Парасаттылықтан мұра қалар. Садуақас Ғылмани — сөз өнерінің шебері

0
1101
Jennie Kim: кәріс айдолының Голливудтық дебюты

Парасаттылықтан мұра қалар

Әр кезең, әр заман өзінің өмір сүру тұсында адамзат арасынан елеп, екшеп тұлғалар жасап шығарып отырады десек, өз заманында туылған тұлғалардың сол ортада болуы гармониялық үйлесім деп ойлайсың. Қоғамда ізгі адамдар көп болуы мүмкін,бірақ сол ізгі ойларды шебер жеткізе білетін тұлғалар кем екені анық.Бұл жерде , шебер, шешен сөйлей білу өнері арқылы кез келген адам баласы сол ортасы үшін сыйлы,сөзі өтімді болатыны рас. Сондықтан сөзі өтімді, орамды тұлғалардың қоғамдық жүк арқалап жүретіні де баршаға аян. Сондай тұлғалардың бірі сөз өнерін қадірлеп ұстай білген, діни қайраткер ретінде жиырмасыншы ғасырдың орта тұсында өмір сүрген Садуақас Ғылмани туралы болмақ.

         Күрделі кезеңде туған әрбір шығрарманы тарихи-мәдени мұра деп есептесек Садуақас Ғылмани өлеңдерінің айтары да, берері де мол. Қазақ мәдениетінің шыңында болып келген сөз өнері,сол өнер тудыратын өлең жолдарға тоқталып өтпесек, әсіресе сөз құдіретін сезімталдық пен түсіне білетін біздің ұрпақтар үшін айтар ойымыз сәл осал көрінуі ғажап емес.

         С.Ғылмани діни  қайраткерлігі, ағартушылығы мен ақындығы қатар жүрген тұлға. Оның діни тақырыптағы сюжетті не оқиғалық негізі бар шығармалары мен насихат өлеңдерінің әдебиет тарихынан алар орны айрықша. Ислам білгірі ретінде оның араб тілін жетік меңгергені анық болса, негізгі мәтіні арабтан алынған аудармалары- жиырмасыншы ғасыр басындағы мұсылман елдері көркемөнер тәжірибесінің бір саласы деу орынды.Ислам құндылықтары мен ,соның ішінде құран мен хадисте кездесетін оқиғаларды, тәмсілдерді қазақ оқырманына жеткізу- дін мен араб тілін меңгеріп, қолына қалам ұстаған әрбір білікті оқығанның абыройлы жолы болатыны белгілі.

С.Ғылмани да осы қатардан табылып, ел адасқан кезеңде темірқазық секілді әрі оқиғалы, әрі насихатты өлеңдер жазды. Әрбір сөз өнерін қуған тұлға елінің тұтқасы бола білсе деген ниет кез-келген уақытта да айтыла берер.Заманының жұрт киген қамытын киіп ,елі үшін жанын құрбандыққа қиған ұлт зиялыларын тілге тиек етсек, есімдерін санамалап кетеміз. Сол ұлт басына күн туғанда,замана ағымының толқынына ере бермей, жұртына жол көрсеткен азаматтар кем болмады біздің тарихымызда.

Кеңес дәуірінің орнағанын көріп,сол ортада өзі де өмір сүрген қайраткер асыл дініміздің құндылықтарын өзі өмір сүрген құдайсыз қоғамда да тірілте білді десек қателеспесбіз. Ол өз өлеңдерінің денін  отызыншы жылдары жазғанымен кейінгі кезеңдерінде сөздік жасау жұмысы мен айналысқан.

Кейбір дерек көздерінде ғалымның «Діни педагогика» атты оқулық жазып, М.Шалтут пен Достаевский еңбегін және тағы басқа бірқатар еңбектер,теологиялық еңбек жазып әзірлегені айтылады.Замана келбетін анық етіп көрсете білетін тек әдебиет десек, сол кезең көріністерін С.Ғылмани да дөп түсіп айта білген.

Шығармашыл тұлғаның азаматтық белсенділігі мен ойшылдығы- қай кезеңнің  әдебиетінде болсын үлкен олжа. Ғылманиың азаматтық белсенділігі- діндарлығымен байланысты көрінсе, ойшылдығы өлеңдерінен,қара сөздерінен байқалады. Айналасында өтіп жатқан оқиғаларға бейжай қарай алмау – оның өмірлік қағидаты.

Қысқартып айтып,тұтастай алып қарағанда, С. Ғылманидің өлең-жырлары – ұлт мәдениеті мен әдебиетінің, еліміздің ислам дінінің тарихын мейлінше толықтыратын айрықша мұра. 

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Сұлтанғазы Төлегенов


ПІКІР ҚАЛДЫРУ