Пайдасы оның көл — көсір

0
1135

«Ұстағанша жүз дәрігерді қайдағы, тамағыңды шақтап ішкен пайдалы» деген халық мақалы болып кеткен тіркес кәзірде қазақ қоғамында көптеп айтылуда.  Ауыра  қалсақ бірден аурухана жағалап, жазып берген қымбат дәрілерін дәріханадан сатып алу күнделікті үйреншікті жағдайға айналып бара жатқандай.

Ол дәрілердің пайдасынан гөрі зияны басымырақ. Себебі оның құрамында қандай химикаттар барын, ішкі құрылысқа қалай әсер ететінін білмейміз. Сондықтан табиғи өнімдерге көптеп бет бұрған дұрысырақ болатыны айтпасақта айдан анық. Табиғи өнім ұзақ жасаудың бірден-бір кепілі болып табылады.

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ Ежелгі Тибеттіктердің жас шамасы шамамен бір ғасырды құраған. Ал олардың діни қызметкерлері бір ғасырдан астам өмір сүргендігі белгілі. Олардың бұлай ұзақ жасағандығының бір құпиясы болғаны анық. 1971 жылы Австралиялық ғалымдар осыны зерттей келе, бір жазба деректер тауып, құпияның сырын ашты. Құпияда не жазылған десеңізші? Қарапайым  балды емдік шөптермен араластырып ішіп отырған, ол ағзаны тазартудың ең жақсы әдісі болған. Бал сол кезеңнен бастап – ақ сан түрлі сырқаттардың бетін қайтарған. Күшті ауруларды жеңуге көмектесетін бірден-бір таптырмас дүние болып есептелген.

Бал қазірде тек қана ас ретінде емес, ауырудан айықтыратын, түрлі дәрумендерге толы ара шаруашылығының өнімі болып табылады. Бал ол өте күшті антиоксидант болып табылады. Себебі қазіргі таңда оны бет күтімін жасағанда, безеу, бет терісін алдын алуда таптырмас құрал ретінде пайдаланады. Бал құрамы өте күрделі болып келеді, белоктар, протеиндер, минералды тұздар, пайдалы микроэлементтер мен ферменттерге өте бай.

Бұл метоболизм(зат алмасу) процесін жақсартады. Метоболизм процесі  басым болған адам ешқашан артық салмақтыққа, семіздікке тап болмайды. Яғни арықтағыңыз келсе балдың пайдасы ұшан теңіз. Балдың пайдасы мұнымен тоқтамайды. Зерттеушілердің айтуы бойынша бал адамның есте сақтау қабылетін, сонымен қоса ойлауын жоғарлататын өнім болып табылады. Ұйықтағанды жақсы көрсеңіз, бірақ тыпыршып ұйықтай алмай, өзіңізді жайсыз сезінсеңіз. Онда оның алдын алатын балдың көмегіне жүгінсеңіз болғаны. Бірден ұйқыға кетіп, жайлы жатасыз.

Балдың ұйқыға кетуді жылдамдататын гармон серотонинның бөлінуіне ықал жасайтыны дәлелденген. Сондықтан 1 қасық бал жеп, ұйқыңызды қандырсаңыз болады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей бал организмге тез сіңетін өнім. Балдың құрамындағы глюкоза нейрондарды бір қалыпта ұстап тұруына әсер етеді. Ол дегеніміз адамның босаңсуына, психологиялық ауруларға шалдықпау ықтималдығын жоғарлататына сеніммен қарай аламыз.

Дәрігер жазып берген ағзаға зиянды неше түрлі химикаттарды ішкенше, балдың көл-көсір пайдасына малынып, табиғи өнімді пайдаланғанымыз нұр үстіне нұр болары анық.

Мади Мәлік


ПІКІР ҚАЛДЫРУ