Ұлы Жеңіс жасасын! (балабақша ертеңгілігі)

0
6901
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: Ұлы Жеңіс жасасын!

Мақсаты: балаларға Ұлы Отан соғысы туралы түсінік беру,осы соғыста ерлік көрсеткен батырлардың ерліктерін,жыл сайын Жеңіс күнінің мерейлі мерекесін бүкіл халық тойлап отыратынын айтып,қазақ батырлары туралы түсініктерін кеңейту.Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Жүргізуші:Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен құралы,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Құрметті қонақтар,әріптестер,бүлдіршіндер осы кешіміздің сәні №10 «Балдәурен»ортаңғы тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық.Бәріміз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні құтты болсын!

Ендеше бүгінгі «Ұлы жеңіс-жасасын!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!Міне,енді отанымыздағы өшпес «Мәңгі алауға»қарап,осы сұрапыл соғыста ерлік көрсетіп қаза тапқан батыр ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп бір минут үнсіздік пен еске аламыз.

Көрініс(атаның соғыстан оралу сәті)

Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар,ендеше осы сұрапыл соғыс туралы мағлумат берейін.Соғыс 1941 жылы 22 маусымында фашистік Германия елімізге соғыс ашты.Сол кездегі кеңестік елдің бірлігі,достығының арқасында 1945 жылы 9 мамырда сұрапыл соғыс Ұлы Жеңіспен аяқталды.Сұрапыл соғыста көптеген жауынгерлеріміз жанқиярлық ерлік көрсетті.Солардың ішінде Қасым Қайсенов,Талғат Бигелдинев,Әлия Молдағулова,Мәншүк Маметова,Бауыржан Момышұлы,Рақымжан Қошқарбаев сияқты аты аңызға айналған аталарымыз бен апаларымыздың жасаған ерліктеріне құрметпен бас иеміз.

Жасасын Жеңіс!

Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып,болашағына жүре бер!

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс!

Болмасын-дей келе кезекті балаларымыздың жеңіс мерекесіне арналған тақпақтарына береміз.

Арай:Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді қалама.

Жеңіс келді әке боп,

Елдегі бар балаға.

Нұрғиса:Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылға сән көрік.

Жеңіс келді алақай,

Тоя жейтін нан болып.

Айару:Бейбітшілік нұрына ,

Дүние жүзі сенеді.

Соғыс өртін өшіріп,

Бейбітшілік жеңеді.

Хамза:Бәрі де майдан үшін,

Бәрі де жеңіс үшін.

Біздер үшін жан қиған,

Бас иеміз жандарға.

Ақбөбек:Жеңіс күнін қарсы алайық бәріміз,

Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.

Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған,

Ардагерлер ағаларға мың алғыс.

Ән: «Жеңіс туы желбіреп»

Жүргізуші:Отаным еркелеймін өзге кімге,

Өзіңмен нені болса көрем бірге.

Қалайша қабырғама батпас менің,

Басыма қатер бұлт төнген кезде-демекші кезекті Отан туралы тақпақтарға береміз.

Кәусар:Алтын ұяң -Отан қымбат,

Құт берекең -атаң қымбат.

Туып -өскен елің қымбат,

Кіндік кескен жерің қымбат.

Мариям:Отан-сенің ата-анаң

Отан-сенің бауырың

Отан-өлкең астанаң

Отан- аудан,ауылың.

Нұрислам:Отан деген немене?

Отан деген ұлы сөз

Отан-тарих,Отан –тіл

Оны ардақтап сүйе біл.

Айдана:Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң, Ұлы Отан

Елім менің тірегім

Құшағыңда гүл атам

Би: «Сарбаздар»

Жүргізуші:Біздің халқымыздың батыр қыздары Әлия Молдағулова мен Мәншүк Маметованың есімдерін мақтанышпен айтады.

Абылай:Қызғалдақтай қырмызы

Ерте салдау гүл қызы

Әлиям мен Мәншүгім

Шығыстың қос жұлдызы

Гауһар:Пулеметты сөйлетті,

Қорғады алтын бесігін

Ұмытпаймыз өрлетіп

Мәншүк апа есімін.

Нұрай: Әлия орыс қаласын

Азат етіп болды мәрт

Ол жеңісті көрген жоқ

Келді кейін азат күн

Малика:Жаралғандай жалыннан

Жайсаң батыр Бауыржан

Естігенде есімін

Жау есінен жаңылған.

Би: «Катюша»

Жүргізуші:Барша халық Жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтарының амандығын ойлайды-дей келе кезекті тақпақтарға береміз.

Жасұлан:Ерлігіне бар адам,

Таңдай қағар тамсана.

Омырауға қадалған ,

Ордендері қаншама.

Айзере: Айтқан сайын жақсы аға

Әңгімеге тоймаймыз.

Біздер бүгін бақшада,

Жеңіс күнін тойлаймыз.

Айша:Жаралғандай жалыннан

Жайсаң батыр Бауыржан

Естігенде есімін

Жау есінен жаңылған.

Жүргізуші:Балалар біздің шекараны кімдер қорғайды?

Балалар:Солдаттар.

Жүргізуші:Шекарада солдат тұр,

Ел бақытын қорғап тұр –дей келе кезекті әнге береміз.

Ән: «Солдат болам мен ертең»

Жүргізуші:Өнегесін үйреніп,

Жеткіншек боп өсеміз.

Алдарыңа бас иіп,

Би де билеп береміз.

Би: «Солдат биі»

Ән: «Ақ көгершін» (Ақбөбек,Арай Гауһар)

Жүргізуші:Елге қауіп тонбесін,

Халқым өсіп-өрлесін.

Аман-есен болайық,

Енді соғыс келмесін.

Құрметті қонақтар,әріптестер және балалар!Бүгінгі «Ұлы жеңіс-жасасын» атты ертеңгілігімізде аяқталды.Бізге жарқын өмір сыйлағандарыңызға көп рахмет,ерліктеріңізді мәңгі ұмытпаймыз,ардақты ардагерлер!

Ақ көгершін

Ақ көгершін,көгершін,

Қолқанат құс сен едің.

Бар кезіп қайт ел үшін,

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан.

Бақыт болып қоншы деп,

Ұшырамын қолымнан.

Ел тілегін алып ұш

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш,

Мұхиттың арғы жағына.

Сенен көзін алмайды

Ақ ниетті бар адам.

Ақ қанатың талмайды

Әділеттен жаралған.

Тыныш-бейбіт өмірдің

Белгісі боп қанат қақ.

Әлемге ортақ көңілдің

Қайт шыңына қонақтап.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ