаушылық және жеке басының іске жарамсыздығын сезінеді. Кейбір ер азаматтар бұл кезде осы шақтың қызығын жіберіп алмайын деп, өзін жаңа әлеуметтік және жыныстық қарым – қатынаста көрсетуге, әліде болса күш жігері бар екендігін дәлелдеуге ұмтылады.

Қатар келген екі дағдарысты теңестіру қиынға соғып, отбасында іштей бөлінуге, қарама – қайшылықтарға әкеліп соғады.

Ажырасудың екінші шарықтау кезеңі 40-45 жас аралығы. Бұл бірге өмір сүрген 10-15 жыл аралығына сәйкес келеді. Осы отбасылық өмірдің екінші өтпелі дағдарыстық кезеңі болып табылады.

Одан әрі өсіп қалған балалардың кәсіп таңдауымен байланысты – дағдарыстық кезеңге жетеді. Қазіргі экономика шартында ата –ана бала болашағының қамын ойлап, оған үлкен ауқымды түрде қаржылай және моральдық тұрғыдан үлесін қосып, оның келешектегі жемісті мамандықпен қамтамасыз етуге ұмтылдырады.

Ажырасудың үшінші шарықтау шегі және өз — өзіне қол жұмсауға бару дәл осы кезеңге сәйкес келеді. Осы кезде ер жеткен балалар ата – ана қамқаорлығынан бөлек шығып, өз бетінше өмір сүруге немесе отбасын құрып кететіндіктен, ерлі – зайыптылар жалғыз өздері қалып қояды. Көптеген ерлі – зайыптылар мұндай тығыз экономикалық және физикалық қарым – қатынасқа дайын болмағандықтан осы кезде орта жастағы ажырасулар кездесіп жатады.

Қалыпты дағдарыстармен қатар отбасы басқа да құбылыстарда мысалы: соғыс, экономикалық дағдарыс, табиғи аппаттар, ерлі – зайыптылардың бірінің кенеттен ауырып қалуы, созылмалы айырылысулар, отбасы мүшелерінің өмірден кетуі, тұрмыс үй мәселесінің ушығуы сияқты жағымсыз әсер ететін жағдайларға кез болуы мүмкін. Осындай орта жолда пайда болған жүктемелерді кез – келген отбасы көтере білмейді , міне сол кезде отбасының құлдырауы – ажырасуы орын алады.

Балалар ажырасу процесіне үш түрлі типте жауап қайтарады: жеңімпаздар, жеңілгендер, аман қалғандар.

Жеңімпаздар ата –анасының ажырасуынан белгілі бір пайдаға қол жеткізеді: жексенбі күндері әкелері еркелетсе, басқа күндері анасын әкеммен бірге тұруға кетіп қаламын деп қорқытады, ажырасу оларға жақын адамдар тарапынан назар аударуды күшейтеді.

Жеңілгендер. Бұл жағдайға байланысты қайғыруы жеңілген балалар. Отбасында қалған адамның оған деген қатынасы бірден нашарлайды. Егер бала отбасының кеткен мүшесіне қатты ұқсайтын болса, онда жағдай тіптен нашарлайды. 

Аман қалғандар бұл барлық ауыртпалықты белсенді түрде басынан өткен, оған қоса өз жақындарына, басқа адамдарға деген қатынаста зейінді, сезімтал бола білген балалар. Осындай соққылы тәжірибеден бала жақын эмоционалдық қатынастың қажеттілігін түсінеді.

Отбасылық қалыптан тыс дағдарыс –отбасы өмірлік циклының кез-келген кезеңінде кездесетін дағдарыс, ол өмірдегі жағымсыз жағдайды қобалжу дағдарыс ретінде Р.Хилл үш факторды отбасы шығатын дағдарысты бөліп қарастырды:

1. Сыртқы қиындық ( жеке тұрғын үй, жұмыстың болмауы );

2. Күтпеген жағдай, стресстер ( отбасы немесе бір мүшесі жол апаты,зорлану т.б.)

3. Ішкі отбасы жағдайын тепе-теңдікте бағалай және жеңе алмауы қақтығысты немесе стрестік сапалардың қарастырылуы (күрделі ауру, өлім, ерлі-зайыптылардың опасыздығы, ажырасуы)

Отбасында қалыптан тыс дағдарыс жағдайының белгі көрсеткіштері:

  • Отбaсы дағдарыс жағдайы. 
  • Отбaсы мүшелерінің болып жатқан жағдайды түсінуі және қабылдауы.
  • Отбасы мүшелерінің болған жағдайға көз-қарасы, қабылдауы
  • Отбасы мүшелерінің өзгеруі.
  • Жекелік және отбасылық жағдайды дағдарыстан шығару мүмкіндігі
Отбасында баланың жас және психологиялық даму ерекшеліктері.
Отбасында баланың даму ерекшелігін зерттеуде соңғы кезде авторлар, жас ерекшелік кезеңдерін, даму заңдылығын ескеру арқылы, өз кезеңдік көз-қарасында қосуда. Алғаш психоанализде жас ерекшелік кезеңдеріне әсіресі балалық шаққа көп көңіл бөлген З.Фрейд болды. Фрейдтің пікірі бойынша жыныстық құмарту- адам дамуының басты белгісі болып табылады.

Бір жасқа дейін эрогенді аймақта жағымды түйсінуге жету бөлігіне ауыз қуысы мен тіл сілекейі жатты. Осы негізге сүйене нәрестелік –оралды кезең деп аталды. Бір жас пен үш жас аралығында эрогенді аймақ болып ішектің сілекей қабаты қаралды. Бұл аналды кезең деп аталды.Бала бұл жаста сүйкімді және жекелік тазалық, қыңырлық, тұйықтық агрессиялық ерекшеліктерді, меңгере бастайды. Келесі фаллистикалық кезең (3-5 жас) деп аталады, балада жыныстық құмарту жоғарғы деңгейде көрінеді.

Фрейдтің жолын құушы Э.Эриксон [8]да өзінің кезеңдік бөлу негізіне басқа да белгілер енгізді. Бала дамуы өмір сүрген ортасынының мәдениеті мен экономикалық деңгейіне байланысты. « Әрбір келесі кезеңге сәйкес дағдарыстың берілуі қоғамдағы негізгі элементке жатады, оның қарапайым себебі адам институты мен өмірлік даму циклы бірге эволюцияланған болып табылады. 

Бірінші кезең (туылғаннан бір жасқа дейін ) негізгі сенім сенімсіздікке қарама-қарсы деген атқа ие болды. [9] Бұл кезеңде ана мен бала арасындағы жағымды қатынастың қалыптасуы төтенше маңызға ие. Егер ана баласына қажеттіліктерін қанағаттандыруда өз қамқорлығын, сүйіспеншілік пен мейірімділік танытса бала өз жағдайының жақсы екенін, іс-ірекетінің басқаның күтуіне сәйкес келетінін сезеді. Нәресте қоршаған әлемге сеніммен қарауға үйренеді, ал бұл болмаса бірқатар бұзылыспен ауруға әкеп соғады. 

Екінші кезең, бір жастан-үш жасқа дейінгі жас кезеңіне сәйкес келеді, «ұятқа қарама-қарсы автономия» деген атқа ие болып, оның аяқталуы «Мен өзім» дағдарысын туындатады. 

Бала дамуының қарқындылығы оны дербес етеді. Ата-аның бақылау жасау, шектеу, тыйым салуы жиілей бастайды. Тұрақты түртпектеу баланың өз қажетсіздігін сезінуге негіз болады. «Шектен шығара ұялту» жасанды мінез-құлыққа әкеледі, егер бұл ұялу сезімін жоймаса, онда жасырын шешім шығарудабала қалайда жағдайдан шығуға талпынады. Бала осы жастың өзінде секем алу және ұялу сезіміне ие болып, қоғамға балалық қарғыс және ауыр сөздер арқылы үндеу тастайды. Сондықтан да ата-ана міндеті- бала жеке басын сыйлау және мөлшерден тыс басынбау болып табылады. Осы жағдайда ғана балада әділеттік қалыптасып, «кінәлілік сезіміне қарсы белсенділік» деген жас ерекшелік даму кезеңіне қоғамның толыққанды мүшесі болып енеді.

Үшінші кезең «бастамашылдық немесе кінәлілік сезімі» 4-5 жаста балада айналасын зерттеу белсенділігі артады. Олар әлемнің құрылымын және оған қалай әсер етуге болатынын біле бастайды. Олар үшін әлем шынайы және қиялындағы адам мен заттан тұрады. Жалпы зерттеушілік іс-әрекеті нәтижелі жүзеге асқанда, олар айналасындағы адам мен затпен конструктивті тәсілде қатынас жасауға үйренеді және бастамашыл бола бастайды. Алайда оларды қатаң сынап және жазалайтын болса, олар көптеген іс-әрекетінде өзін кінәлі сезінуге әдеттенеді.

Төртінші «Еңбексүйгіштік немесе бүтінсіздік сезімі». 6-11 жаста мектепте, үйде және өз құрбылары ортасында бірқатар дағды мен іскерлігін дамытады. Эриксон теориясына сәйкес, түрлі бағытта бала құзыреттілігінің артуы «Мен» сезімін едәуір толықтырады. Өзін құрбыларымен салыстыру үлкен мәнге ие бола бастайды. Әсіресе осы кезеңде басқалармен салыстырғанда өзін жағымсыз бағалау зор зиянын келтіреді.

Бесінші жеткіншектік кезең-11-16 жас . Осы кезең үш жастағы «Мен өзім» дағдарысын еске түсіреді, бірақ бұл әлеуметтік мәнде жүзеге асады. Аталған дағдарыс белгілі бір өткірлігімен сипатталады. Дағдарыс белгілері:

  1. Балының жалпы оқу үлгерімі төмендейді 
  2. Негативизм. Үш жас дағдарысымен салыстырғанда, оны екінші негативизм фазасы деп те атайды. Бала ортасынан алшақтайды, өштескен ұрыстарға, тәртіп бұзуға бейім, ішкі мазасыздықты сезінеді, өзіне көңілі толмайды, жалғыздыққа ұмтылады. Ұл балады қыздарға қарағанда негативизм кеш (14-16 жас) басталғанымен айқын әрі жиі байқалады. 
Дағдарыс кезінде жеткіншек іс-әрекеті жағымсыз сипатта болуы міндетті емес. 
Выготский іс-әрекеттің үш нұсқасын келтіреді. [8]

Бірінші нұсқа- негативизм жеткіншек өмірінің барлық саласында айқын байқалады. Мұндай реакция жеткіншектердің 20%-де көрініс табады. 
Екінші типте- бала потенциалды негативист. Негативизм қоршаған ортаның теріс ықпалына реакция ретінде кейбір жағдайда ғана байқалады: отбасылық қақтығыстар, еңсені басатын іс-әрекеттер, ересектердің қысым көрсетуі. Мұндай бала шамамен 60%-ті құрайды. 

Үшінші жағдай жағымсыз құбылыстар мүлдем болмайды. Ол балалардың 20 %-де кездеседі. Жеткіншектік кезеңде баланың түрлі психикалық жарақат, қақтығыс, келеңсіздіктерге сезімталдығы күрт артады.

Созылмалы сипаттағы екі топ факторы мәні ерекше: дұрыс тәрбие бермеу және қақтығыстық жағдайлар. Екінші топқа келесі эманципациялы қақтығыс, құрбы-құрдастарымен топ құру негізінде туындайтын жан-жалды (байланысқа түсе алмау, қолынан келмейтін басшылыққа ұмтылу, өзін кем сезіну, өзіне деген жоғары талаптардың орындалмау негіздері) күштеп тоқтатуға болады. 

Дәл осы жас кезеңінде алғашқы суйцид әрекет белсенділік көрініс беріп, психологиялық дағдарысты сезіну мен байланысты жағымсыз тәуелділік қауіпі пайда болады. Психологиялық дағдарыс салдарына сезімтал болып келетін жеткіншіктер категориясы: зорлық көргендер, түрлі тұрмыс жағдайындағы, отбасында қатыгездіктің құрбаны болғандар, ата – анасының қазасына байланысты психологиялық соққы алғандар, жақын адамдарын жоғалтқандар, ата – ананың ажырасу жағдайын басынан кешіргендер, ұяң, ұялшақ жеткіншектер, аборт немесе басқа да медициналық әрекеттерді басынан өткізгендер және өз құрбы – құрдастарымен салыстырғанда үлкен жетістіктерге жетіп үлгерген дарынды балалар. Бұл кезеңде өз тәніне көңілі толмаушылық, гормондардың қайта құрылуына байланысты туындаған тітіркенгіштік күрт көтеріліп, қоршаған ортаға — деген қатынасы өзгеріп, тәуелсіздікке деген қажеттілік туындайды, дөрекілік, сыншылдық пайда болады.

Көптеген жеткіншектер басқалардай болғысы келумен қатар ешкімге де ұқсамауға ұмтылады.

Зерттеушілердің бір қатары 18-19 жаста жасөспірімдік дағдарыс кезеңін бөліп көрсетіп және жеңіл шығудың жалпы 3 тәсілін ерекшелейді.

Бірінші бұл – ішкі ресурстар мен конструктивті копингтік бағдарламаларды қолданудың мәнін түсінудің арқасында дағдарыстық жағдайларды тиімді шешу болып табылады.

Екінші тәсіл бұл – жекелік эмоционалдық тұрғыдағы уайымдауларына қатты мән бергендіктен мағыналы нәрсені көре алмағандықтан тиімсіз шешім пайда болады.

Үшінші – дағдарыстық жағдайды шешуде туындаған жағымсыз уайымдардан қашу, жағдайды шешудегі жауапкершілікті басқа адамдарға артумен байланысты болып табылады.

Қыз балалардың ерекшелігі ол дағдарыстық жағдайды терең эмоционалдық уайымдаумен қабылдап, одан мән – мағынаны көре алу іскерлігінде болып табылады. Дағдарысқа ұшыраған қыз балалар оны түсіну мен басына өткеруде терең қабылдайды, нәтижесінде олар өмірдің қиын кезеңдерінде мағыналы жол таба білуге машықтанады.

Бозбалалардың бұл шақтағы ерекшелігі ол дағдарыстық жағдайды эмоционалдық мәнділігін төмендетеді, оны жеңіл қабылдауға ұмтылады. Дағдарысқа ұшыраған ұл балалар сасқалақтап, жағымсыз уайымдауға беріліп, нәтижесінде өзінің мәселесін түсінуден алшақтай түседі.

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

Отбасы — қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын кешенді әлеуметтік құбылыс болып табылады. Сондықтан да әлеуметтік құбылыс бола отырып, ол адамзат өмір сүру жағдайына қарай құрылып, оның дәстүрлері мен әдеттері ғасыр өткен сайын жаңа сипатта көрініс береді. Отбасын әлеуметтану ғылымында былай деп көрсетеді «отбасы дегеніміз – тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ, оның жалпы белгілері – бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық қатынастар жүйесі, адамның жеке-дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру» [26, 24б.]. Яғни, адамзат отбасын құра отырып, сол шағын мемлекетке әлеуметтенеді, отбасылық құндылықтар қалыптастырады және әдет-ғұрып дәстүрлерін дамытады. Отбасының жоғарыда келтірілген анықтамасы бойынша, ол — отбасындағы қатынастар, отбасының құрылымы мен формасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ.

Ең алдымен біз жастар тәрбиесіндегі отбасының рөлін айқындап алайық. Әдебиеттерде көрсеткендей, “Отбасы – жанұя, үй деген сөздің синонимі”, яғни бір оттың (ошақтың) басында өмір сүріп жатқан қандас адамдар жиынтығы [27]. Бір оттың басында өмір сүруге дайындық физиологиялық және психологиялық тұрғыдан негіздеуді қажет ететіндігі сөзсіз. Ер адам мен әйел адамның сезімдерінен туындаған шешім мен жауапкершілікті ұғыну негізінде отбасылық өмір бастала отырып, ұрпақ жалғастыру процесі жүзеге асады.

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ