Қозғалыс сыры

0
2052
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study
Сабақтың тақырыбы:

Қозғалыс сыры

Мектеп: М. Горький атындағы орта мектеп
Күні: 12.11.18 Мұғалімнің есімі: Бейсембаева Асем Оразгалиевна
СЫНЫП: 2 «Ә» Қатысқандар саны: 14 Қатыспағандар:0

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

2.2.3.3 — бұлшық еттің қозғалыс кезіндегі жиырылуының рөлін түсіндіру;

2.1.2.5 — құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасау;

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
  • бұлшық еттің қозғалыс кезіндегі жиырылуының рөлін түсінеді
Оқушылардың басым бөлігі:
  • құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізеді
Кейбір оқушылар:
  • бақылау жүргізу барысында қорытынды жасай алады және ойын дәлелдейді
Бағалау критерийі
  • Бұлшық еттің қозғалыс кезіндегі жиырылуының рөлін түсіндіреді
  • Құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізеді және қорытынды жасайды
  • Топтық, жеке жұмыстарды орындайды
  • Қаңқа мен бұлшық еттің қызметінанықтайды;
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған заттар  және  қолдың моделі, арқан. резеңке, А3 қағаздар, маркерлер, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.
         Құндылық Дене сымбатын сақтауды үйрену, бірін-бірі құрметтеуге дағдылану
Пәнаралық байланыс Математика, дене шынықтыру, дүниетану.

Жоспарланған

уақыт

Іс- әрекет Ресурстар
Басталуы 3 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Көрші»

Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

Нұсқаулық:

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Ережені сақтайық

Кәне сабақ бастайық

АЛТЫН ЕРЕЖЕНІ ЕСКЕ ТҮСІРУ

(Көршілер қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды)

Ортасы 25 минут

Алғашқы білімі:

Білу және түсіну

Өткен сабақты пысықтау мақсатында

«Ақиқат, жалған» ойынын ойнаймыз

Берілген сұрақтарға ақиқат немесе жалған деп жауап беру.

  1. Қаңқа сүйектері өспейді. Жалған (өседі)
  2. Қаңқа адам денесін ұстап тұрмайды. Жалған (қаңқа-адам денесін ұстап тұратын сүйектердің жиынтығы )
  3. Ол ішкі мүшелерді қорғайды, әрі денеге пішін береді. Ақиқат
  4. Ол ішкі мүшелерді қорғамайды және денеге пішін бермейді. Жалған
  5. Бас сүйек бастың пішінін береді. Ақиқат
  6. Қабырғалар, төс сүйек пен омыртқа кеуде қуысын құрайды. Ақиқат

Дискрипторлар:

  • Берілген сұрақтардың ақиқат не жалған екенін ажыратады
  • Өз ойын айтып, дәлелдейді

ОЙ ҚОЗҒАУ

л ы ш қ е т б ұ
V IX VII X XI XII II IV

Рим цифрларын өсу ретімен орналастыру арқылы бүгінгі сабақтың тірек сөзін тауып алайық

  • Бұлшықет дегеніміз не?
  • Ол не үшін керек?

Бұлшық ет біздің ағзамыздағы негізгі мүшелердің бірі. Адамның қаңқасы өздігінен қозғала алмайды. Олар бұлшық ет арқылы қозғалады. Олардың көмегімен біз секіреміз, жүгіреміз, ойнаймыз, жазамыз, доп лақтырамыз. Адам денесінде 650-дей бұлшық ет орналасқан. Бұлшық еттердің түрлері көп. Ауыр және қиын жұмыс жасауға арналған үлкен бұлшық еттер және жеңіл жұмыс жасауға арналған кіші бұлшықеттер болады. Адам күлгенде 17 бұлшық ет, ал қабағын түйгенде 46 бұлшық ет жұмыс жасайды.

Ең күшті бұлшық ет шайнау бұлшық еті, ал ең кішкентай бұлшық ет құлақтың ішінде орналасқан екен.

КІТАППЕН ЖҰМЫС

  • Кітаптағы суретке зер салайық.
  • Бұлшық ет адамның қай жерінде орналасқан.
  • Олар қандай?

АРҚАНДЫ көрсету

Бұлшықеттер бірнеше жіңішке жіптерден орналасқан. Олар сүйекке бекіп . оны қозғалысқа келтіреді.

Қолдану

Зерттеу жұмысы

Сендердің алдарыңда дайын қолдың макеті берілген. Макетте бекітіліп тұрған резеңке бұл бұлшық ет.Топпен бірлесе отырып, бұлшық ет қалай жұмыс жасайды сұрағына жауап іздейсіңдер. Қол қимылдағанда резеңке ұзындығы қалай өзгереді?

Видео көру

«Ақиқат пен жалған» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау

Көрнекілік

Арқан, резеңке арқылы бұлшықетті түсіндіру.

«Сәйкестендір» тапсырмасы

 

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті « қаңқа биі»
Аяқталуы 10 минут

Дәптермен жұмыс

22 беттегі тапсырманы орындау

Жанындағы жұбы тексереді

Талдау және жинақтау

8 минут Постер жасату.

Топпен жұмыс

Оқушылар жаңа білімге сай оқулықты қолдана отырып өз түсінгендерін постерге түсіреді.

Бұлшық еттер не үшін керек?

Әр топ өзінің жұмысын қорғайды, бағалайды.

«Қимыл —  қозғалыс – бұл өмір», деп Вольтер айтып кеткен. Шынында да, адам о бастан қимылға бейімделген, бәлкім табиғат шешкен болар. Біз сондықтан жүреміз, жүгіреміз, секіреміз, жүземіз, күнде мыңдаған әртүрлі қимыл жасап, еңкейіп, тік тұрамыз. Мұның барлығын сүйек – бұлшық ет жүйесі немесе тірек – қимыл аппараты қамтамасыз ететіндігіне көз жеткіздік деп ойлаймын.

КЕРІ БАЙЛАНЫС «Сөздер банкісі» «Біздің тақырып»

Сөздер банкісінен керекті сөздерді алып біздің тақырыпқа орналастыру.

РЕФЛЕКСИЯ Бағдаршам

Топпен жұмыс

Постер жасату.

Оқушылар өз ойларын постерге жазып оқып береді

«Сөздер банкісі»

«Біздің тақырып»

Үйге тапсырма: Бұлшықет туралы қызықты мәліметтерді іздеу.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған

саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер

енгіздім жəне неліктен?

«Бағдаршам» әдісі

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ