«Ұстаздар – ұлы тұлғалар» (сыныптан тыс шара)

0
969
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Түйіндеме:«Ұстаздар – ұлы тұлғалар» атты оздырылған іс-шара жоспарлы түрде өткізіліп, өз мақсатына жетті. Аталмыш кәсіби төл мерекеге орай өткізілген іс-шара міндеті – оқушыларға ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырын ұғындыру және ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.

Оқушылардың құрметті маман иелері ұстаздарға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында әртүрлі жастағы мектеп оқушылары осы іс-шара барысын өткізуге тартылған. Іс-шара мазмұны мен мәні өрнекті поэзия әлемімен қоса, тақырыпқа сай күмбірлеген әуен әлемінде барша қауымды тербетті. Іс- шараны тамашалаушылар өте көтеріңкі көңіл-күйде және ризашылықтарын білдіре кетті.

Открытое внеклассное мероприятие на тему: «Учителя – великие личности» было
проведено в предверии профессионального праздника учителей с целью привить учащимся уважение к учительскому труду и воспитать призвание у подрастающего поколения к учительскому ремеслу.

Для реализации понимания учащимися значимости данной профессии в ходе проведения данного мероприятия были привелечены дети разных возрастов. Целостное содержание мероприятия состояло из красивой поэтической речи и звучной мелодии по данной тематике, привлекая внимание всей публики. Присутствующие данного мероприятия были воодушевлены и выражали свою благодарность о высоком уровне проведения празднования.

An open out-of-class event on the topic: ―Teachers are great personalities‖ was held on the threshold of the professional holiday of teachers with the aim of instilling in students respect for teacher work and fostering a vocation in the younger generation for the teacher’s craft. To realize the students’ understanding of the significance of this profession, children of different ages were enrolled during this event.

The holistic content of the event consisted of beautiful poetic speech and a loud melody on the subject, attracting the attention of the entire public. Those present at the event were enthusiastic and expressed their gratitude for the high level of the celebration.

  1. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  2. Ұстаздарға арналған құттықтау мен арнау өлең
  3. «Ұстаз – ұлы есім» тақырыбында эссе

Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын ұғыну. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың құрметті маман иелері ұстаздарға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Аружан: Армысыздар, құрметті де, аяулы ұстаздар, қош келдіңіздер!

Темирлан:
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
«Ұстаз» деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

Аружан: Темирлан, бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз – ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,- деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

Темирлан: Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын! БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!

Аружан: Сен қалай ойлайсың, Темирлан? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық – өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

Темирлан: Аружан, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ол сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.

Аружан: Ендеше, ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар! Алдарыңызда «Ұстазым» әнімен 8-сынып оқушылары.

Темирлан: Аружан, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

Аружан: Ал, ендеше баста.

Темирлан: «Ұстаз болу –өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау».

Аружан: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

Темирлан: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр».

Аружан: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла».

Темирлан: «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы».

Аружан: Темирлан, екеуміз ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.

1-оқушы:
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыр оқисың нөсер болып құйылып
Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,
Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп
Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.

2-оқушы:
Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзім бар.

3-оқушы:
Ұстаздарға мың алғыс
Алғыстарым көп менің,
Асыл анам, мектебім!
Үйреткені адалдық,
Ұсынғаны адамдық,
Текті мінез, даналық
Бар ұстазға тілейміз:
Бақыт, табыс, амандық!

4-оқушы:
Мұғалім – ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың
Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл, ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға
Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.

Темирлан:Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда мектебіміздің мың бұрылған бишілерін ортаға шақырамыз, орындайтын 7-сынып оқушылары.

Аружан: Темирлан, мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?

Темирлан: Сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің кеп тұр ма?

Аружан: Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.

Темирлан: Ендеше, тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз. Мұғалімдерге шарлар үлестіреміз, әр шардың ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер шарды жарып, сұрақтарға жауап беруі керек.

Сұрақтар:
1.Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/
2.Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/
3.Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/
4.Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/
5.Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/
6.Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/

Аружан: Енді, ұстаздар, кезек-кезек билет алыңыздар. Сол билеттегі сұрақтарға дұрыс жауап берулеріңізді сұраймыз.

№1 билет. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?
№2 билет. Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?
№3 билет. Сабаққа жиі кешігіп келесіз бе?
№4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?
№5 билет. Сабақта анекдот айтқан кезіңіз болды ма?

Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер.

Темирлан:Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты ұстаз асыл анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан

Аружан:
Ұстаз мейірі — Ана мейірімі пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын білім берген ұстаздар.

«Ұстаз – ана» әні сіздерге арналады, аяулы ұстаз-аналар! Орындайтын 7-сынып оқушылары.

Темирлан: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.

Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,
Ұстаздың алып жүрген атын еркін
Біз сізге өлеңнен өріп ұсынамыз,
Жүректің алғысы мен рақметін.

Аружан: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
/Көңілді күй, сахнаға оқушылар шығады, олар ұстаздарға біркелкі бас иеді/

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар:

  1. Ұстаздар туралы 10 таңдаулы қанатты сөздер
  2. Ұстаз — ұлы тұлға (шығарма)
  3. «Менің ұстазым» тақырыбында шығарма
  4. Ұстаздар күнінің шығу тарихы
  5. Ұстаздар туралы өлеңдер топтамасы
  6. Әлемдегі ең керекті мамандық (Ұстаз туралы шығарма)
  7. Сүйікті ұстаз (Шығарма)
  8. ҰЛТ боламын десең, ұстазыңды түзе
  9. Ұлы ұстаз өнегесі
  10. Өмірқұл Айниязов: Ұстаздың үстінен шағым айту — біздің санамызда болған емес…
  11. Ұстаздар күніне құттықтау сөз

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ