Ы әрпі мен дыбысы

0
11886
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі:  Сауат ашу

Тақырыбы: Ы әрпі мен дыбысы

Мақсаты:

Білімділік: Ы дыбысы және ірпімен таныстыру. Сөз, сөйлем, буын туралы түсінігін кеңейту. Ы әрпінің баспа түрін жазуды үйрету. Ы дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету.

Дамытылушылық: Балалардың сөздік қорын молайту. Ойлау қабілетін, зейінін, қол моторикасын дамыту. Балалардың қолдарын жаттықтыру.

Тәрбиелік: Балаларды сыпайылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, ойын,

Жаңа сөздер: ыдыс, ырыс

Қолданатын көрнекіліктер: Суреттер, слайд, кеспе әріптер қалтасы, текшелер, әліппе-дәптер, үлестірмелі материалдар

 

Әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы

Балалармен шаттық шеңберін құру.

  Алақанды ашайық,

Күннің нұрын алайық.

Жүрекке жылу салайық,

Жиналған жылы шуақты,

Бір-бірімізге шашайық. 4-слайд

 

Дид ойын: «Сөз ойла, тез ойла»

Мақсаты: Төртбұрышты қораптың жан-жағына(А, Н, Л, Р, О, Т, У, Ш, С, Д ) әріптерді лақтыру арқылы естеріне түсіру, сол дыбыстардан басталатын сөздер айту 6-слайд

-Қазақ тілінде неше әріп бар?

-Дыбыстар дегеніміз не?

-Әріптер дегеніміз не?

-Дыбыс нешеге бөлінеді? 7-слайд

 

 

Шаттық шеңберге тұрып, тәрбиешімен бірге қайталайды.

 

 

 

 

Қызығушылық танытады

 

 

 

 

 

Өз ойларын ортаға салады

Іздену ұйымдастырушы

(Слайдтан ертегі көрсетіледі)

-Мынау қай ертегінің кейіпкерлері?

-Ия! «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлері. Осы Бауырсақты түлкіге жегізбеу үшін жаңа дыбыспен танысып, тапсырмалар орындаймыз. 8-слайд

Бауырсақ тапсырмасы: “Сиқырлы үйлер”ойыны

Мақсаты:  Дауысты мен дауыссыз дыбыстарды ажыратып, көк және қызыл үйлерге орналастыру. 10-слайд

 

Кесе, шыны, пияла

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейміз,

Бәрінің атын не дейміз?  (ыдыс) 11-слайд

 

Ы  дегенім ыдыс, іші толған ырыс .

 

Ы ы дауысты дыбыс.

Ыдыс – сөздің басында,

Сырмақ – сөздің ортасында,

Құты — сөздің соңында келеді.   12-слайд

 

Қасқырдың тапсырмасы: “Суретпен жұмыс»

Мақсаты: Суреттегі заттардың аттарын атап, сөздегі ы дыбысының орнын ажырату.

1-тапсырма.Педагог балалардың көңілін суретке аударады.  15- слайд

 

Суреттегі жануарларды атайды.

Жануарлардың         қоректенуі     туралы қысқаша əңгіме жүргізу. 16-слайд

 

Суреттегі       жануарлардың          жəне заттардыңқайсысынан ы дыбысы естіледі. Балалар ы дыбысы бар сөзді анықтайды.

 

2-тапсырма.Сұраққа сөйлем сызбасымен жауапбер. Шырын құлынға не берді?

Ы – дыбысы – дауысты дыбыс. Ы дыбысын

айтқанда тіліміз артқа жылжиды. 17-слайд

 

Сергіту сәті(бейне таспа арқылы өткізеді)

18-слайд

 

Қоянның тапсырмасы: “Дәптермен жұмыс»

Мақсаты: Ы дыбысының баспа түрін жазу

19-слайд

 

Түлкінің тапсырмасы: “Буындап оқу»

Мақсаты: Сөздерді буындап оқу. 22-слайд

 

Ой тастау:

Суыр-сурок-marmot

Тышқан – мышь – mouse

Қасқыр-волк-wolf

Қонжық – медвежонок – bear

Тотықұс – попугай –parrot 23-24-слайд

 

Ертегі атын  айтады

 

 

 

 

Дауысты, дауыссыз дыбыстарды сиқырлы үйлерге орналастырады.

 

 

 

 

Жұмбақ шешуін табады.

 

 

 

 

 

 

 

Мұқият тыңдайды

 

 

 

Өз ойларын айтады.

 

 

 

 

 

Естерінде сақтайды.

 

 

 

 

 

 

 

Бойларын сергітеді

 

 

Ы әрпін баспа түрде әліппе-дәптерге жазады.

 

 

Буындап оқиды.

 

 

 

Жаңа сөздерді жаттайды.

Рефлексті

коррекциялаушы

1.Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?

2.Ыдыбысы қандай дыбыс?

3.Қай ертегінің кейіпкерлерінің тапсырмаларын орындадық?

Қай тапсырманы орындау қызықты болды?

25-слайд

 

Сқрақтарға жауап береді.Өз ойларын ортаға салады.

 

 Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балалар «Ы» дыбысынан басталатын сөздерді біледі және өткен әріптерді таниды, ажыратады.

Түсінігі : Балалардың Ы дыбысы кездесетін сөздер жайлы түсінігі бар.

Орындай алады: суреттер арқылы сөйлем құрауды, Ы дыбысыңың дауысты дыбыс екенін, Ы дыбысы бар сөздерді буынға бөлуді орындай алады.ы әрпін баспа түрде жазады.

 

 

Басқа материалдар

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ