Парето заңы

0
1001

    Парето заңы 80/20 экономист және әлеуметтанушы Вилфредо Паретоның эмпирикалық ережесі болып табылады. Жалпы «20% күш, 80% нәтиже береді, ал қалған 80% күш, 20 % нәтиже береді» деп тұжырымдаған. Оны кез келген іс-әрекеттің тиімділік факторларын талдауда және оның нәтижелерін оңтайландыруда негізгі параметр ретінде қолдануға болады.Ең  маңызды әрекеттердің минимумын дұрыс таңдап, жоспарланған толық нәтиженің едәуір бөлігін тез алуға болады.

   Заңда келтірілген сандарды сөзсіз дәл деп санауға болмайды: бұл нақты белгілерге қарағанда мнемоникалық ереже. Паретоның көмегімен Италияның үй шаруалықтарында 20 және 80 сандарын таңдау, кірісті бөлудің нақты құрылымы болды. Әр отбасының  20% -ында кірістің 80% жиналатын еді.

   Джозеф Журан бұл теорияны  әмбебап қағида  ретінде 1897 жылғы жарияланымында жазды. Және де  өз еңбегінде итальяндық экономист және әлеуметтанушы Вилфредо Парето анықтаған белгілі бір заңдылыққа сілтеме жасады. Парето Журан принципінің  идеясын 1951 жылы өзінің сапалық нұсқаулығының бірінші басылымында көрсеткен. 

Соңында, «Mea culpa» мақаласында Джуран бұл идеяны қалай ойлап тапқанын және Парето өзі қандай да бір қағиданы ұсынбағанмен, неге «Парето қағидаты» деген атпен пайда болғанын сипаттады. Шындығында В. Парето Лоренц қисық сызығымен графикалық сипатталған Италиядағы халықтың табысының бөлінуін нақты кумулятивтік тәуелділіктерін зерттеді. Өйткені  бұл тәуелділікті америкалық экономист Макс Отто Лоренц 1905 жылы ұсынған болатын.

 Парето принципі табиғаттағы себептер мен әсерлердің біркелкі таралуын көрсетеді. Кумулятивтік үлестірімнің біркелкі еместігі дәрежесінің тағы бір танымал көрсеткіші — 1912 жылы итальяндық экономист және әлеуметтанушы Корорадо Джини ұсынған Джини коэффициенті.

    Осы теорияны нақтылау үшін мысал келтіре өтсек.Перри Маршалл- Google AdWords-тің жоғары ақылы консультанты болып табылады.Ол Парето принципін қолдана отырып, соңғы 10 жыл ішінде керемет нәтижелерге қол жеткізді.  Ол 80/20 сату және маркетинг: аз жұмыс істеу арқылы көп нәтижеге жете алды.

   Осы ретте адамдар  көбінесе үш аспекті ғана ескеретіндігіне тоқталып өтсек.

1) Олардың пайымдауынша, бұл принцип тұтынушылар немесе сату сияқты бірнеше салаларға ғана қатысты. Шындығында, 80/20 сіз ұпай жинауға болатын барлық жерде жұмыс істейді.  Мысалы, өндірістік ақаулар, шағымдар мен ұрлықтар, жұмыс күнінің өнімділігі және т.б. Осы заттардың барлығында 80/20 пропорцияны анықтауға болады.

2) 80/20 — бұл шексіз қайталанатын модель екенін аз адамдар біледі. Егер сіз төменгі 80% мәнін ескермесеңіз, онда 80/20 қалған 20% ғана қолдана аласыз.

3) Бір топ адамдар айталық, 100 адам сізден өнім сатып алды. Олардың қаншасы 10 есе қымбат тұратын өнімді сатып алуға дайын екендігін айта алады?!

    Мұның бәрі сіз 80/20 қағидатын 80/20 ретінде қолдана алатындығыңызды білдіреді. Яғни, бір кішкентай маркетингтік сынақтан өтіп, оның нәтижелерін кең ауқымда экстраполяциялау. Оған қоса 80/20 сізге адамдар нені сатып алатынын және нені алмайтындығын көрсетпесе де, бұл олардың дұрыс өнім үшін қанша ақша төлеуге дайын болатындығын көрсете алады.Сондықтан 80/20 миллионды әртүрлі жағдайларға қолдануға болады.  Мысалы, маркетингтен нені бастауға болады?

   80/20 маркетинг келесі негіздерден басталуы керек: 20% адамдар X долларын жұмсайды. Олардың 20%-ы 4 есе көп ақша жұмсауға дайын. Олардың тағы 20%-ы 4 есе көп ақша жұмсауға дайын. Демек сізге пайда көзі келуде. 

   Егер де сіз уақытыңыздың 80% интернетте өткізіп, одан алатын ләззатыңыз 20% болса. Желіде не бітіріп жүргеніңізді ойлаңыз. Ең дұрыс әрекет етпес бұрын жоспар құрыңыз. Сонда компьютер алдында босқа отырмайсыз.

   Егер заттарыңыздың 80% тек 20%-ке пайдаланып жүрсеңіз, оларды қоқысқа тастаңыз немесе сатып жіберіңіз. Киіміңізбен де дәл осылай істеуге болады.Себебі олар сізге аса қажет емес.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ