«Тәуелсіздік — елімнің ерлік жолы» атты тарихи сыр-сұқбат кешінің сценарийі

0
2189

 

Мақсаты: Тәуелсіздік туралы ұғындыру, туған жерін елін құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту туған жерінің елінің болашағына үлес  қосып бостандық тәуелсіздік үшін бостандық еркіндік үшін өздерін құрбан еткен ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін насихаттау, жастар арасында өз ана тіліңді құрметтеу тарихи деректердің маңызын аша білуге дағдыландыру Отанын сүйуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің ……. жылдығына арналған «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!» атты тарихи  сыр сұхбатымызға   қош келдіңіздер!
Флеш галерея  
Жүргізуші: Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. «Қазақ  халқы  сан  ғасырлыр  бойы  өзінің  егемендігі  мен  тәуелсіздігі  үшін  күресіп  келді. Өзінің  ең  жақсы  қасиеттерінің  бірі – қатер төнген  сәтте  бірігіп, ұйымдаса  білуінің,  сондай-ақ басқа  халықтармен  бейбітшілік, келісім  мен тату  тіршілік  жағдайында  тұруға  деген  ынта-ықыласының  арқасында  ол  тарих  тасқынының  астында  қалып  қоймай, өзінің  мемлекеттігін  қалпына  келтіре  алды» —  деп  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  айтқандай, ата-бабамыздың ежелден  келе  жатқан  арманы – тәуелсіздікке халқымыздың  бостандыққа  деген  ұмтылысының  және  өшпес қайсар рухының  арқасында  қол  жеткіздік.
Жүргізуші: Кең  даладан, бос  даладан  не  пайда, Кең  далада  бостандығың  болмаса, — деп  Қадыр  ақынның  бостандықты  жырлауы  ата-бабамыздың  аңсаған  асыл  арманы – азаттыққа  үн  қосып, аға  ұрпақтың  жас  ұрпаққа  артқан  сенімі  еді. Сол  сенімді  бойында патриоттық сезімі  алаулаған, «елім», «жерім», «қазағым» деген бодандық  құрсауын  бұзуға  ұмтылған  қара  қазақтың қайсар  ұл-қыздары асқан  ерлікпен  ақтап, қарсы  келген  жауының  қаһарын  қайтарды. Осындай  өжет те батыл, ержүрек ұл-қыздарымыздың  арқасында қазақ  халқының  басына  күн  шуағын  шашқандай  бейбіт, жарқын  туды. Ол күн, әрине, 16 желтоқсан.

Иә, Желтоқсан десе сонау 1986 жылғы оқиғаны  еске алмай болмас.Желтоқсан оқиғасы мәңгілік тарих.Тәуелсіздік түптамыры желтоқсан оқиғасына байланысты екендігіне ешкім дауа айта алмас. Бейбіт шеруге шығып билік тарапынан ұлтшыл деп саналған жастарымыздың  бір бөлігі қандықырғында көз жұмса Аман қалғандары Егеменді еліміздің куәсі

болып өздері аңсаған азаттың қызығын көруде деп ойлаймыз.    16 желоқсан бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасырет мидай араласқан әрі жарқын әрі қаралы күн еді Бұл күн Қайрат, Қайыргелді, Сабира, Түгелбай, Ербол, Лаззат сынды жүздеген қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні. Ендеше Желтоқсанның ызғарындағы боздақтарымызға  рухын еске алып бір сәт үнсіздік жариялайық.

1 мин үнсіздік
Жүргізуші:     Сол бір Желтоқсан оқиғасының куәгерлері қонақ ретінде келіп отыр. Таныстырып кетейін, қаламыздың №9 мектептің тарих пәнінің мүғалімі Желтоқсан оқиғасының куәгері Үміт Сейтжанқызы, СЭС  қызметкері Алібай Қалыбекұлы Дакеев ағамыз және 7 мектеп гимназиясының мұғалімі Айгул Ажаровна келіп отыр. Хош келдіңіздер!
Жүргізуші: Үміт Сейтжанқызы тарихшы ретінде Желтоқсан оқиғасына қандай баға берер едіңіз? Сонымен бірге өзіңіз куә болған оқиғаға тоқталып өтсеңіз.
Жүргізуші:  Тәуелсіз мемлекет болуға шырылдап жанын қиған ағаларымыздың сол кездегі оқиғаларынан көріністі ұсынамыз.
Көрініс
Жүргізуші: 1986 жыл Камерада отырған Қайрат пол жуатын апайдан уйіне жазган хатын беріп жібереді. Апай апарып беріңізші өтінемін! сізге. Жарайды алам бол ешкім кормесін. Қалтасына тығып алады. Анасы хатты оқып отыр, егіле жылап.

«Құрметті! Анам, Әкешім, Қарындасым,  жылы жүзді жеңгейлер,  қара көз қарындастар, Қамқоршы  жәрдем  берер ағаларым,   елім үшін тар қапасқа  келіп түстім. Асыл анашым мына хат сендердің қолдарыңа жетер, жетпес, кім біледі? Сендерді жанымдай жақсы көретінімді айтқым келеді. Сіздің ақ сүтіңізді ақтай алмай кетем бе деп жүрегім қарс айырылып өкінемін. Әттең! Сенші маған анашым жаман еш нәрсе жасағаным жоқ. Кісі  өлтірді деп жатқандары жала! Менің айыбым ұлтымыздың намысын таптатқым келмегені. Алаңға шыққан әр бір қызды өз қарындастарымдай көрдім. Оларды мұзға сүйреп, шаштарынан жулып үстері не су шашып сүйрегенде Ағайлар көмектесіңіздер деген жан дауыстары журегімді елжіретпей қоймады.

Жан анашым уақыт өте бары озгерер. Егемендікке қол жеткізерміз. Бейбіт заман орнайтынына сенемін.  Қош бол, анашым. Қош бол, қарындасым, менің туған елім!»

Автомат үні

Музыка койылады. Арнау оқылады.
  Осы бір тебіреністен кейін келесі сөз кезегін СЭС келіп отырған 16 желтоқсан оқиғасының куәгері Алібай Қалыбекұлы Дакеев ағамызға жастарымыздың арасында сұрақтары бар.
Сұрақтар: 1. Алібай Қалыбекұлы, 1986 жылдың азаттық үшін бас көтерген жастар арасында Сіз де болдыңыз, сол уақытты еске түсірсеңіз.

2. Сізді  сол уақытта қандай жайт толғандырды?

3. 1991 жылдан бері жеке өміріңіз,  өз басыңызға қатысты ең маңызды өзгеріс деп нені айтар едіңіз

Ән
Сұрақ: Айгүл Ажаровна,  Облысымыздың түкпірінде шерулер болып жатты жастар арасында сіз де болдыңыз сол жайлы айтып берсеңіз.
Жүргізуші: Осы ісшарамызға «Кәусар» жастар ұйымының ең жас мүшесі Сайран Нұрсұлтан Тәуелсіздікке арнауын осында отырған апаларымыз бен ағамызға арнамақ.
Флеш-галерея
Жүргізуші: Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Дүниені дүр сілкіндіріп, Қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі  есте қалары сөзсіз.  Отан ұғымы – қандай кезде де, қандай қиындық пен қуанышта да, тіпті отаршылдықтың тар қапасында тұншығып жатқанда да, ел басына күн туған аласапыран шақтарда да және бүгінгідей тәуелсіздіктің бейбіт те шуақты күндерінде де — әрқашан да  бәрінен де биік тұрады.

Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз Қазақстанымыз туралы айтарымыз да мақтанарымыз да көп-ақ! Ендігі жеңіс те ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз – Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын, абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын, білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет. XXI ғасырда қазақтың қасіреті аз болғай, қуанышы көп болғай! Таяудағы жүз жылдық, әрідегі мың жылдықтарда қазақтың арманы мен мүддесін, елдігі мен еңбегін хақ тағала баянды еткей  1991 жыл –  еліміздің бейбіт, тату өмірге  деген  ең  алғаш  қадам  басқан  жылы. Сол  сәттен  бері, міне, азаттық  әні  әуелеп, тұғырымызда  тәуелсіздіктің  туы  желбірегеніне  24 жыл.

Тәуелсіздігімізді  жариялағаннан  бергі  аз  уақыт  ішінде елеулі  табыстарға  қол  жеткіздік. Қазіргі  таңда  Қазақстан  әлем  сахнасында  мақтанарлықтай беделге  ие. Егемен  Қазақстанды  бүгінде  бүкіл  әлем  танып  отыр. Аз  уақыттың  ішінде   еліміз  бізден  бұрын  тәуелсіздігін  алып, дамыған  елдермен  терезесі  теңеле  түсіп  келеді. Қазақ  елі  Тәуелсіздік  алғаннан бері  қуатты  мемлекет  ретінде  қалыптасып, әлемнің  дамыған, алдыңғы  қатарлы  еліне  айналу  жолында  биік  белестерді  бағындырып, өзінің  дамыған  ел  екендігін  дәлелдей  түсуде.  Осы  24 жыл  ішінде  экономикалық, әлеуметтік  маңызы  зор  жобаларды  қолға  алып, әлемдік  деңгейдегі  іс-шаралардың  өтуіне  ұйытқы  бола  білдік.

Ән
Жүргізуші: «Тәуелсіздіктің біздің  бәрімізге артар  сенімі  мол.  Енді  еңселі  ел  болудың  жолына  шындап  түсуіміз  керек.  Әлеуетіміздің  асуы  да, дәулетіміздің  тасуы  да  бүгінгі  жастарымыздың  қолында» — деп Елбасымыз айтқандай, бүгінде  жастарға  артар  сенім  мол. Сол  сенімді біз,  жастар, ақтауымыз  қажет. Себебі, Қазақстанның  болашағы – жастардың  қолында!
Ісшара қатысушылармен сұхбат. Сұрақ-жауап
Жүргізуші: Көрмедік біз Желтоксанның жанға батқан жарлығын.

Естімедік есілдердің ел деп айтқан    зарлы үнін

Білерім тек олар мәңгі тәуелсіздік жолында,

Тәуекел деп жүрегімен таңдап кеткен  тағдырын

Енді біздер солар жайлы жазып жүрміз жыр дастан.

Шүкір шүкір бақыттымыз көгімізде нұрлы  аспан.

Желтоқсанда жәбір көрген ағалардың арқасы.

Ұрпақ үшін ұланғайыр жұмбақ толы сырды ашқан.

Тарихтардың беттерінде сақталатын тұмарлы

Халқымыздың қахарманы дер едім мен бұларды.

Әттең қазақ тірісінде ардақтамай асылын.

Өлгеннен соң өксейтұғын жаман әдет шығарды.

1986 қайғы жатыр бұл санда

Ұмытпаймын пәк кеудемнен жұлсаң да.

Тірісінде ардақтайық арда туған ұлдарды.

Артық емес бұлар үшін қанша құрмет қылсаң да

Біздер екен болашақтың қыраны мен сұңқары

Біз екен атып жатқан нұр таңы

Біздер екен желтоқсанда жалындаған жастармен

Ұлы Отанда ұлтшыл деген ұлылардың ұрпағы.

Еліміздің жылдар санап атып жатыр қарқыны

Әнұраны, Елтаңбасы Желбіреген бар туы.

Тәуелсіздік бізге берген жаратқанның тартуы

ОЛ Қайраттардың қаныменен жуылған.

Тәуелсіздік Лаззаттардың арыменен буылған

Жылап тұрып Желтоқсанның боздақтарын еске алып.

Құлап тұрып Қазақстан сүйем сенің туыңнан»

Бүгінде бар әлемге даңқың  жетті

ТәуелсізҚазақстан – елім менің.

«Көк тудың желбірегені»  видеоролик
Жүргізуші: Ал енді сыр-сұхбат кешімізді аяқтай отырып, кешімізге келген қонақтарымызға алғыс айтамыз. Отбастарыңызға амандық тілейміз.

Сау  саламатта болыңыздар!

 

Ұқсас материалдар:

  1. Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі. Тәуелсіздік күніне сценарий
  2. «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты сценарий
  3. «Желтоқсанның мұзда жанған алауы». Тәуелсіздік күніне арналған сценарий
  4. Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы
  5. 16 желтоқсан: Тәуелсіздік күні құтты болсын!
  6. «Егемендік елдігім-Тәуелсіздік теңдігім!» атты тәрбие сағаты
  7. 16 ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ — ҚАЗАҚСТАН» ЕРТЕҢГІЛІГІ
  8. Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік
  9. Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзда жанған алауы (ашық тәрбие сағаты)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ