Сақ тайпаларының көрші елдермен қарым — қатынасы

0
4558
Гомотетия және оның қасиеттері

 

Пән: Қазақстан тарихы Мұғалімнің аты-жөні: Азылханова А.Б
Дата: Класс: 5 Оқушы саны:
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Сақтар

(12 сағат)

Сабақтың тақырыбы Сақ тайпаларының көрші елдермен қарым — қатынасы
Бастапқы білім Қазақстан территориясындағы ерте темір дәуіріндегі рулар, тайпалардың пайда болуы, археологиялық ескерткіштері, дүниетанымы, шаруашылығы,тарихи кезеңнің зерттелуі туралы біледі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.3.2.1 – сақ, сармат тайпаларының халықаралық аренадағы орнын анықтау
Бағалау критерийлері
  • Сақ тайпаларының көрші елдермен қарым-қатынасын талдайды;
  • сақтардың сауда байланысын сипаттайды.
Дескриптор
  • Сақ тайпаларына жасаған жорығының неліктен сәтсіз аяқталғанын түсіндіреді;
  • Тарихи дереккөздерге сүйене отырып, сақтардың киім-кешегі мен мәдениетіне баға береді.
Тілдік мақсаттар

1. Грек, парсы, рим жазба деректерімен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы).

2. Шығармашылық жұмыстарын қорғайды, сақтардың ерлігін, әскери жетістіктерін, өнер туындыларын сипаттайды (тыңдалым және айтылым дағдысы).

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері

Помпей Трогтың, Геродоттың, Ктесийдің жазбалары сақтардың көрші елдермен қарым-қатынасы туралы келесі ақпараттарды береді:…

Сақ тайпаларының әскери артықшылығы…

Құндылықтарды

дарыту

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының маңыздылығын көрсету.
Пәнаралық байланыстар Пән Кезең
Дүние жүзі тарихы Зерттеу және талдау. Геродот деректерімен жұмыс.
Дифференциация

тапсырма таңдау барысында: жеке оқушыға, топқа арналған әр түрлі деңгейлі тапсырмалар дайындау;

— оқушының жеке күтілетін нәтижесін белгілеу;

— оқушыға жеке көмек көрсету;

— оқу материалдары мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып таңдау.

Сабақ түрі Түсіндіру, ДЖИГСО-1, әңгімелесу, сұрақ –жауап, кестемен жұмыс, ой жинақтау
Сабақ типі Жаңа оқу материалын игерту
Сабақтың әдісі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Қызығушылықты ояту кезеңі

Сабақтың басы

5 мин

Б. Оқушылардың алдыңғы білімін қайталап, жаңа біліммен байланыстыру үшін «Ассоциация» әдісі қолданылады. «Сақ», «Әлеуметтік құрылым» және т.б. түсініктер мен сөздер арқылы өткен мен жаңа сабақтың арасындағы байланыс орнатылады.

Оқушыларды мұғалім сабақ тақырыбына шығарады.

Слайд 1
Сабақтың ортасы

10 мин

 

10 мин

15 мин

Б. Өз білімдерін толықтыру үшін топтастыру жасау «Гүл» гүлдің күлтелеріне өз білімдерін өткен тақырып, жаңа тақырып, өмірмен байланыстыру.

М. Оқушыларға тақтадағы слайд арқылы сақтардың әлемдегі орны туралы мағлұмат береді.

ЖИГСО

1 топ: Сақтардың көрші халықтармен байланысы

2 топ: Сауда байланыстары

3 топ: Сақтардың киім-кешегі

4 топ: Персеполь сарайы (қосымша мәлімет)

Миға шабуыл: Оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойылады:

1. Сақтар өз заманында қандай оқиғаларға белсене араласты?

2. Көздеген мақсаты не?

3. Сақтар парсы басқыншыларына қалай жауап берді?

4. Екі арадағы соғыс туралы не білесіңдер?

5. Соғыстың масштабы қаншалықты болды?

6. Соғыс барысы қалай жүрді?

Оқушылар жоғарыда аталған сұрақтарға болжам түрінде жауап береді.

Т.Оқушыларды алдын-ала дайындалған сурет-фигура бойынша немесе реттік сан бойынша топтарға бөлінеді.

1 топ: Сақ жауынгерлері мен Спитамен

2 топ: Кир және Дарий

Т. Оқушыларды жоғарыда аталған қызықты сұрақтарға жауап беру үшін мұғалім оларды «РАФТ» әдісін қолдану арқылы топтарға бөледі.

Бұл жерде

Р – роль (сақтар)

А – аудитория (кабинетте)

Ф – импровизациялық көрініс түрінде

Т – А. Көрші елдермен байланысы

Т. Оқушылар жоғарыда аталған тақырып бойынша қойылымды бағалау критерийін мұғаліммен бірге белгілейді. Бағалау критерийлері төменде көрсетілген критерийлердің айналасында болуы қажет.

  • Сақ тайпаларының көрші халықтармен байланысын талдайды;
  • Сақтардың сауда саттығын сипаттайды.

Т. Оқушыларға алдын-ала дайындалған мәтін беріледі. Мәтінмен танысып, оқушылар импровизациялық көрініс (РАФТ әдісі бойынша) дайындайды.

Б. Импровизациялық көріністі топтар көрсетеді. Көріністің мазмұны екі арада болған шайқасты, екі ел қолбасшыларының диалогы, жеңілу картинасын көрсету қажет.

М. Оқушылардың көрсеткен көрінісін бағалау критерийіне сәйкес қалыптастырушы бағалау мүмкіндігі бар.

Слайд 2
Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Key:

Б = барлық сынып жұмысы

Т = топтық жұмыс

Ж = жұптық жұмыс

Д = дербес жеке жұмыс

М = мұғалімнің түсіндірмелері

Ф = формативтік бағалау мүмкіндіктері

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ