Отты ойлардың оғланы- Оралхан Бөкей

0
942

Есімі өзімізге де , өзгеге де кеңінен танылған ерекше талант иесі Оралхан Бөкей әдебиетімізге өзіндік бетімен , өзіндік өрнегін сала келген жазушы еді. Оның алғашқы әңгіме — повестерінен — ақ ( «Камшыгер» , «Үркер» ,  «Кайдасың қасқа құлыным» ) ешкімге ұқсамайтын өзінше саз саптасы , асқақ мінезі , алғыр зерде — зейіні оқушысын бірден баураған болатын.  

Жазушының ой мен сезімді катар өрген шығармалары бірде түңғиық ойға жетелесе, бірде асқақтыққа, өршілдікке тартып, толғау толғаныстары кең тынысты, өзгеше үнді болып шығатын. Олардан бірде романтикалық құштарлықты, бірде публицистік от- жалынды, бірде реалистік өткірлікті, енді бірде сағыныш- мұнға бөлейтін лирикалық әуенді айқын аңғарар едік. Оралхан өзінің табиғат берген зерде, зейіні, сөзге, сөз өнеріне деген бейімділігі арқасында жастайынан өнерге, әдебиетке, сұлулыққа құштар болып өседі.

Мектепті бітірген соң, өз ауылында совхозда әуелі әр түрлі жұмыстар, кейінірек тракторшы болған бозбаланы сол әдебиетке деген құштарлық 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне алып келеді. Сонда да ол өмірден қол үзбей, сырттай оқып, ауылдағы жұмысын жалғастыра береді.

О. Бөкей бір сөзінде «мені әдебиетке әкелген журналистика»  дейді. Өте орынды айтылған. Себебі , университеттің екінші курсынан бастап аудандық газетке ауысып, әуелі корректор, сосын тілші, кейіннен редактордың орынбасары болған ол қиын да қызықты журналистика өнерінің қыр — сырына қаныға бастайды. Ол тек аудандық газетпен ғана шектелмей , облыстық , республикалық « Лениншіл жас» ( бүгінгі «Жас алаш»  ) газетіне де суреттеме — очерктер жазып , өзін таныта білді . Біз сол кездерде оның жастыкка тән албырт та қиялшыл болмысын  «Лениншіл жаста» жариялаған очерктерінен оқып , сол өзінше сөз саптасына шығармасын іздеп оқитын едiк.  Кейіннен сол жастар барынша ашылды.  Газет бетінде жиі жарияланып жататын қара сөзбен газетінің өзіне орналасқанда , Оралханның журналистік қарым — қабілеті жырлаған очерк — эсселері әдебиетімізге өзіндік өрнегі , өзгеше жазу мәнері бар жас каламгердің келе жатканын әйгілей түскен еді . «Егер мен сол алғашқы жарияланған суреттеме , очерктерімді жазбаған болсам , үлкен шеберлік мектебінен ете алмас едім» деген еді автордың өзі де.

Ұлы драматург  Б.Шоу  «Әрбір талантты жазушы ен әуелі өз замантастары жайлы жазу тиіс» деген екен. Оралхан Бөкейде қолына қалам ұстағанан-ақ, өз замандастарының мұңы мен қуанышын шынайы суреттеуге тер төккен қаламгер.  Бұл ретте автордың өзі де « Әйтеуір , не жазсам да өз заманымды , сол заманда табан ет , маңдай  терін жұмсап жүрген қарапайым енбек адамдарын тілге тиек етуге тырысамын» деген болатын .  Айтқанындай-ақ , онын кейіпкерлері , — «Кайдасын , қасқа құлынымдағы»  Орал , «Өліарадағы»  Қойшы ,  «Елең – аланды»  Зарлық,  «Құм  мінезіндегi» Бархан,  «Мұзтаудағы»  Ақтан , Өз атымды өшірмедегі  Дархан, «Сайтан көпірдегі» Аспан —  өзіміз күнде араласып жүрген карапайым замандастарымыз. Бір ерекшелігі- бұл кейіпкерлерді әдебиетіміздегі замандастар бейнесі галереясынан басқаға шатастырмай  бірден танитынымыз.  Бұл да жазушының образ сомдаудағы өзіндік  толғам — әзденістерінен болса керек.

Өмірден ерте кеткенімен артынан мол әдеби мұра қалдырған Оралхан Бөкей ұлттық көрркемөнерімізде өзіндік орны бар ірі суреткер. Жазкшының адамның сезім тұңғиығына, жан-дүние тереңіне ой-арманына үңілген шығармалары туған халқымен бірге жасасып, оның рухани игілігінен қызмет ете береді…

Тұрлыбек Мәмесейітов

Жазушы, сыншы

Дайындаған: Жұмабек Аяулым


ПІКІР ҚАЛДЫРУ