«Ұлы жеңіске тағзым — мәңгілік тағзым» кітап көрмесі

0
2253

 

  «Ұлы Жеңіске – мәңгілік тағзым» кітап көрмесі С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхана  қызметкерлері Қ.Н.Туғанбаева, Н.М.Сактаганова және  медицина колледжінің кітапханашысы  Г.Д.Жуматаевамен бірігіп өткізілді.

Ұлы Отан соғысы жайлы кітаптар таныстырылып, слайд көрсетіліп, колледж студенттерімен викториналық сұрақ-жауап  ұйымдастырылды.

Мақсаты: Ұлы Жеңістің маңызы туралы мағлұмат беру; Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құрметтеу; жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршын қиылған, жат жерде көз жұмған қандас, қарулас азаматтарды еске алу; жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге, тарихи тағылым беру; елжандылыққа, отан-сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, ізгілікке, мейірімділікке баулу.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, медицина колледжінің студенттері.

(Экраннан слайд көрсетіліп тұрады)

Жүргізуші: Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 70 жыл өтті. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. Әйтсе де, Баубек пен Бауыржан батырлығы, Әлия мен Мәншүк ерлігі, Қаныш пен Әлкей білімі, Мұхтар мен Ғабит, Ғабидендердің үні, Дінмұхаммедтің парасаты – бүгінгі ұрпаққа өнеге.

Олардың өнегелі өмірлерін жас ұрпаққа жан-жақты насихаттау, таныстыру кітапхана қызметкерлерінің міндеті. С Сейфуллин атындағы қалалық орталық кітапханада Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған мейрамға орай«Ұлы Жеңіске – мәңгілік тағзым»  — атты  ашық  суретті  кітап көрмесін ұйымдастырылды. Көрмеге қазақтың ер жүрек қыздары «Шығыстың қос жұлдызы» Әлия мен  Мәншүктің ерлігі жайлы жазылған кітаптар көрме төрінен орын алады..

Жастарға  осы Жеңіске қалай жеткеніміз туралы ақпарат беріп, аға-апалары жасаған ерлікті кейінгі ұрпақ біліп жүруі мақсатында, енді ешқашан соғыс болмасын деген ұранмен өткізіп отырмыз. Кітап көрмесінде 95-тен аса кітап көрсетіледі. Көрме бірнеше бөлімнен тұрады: «Олар отан үшін шайқасты», «Біздің майдангер жерлестеріміз», «Барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін» Көрмеде Ұлы Отан соғысына арналған әр түрлі кітаптар көрсетілген.

Кітап көрмесінде соғыс жылдары басылған кітаптар үлкен қызығушылық тудырды. Көрмеге Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың қосқан үлесі, олардың батырлық ерліктері туралы материалдар,  сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, қазақ батырларының каһармандықтарын баяндайтын кітаптар ұсынылды.

Жүргізуші: Халқымыздың елдік болмысы мен ерлік қасиеті сынға түскен қаһарлы сынақтың бірі — XX ғасырдың елімізге өлшеусіз қасірет әкелген фашизмге қарсы қасиетті соғыс болғаны мәлім. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс — тілі басқа — тілегі бір, жүзі басқа — жүрегі бір Кеңес ха- лықтарының қаһармандығы мен ерлігінің символы болды.

Соғыс жылдары майдан мен тылда кеңестік патриотизм шырқау шыңына жетіп, елді бір мақсатқа жұмылдырды. 1941 жылы кеңес үкі метінің халыққа арналған жолдауында ай- тылған: «Біздің ісіміз әділ. Жаудың тас талқаны шығады. Жеңіс — біздікі» — деген сөздері сол кездегі адамдардың Ұлы ұранына айналды. Соғыс… Біздің буын үшін бұл күн майдан- герлердің естеліктері мен әңгімелерінен, тарих беттеріндегі қатал да қасіретті оқиғалармен белгілі.

Осынау Ұлы ерлікке құрмет ретінде  кітапханада ұлттық патриотизмді нығай- туға бағытталған«Ұлы Жеңіске – мәңгілік тағзым»   атты кітап көрмесі ұйымдастыры- лып, тақырыптық кітап берілу қолға алынды. Осы көрмедегі кітаптар — елдік тарихын, ерлік дәстүрін қастерлеген, Отанын сүйетін әр азаматтың төрінен орын алса, ол қаһар- ман әкелер ерлігі мен рухына деген құрмет- тің көрінісі болар еді.

Ұсынылатын әдебиеттер: Қазақ жауынгері Ұлы Отан соғысы майданында: тарихи құжаттық зерттеу. — Ал- маты: Өнер, 2010. — 640 бет. Бұл кітапқа ҰО соғысы жайында соғыс ардагерлерінің есте- ліктері мен пайымдаулары берілген.

Қазақстандықтардың ҰО соғысының Жеңісіне қосқан жалпы үлесі жайында кішігірім өзекті зерттеулер мен тарихи-құжаттық материал- дар жинақталып, бес жылдық соғыс тарихы- ның ақтандақтарына және де соғыс жылдарындағы халықтың ауыр тұрмыс- тауқыметіне шынайы баға беріледі. Кітап Отан тарихына қызығушылық танытқандар мен жоғары оқу орындары студенттеріне оқу құралы ретінде ұсынылады.

Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. — Алматы: Өнер, 2010. -320 бет. Бұл энциклопедиялық жинаққа қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары- ның ерлікке толы өмірбаяндары енгізілген. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

Қазақтар Ленинград майданыңда/құраст.: Б.Жұмағалиев, — Астана: Елорда, 2005. -184 бет. ҰО соғысы тарихында ерекше орын ала- тын Ленинград шайқасының жеңіспен аяқталғанына 60 жыл толуына арналып шығарылған бұл кітапта Нева жағасындағы ұлы қала оқ пен оттың арасында 900 күн болғандығы жайында айтылады.

Нұршайықов, Ә. Әскери күнделік. / Ә. Нұршайықов. — Алматы: Өнер, 2010. -560 бет «Жеңіс» сериясы бойынша шыққан «Әскери күнделіктің» бірінші кітабында жа- зушы өзінің балалық шағын, алғашқы махаб- батын, әскерге алынғанға дейінгі жалынды жылдарын, Қызыл Армия қатарына алынып, майданға кірген алғашқы кезеңін күнделік етіп жазған Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев: естеліктері құраст.

О. Темірханов. -Алматы, 2005. — 216 бет. ҰО соғысы кезінде рейхстагқа бірінші болып Жеңіс жалауын тіккен ҚР-ның Халық қаһарманы Р. Қошқарбаевтың туғанына 80 жылдығына арнап, оның көзін көрген, майдандас болған достары мен елі- міздің айтулы зиялылары жазған естеліктері осы кітапта жинақталған. Сондай-ақ бұл кі- тапқа Жеңіс күнін жақындатуға аянбай атса- лысқан батыр Қажымұқан бабамыздың тарихи өмірінен үзінді арнайы енгізілген.

Момышұлы, Б. Қанмен жазылған кітап: көп томдық шығармалар жинағы. 15 том./Б. Мо- мышұлы. -Алматы: Өнер, 2010. -272 бет. Б. Мо- мышұлының әскери тақырыптағы лекцияларының стенограммасының жиын- тығы жеке кітап ретінде оқырманға ұсынылып отыр.

Ерлік-дастан: антологиялық жыр жинағы. / құраст.: А. Әлтаев, К. Ахметов, — Астана, 2010. — 520 бет. «Ерлік-дастан» деп аталған антоло- гиялық бұл жыр жинағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы құрметіне орай шығарылған. Жинақтың алғашқы бөлі- міне майдангер ақындардың өлең-жырлары топтастырылса, екінші бөлімге төрт жылға со- зылған қанды қырғындағы ел мен ер қаһар- мандығын жырына арқау еткен басқа да көптеген ақындардың туындылары енгізілген.

Мұратбеков, С. Жабайы алма: повесть. / С. Мұратбеков. — Алматы: Атамұра, 2002. — 400 бет. Қазақ прозасының хас шеберлерінің бірі Сайын Мұратбековтың «Жабайы алма» атты шығармасы — кезінде қолдан қолға тимей оқылатын дүние еді… Міне, араға жыл- дар салып сол шығармасы бүгінгі жаңа буын және баяғы сақа буын оқырмандарымен қайта жүздесіп отыр. Бұл шығарма бүгінгі кезең шындығымен астарласып жатқанымен құнды.

Қаһарман Бауыржан Момышұлы: фото- альбом. -Алматы: Өнер, 2008. — 192 бет. Халық перзентінің 100 жылдық мерейтойына орай шығарылып отырған бұл фотоальбомда хас Батырдың тұлғасына көне дүние көмей- іне келіп қонған қаһармандық мінез бен оның жайнаған жастық шағы, соғыс алапаты, қан майдан мен Жеңіс туын қолға ұстаған тарихи кезеңдері, соғыстан соңғы өмірі мен Б. Мо- мышұлы дүниеден өткеннен соң оралған Қазақстанның Тәуелсіздік рухы архивтік фо- тосуреттер, деректер мен фотоқұжаттар арқылы қамтылды. Аталмыш кітаптар және т. б. жас ұрпаққа отаншылдық тәрбие беріп, оларды ата дәстүрін қастерлеуге баулуда оқырман көңілі- нен лайықты орын алар деп сенеміз.

Тақырыптық кітап берілу   жалғасады. Соңында, оқылынған кі- таптар жайында сауалнама өткізіледі. Ұлы Отан соғысы тарихына қызығушылық танытқан оқырмандарға есігіміз айқара ашық.

  Осынау Ұлы ерлікке құрмет ретінде  кітапханада ұлттық патриотизмді нығай- туға бағытталған«Ұлы Жеңіске – мәңгілік тағзым»   атты кітап көрмесі , тақырыптық кітап берілу қолға алынды. Осы көрмедегі кітаптар — елдік тарихын, ерлік дәстүрін қастерлеген, Отанын сүйетін әр азаматтың төрінен орын алса, ол қаһар ман әкелер ерлігі мен рухына деген құрметтің көрінісі болар еді.

 

Басқа материалдар:

  1. 9-мамыр жеңіс күніне арналған сценарий
  2. Ұлы Жеңіс жасасын! (балабақша ертеңгілігі)
  3. «Жеңіскерлер- ер елдің өрендері» атты салтанатты жиыны
  4. Жеңіс күніне арналған мерекелік сценарий

ПІКІР ҚАЛДЫРУ